Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет123/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

4.4 Сөз бедері 
Осы кезге дейінгі сөз желісі тек «дұрыстық» жөнінде болса, ендігі 
жерде қысқаша сөз бедері туралы да пікір түю аса қажет. Сөз мәдениеті деген 
терминдік ұғым тек сөз дұрыстығымен шектеліп қоймайды, яғни сөзді дұрыс 
айтсақ, жазсақ, мәдениеттің биігіне көтеріліп, шыңына шықтық деуге 


болмайды. Өйткені сөз мәдениеті «дұрыстық» қана емес, сөзді б е д е р л і
ж ұ м с а у деген ұғымды да қамтиды. Сөзді дұрыс жұмсағанымызбен, 
нақыш-бедерін дәл тауып, ақтан тигізіп айта алмасақ, діттеген межеден 
көріндік деуге болмайды. Өйткені БАҚ әр түрлі хабарды «құрғақ» ақпарат 
түрінде беріп қоймайды. Радио, -телешешеннің тыңдарман мен 
көрермендерге ықпал етіп, олардың қоғамдық пікір туралы белсенділігін де 
көтеруге тырысады.
Микрофон ұстаған, я болмаса жұртшылық алдына шығып, мінбеге 
көтерілген адам сөйлемес бұрын алдымен тілдік қарым-қатынастың түрін, 
мақсатын айқындап алуға тиіс. 
• Тілдік қатынас ресми ме, бейресми ме? 
• Сөздің адресаты кім? Жеке адам ба, көпшілік пе? 
Аудиторияның әлеуметтік құрамы, білім, мәдени деңгейі қандай? 
Бірыңғай ма, әлде әр алуан ба? 
• Тілдік қатынас біржақты ма, әлде екіжақты ма? 
• Тілдік қатынастың мақсаты не? Жай ғана хабарлау ма, ықпал ету 
ме? 
Міне, осы айтылған тілдік емес жайттарға көңіл бөлінсе, мыңдаған 
сөздің, ондаған тілдік амал-тәсілдің ішінен қарым-қатынастың мақсатына, 
жағдаятына, түріне сай келетін ең лайықтысын талғап ала білудің мүмкіндігі 
арта түседі. Коммуниканттың діттеген мақсаты айқын болуға тиіс. Атап 
айтқанда, адресаттың сезіміне әсер ету, ой-пікіріне түрткі болу, белгілі бір 
әрекетке жұмылдыру, ой салу; өтіну, талап ету, иландыру тәрізді жайттар 
тілдік құралдардың мақсатқа сай болуын талап етеді. Осы мақсаттың 
үдесінен шыға білу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет