Графика. Орфография. Орфоэпия


Сөйлеу техникасы мен эфирдегі дыбысталған сөздің



Pdf көрінісі
бет156/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ
222, 1CF6083B-4E44-4FC3-A38C-667181A26B43, Инклюзия СТ БЕ 3, Инклюзия СТ БЕ 2
4.6
Сөйлеу техникасы мен эфирдегі дыбысталған сөздің 
интонациясы
Тіл – шынайы өмірде екі түрлі формада: ауызша және жазбаша түрде 
қолданылатын қатынас құралы. Тілдің бұл екі түрінің пайда болып, дамуына 
адам баласы әрекетінің түрлі мақсаттары себеп болды. Күнделікті әрекет 
үстіндегі көзбе-көз тілдесуді жүзеге асыратын ауызша тіл адамның о бастағы 
қатынас құралы болды. Кейіннен жинақтаған өмірлік тәжірибесі мен 
білімдерін ұрпақтан-ұрпаққа сақталып жетуін, сондай-ақ алыстағы қоғам 
иелерімен тілдесуді көздеген адам баласы жазба тілді қажет етті. Сөйтіп 
ауызша тілден кейін пайда болған жазбаша тіл ең алдымен тарихи қызмет 
атқарды, бірте-бірте оның қызмет аясына адамдар мен мемлекеттер 
арасындағы ресми қатынасты қамтамасыз ету де кірді. 
Жоғарыда көрсетілген мақсатына қарай ауызша тілдің өзіндік 
ерекшеліктері болатыны белгілі. Ең алдымен ауызша тілдің құралдары 
тыңдарманға бағытталып құрылады, яғни қарым-қатынастағы серігіне
сөйлеушінің әсер етуі есту қабілеті арқылы жүзеге асады. Демек қандай да 
бір коммуникативтік мақсатпен айтылған сөз тыңдарманға, біріншіден, 
дұрыс естілуі шарт, екіншіден, ондағы мақсат айқын көрініп, соған сәйкес 
таңдалған тілдік лексика-грамматикалық құралдар (сөз, сөз тіркестері, 


жалғаулықтар мен шылаулар) интонациялық жағынан дұрыс ұйымдасуы 
(әуен, қарқын, дауыс күші, әуез, пауза) керек. 
Тілдің ауызша түрін әсер етуші, ақпарат жеткізуші ретінде 
пайдаланатын кәсіп иелерінің бірі – радио, теледидар саласының 
қызметкерлері – дикторлар мен журналистер, теле-, -радио арналары мен 
бағдарламаларының жүргізушілері. Аталған мамандық иелері өздерінің 
күнделікті еңбек құралы – ауызша сөзді жіті меңгергенде ғана кәсіби 
қызметін жақсы атқара алады. Бұлай дейтініміз, теледидар және радио 
журналистері 
мен 
дикторларының 
жұртшылықпен 
қарым-қатынас 
жасауындағы бірден бір мақсаты – ақпарат жеткізу ғана емес, сондай-ақ 
жұртшылықтың эмоциясына, еркіне, санасына әсер ету. Сонымен бірге 
«диктор-тыңдарман» 
үлгісіндегі 
қарым-қатынаста 
диктордың өз 
тыңдарманы – бүкіл бір тілді қауым екенін есте ұстағаны жөн. Демек ол 
микрофон, бейнекамера алдында сөйлегенде тіл иелерінің қауымына бірдей 
түсінікті тілдік фактілер мен құбылыстарды құрал етіп алуды ойлап отырады. 
Онсыз ақпараттың көпшілікке түсінікті болуын қамтамасыз ету мүмкін емес. 
Көруге, сезінуге тағы да басқа сезім мүшелерін тітіркендіру арқылы 
ақпарат беруге негізделген құралдар мүлде жоқ немесе қызметі көмескі 
болғанда, ауызша сөз сол құралдардың барлық қызметін өзіне жүктейді. Сол 
себепті белгілі бір әлеуметтік жүк арқалаған түрлі мақсаттағы радио, 
теледидар және тағы да басқа ақпарат жеткізуші көздерден естілетін ауызша 
сөзге құбылғыштық, әсерлілік, сан алуан сарынға түрленгіштік қасиеттер тән 
болу керек. Сонда ғана радио, теледидар шешенінің сөзі айқышты, 
нақышына салынған, жұртшылыққа түсінікті бола алады. Бұл үшін осы 
саладағы кез келген маман ең алдымен сөйлеу техникасын меңгереді. 
Сөйлеу техникасы дыбысталған сөздің саналы шығуына, яғни қағаз бетіне 
түсірілген, ойда жинақталып түйілген мәтіннің сыртқа дыбысталып 
шыққанда құлаққа жағымды әрі түсінуге жеңіл болуына үйретеді. 
Сөз ағымы дұрыс дыбысталып қана қоймай бөліктерге дұрыс бөлініп, 
олар өзара дұрыс ұйымдасу керек. Онсыз сөз ағымындағы мағыналық 
қатынаста тұрған сөз топтарын ажырату, олардың қатынасы арқылы 
берілетін ой желісін түсіну мүмкін емес. Мұның сөз ағымын мүшелеудің 
тілдік заңдылықтарын жете меңгерген, болмаса тілдік сезімі жоғары тіл иесі 
автоматты дағдыға айналдырып, сауатты пайдаланады. 
«Диктор-тыңдарман» үлгісіндегі бір жақты тілдік қарым-қатынастағы 
коммуникативтік қызметтің барлығын интонация атқарады деуге болады. 
Себебі мұндай қатынаста әсіресе радио саласындағы диктор тыңдарманның 
көңіл-күйіне, ерік-жігеріне, түйсік-санасына тек қана сөз арқылы әсер етеді. 
Осындағы сөз арқылы берілген интеллектуалдық, эмоциялық, волюнтативтік 
және тағы да басқа барлық ақпараттың нәзік қатынастарын білдіретін тілдік 
құрал – интонация. 
Жоғарыда көрсетілген сөйлеу техникасы, сөз ағымын мүшелеу мен 
интонацияға қатысты білім, біліктілік, дағдыны қалыптастыру үшін
тілтанымдық сауаттылық, тілдік мәдениет жоғары болу керек. Сондықтан 


сауатты әрі шебер сөйлеу үшін ауызша сөздің тілтанымдық негіздерін жан-
жақты меңгерген жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет