Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет158/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ
222, 1CF6083B-4E44-4FC3-A38C-667181A26B43, Инклюзия СТ БЕ 3, Инклюзия СТ БЕ 2
Дыбыстау
(дикция). Дұрыс дыбыстау дегеніміз әрбір дауысты және 
дауыссыз дыбыстарды таза әрі анық естілетіндей нық айту. Дыбыстау 
мынадай жағдайларда бұзылады: 1) дауысты не дауыссыз дыбыстарды анық 
айтпағанда; 2) тілде қандай да ақаулар болғанда (сақаулық және т.б.); 3) тым 
бос, баяу сөйлегенде; 4) немесе керісінше тым жылдам, асығыс сөйлегенде; 
5) сөздердің басын не соның жұтып қойғанда және т.б. 
Дұрыс дыбыстауды қалыптастыру үшін сөйлеу аппаратын үнемі 
жаттықтырып, кез келген дыбысты айта алатындай сөйлеу мүшелерінің 
икемділігін арттырып отыру керек. Мұндай жаттықтырудың нәтижесінде 
ауыз қуысының бұлшық еттерінің қозғалғыштық қасиеті артып, сөйлеушінің 
ырқына бейім тұрып, кез келген дыбысты еш бір қиындықсыз, артық күшсіз 
айтуға икемделеді. Бұлай жаттыққан адамның сөзінде тек қана дауыстылар 
мен дауыссыздардың айтылуы анық, таза болып қоймайды, сонымен бірге 
тұтас фразалары да құлаққа табиғи түрде айқын естілетін болады. 
Жаттығуларды орындау барысында әрбір буынды, сөздерді айқаймен айтып 
немесе «декламациялаудың» қажеті жоқ, сөздер еркін табиғи түрде өздері 
көрсетіп тұрған мағынада бейтарап күйде, бірақ анық әрі нық айтылу керек. 
Сонымен бірге сөзді «әндетіп» буындардың барлығын бір сарынды созып 
айтудың да басы артық. 
1-тапсырма.
Қазақ тіліндегі 9 дауысты дыбысты 19 дауыссыздың 
барлығымен мына үлгі бойынша тіркестіріп дауыстыны созбай, санамалау 
интонациясымен айтып шығыңыз. 
А, Ә, О, Ө, Ы, І, Ұ, Ү, Е; 
Б, Г, Ғ, Д, Ж, З, Й, К, Қ, Л, М, Н, Ң, П, Р, С, Т, У, Ш 
үлгі: БА, БӘ, БО, БӨ, БЫ, БІ, БҰ, БҮ, БЕ 
2-тапсырма.
Төменде берілген жаңылтпаштарды тез әрі анық айтуға 
жаттығыңыз. Ол үшін алдымен жаңылтпашты баяу қарқынмен, әрбір 
сөзіндегі дыбыстарын анық айтып шығуға дағдылану керек. Дағдыланып 
алғаннан кейін жылдамдықты үдетсеңіз де жаңылыспайтын боласыз

Жаңылтпаштар: 
1) Асат атам ас асатар, 


Асасатса, аз асатар. 
2) Лайдың лайына ластанба. 
3) Ор, Ораз! 
Ораз, ор! 
Оз, Ораз! 
Ораз, оз! 
Ора, Ораз! 
Ораз, Ора! 
Ораз озар. 
Ораз орар. 
Аз озар. 
Аз орар. 
4) Тары-азық, қазы-азық, 
Нан азыққа қазық. 
5) Қарт, асқа қараңыз! 
Қарақас, қонаққа қазан ас! 
Қазан қара қоста, 
Қарақас қонаққа қазан асқан. 
Қонақта қосар ат. 
Аттар отта. 
Қонақ қоста тоқ. 
Аттар отта тоқ. 
Тыныстау.
Тыныстау әдетте автоматты, бейсана түрде жүзеге асады. 
Ал қандайда бір дыбыстау (сөйлеу, ән айту) кезінде ол саналы түрде 
орындалады. Осындай саналы түрде жүзеге асатын тыныстау адам 
баласының сөйлеуі үшін аса маңызды фактор, себебі мұндай тыныстау 
дыбыстардың жасалуының негізгі энергия көзі болып табылады. Адамның 
үнсіз тұрған кезіндегі тыныстау ырғағы мен сөйлеп тұрған кезіндегі 
тыныстау ырғағы арасында біршама айырмашылық бар. Алғашқы жағдайда 
адам бірден демін ішке тартып, оны шығарады, сонан кейін пауза жасалады. 
Ал сөйлеу кезінде демді ішке тарту жылдам, сыртқа шығару баяу өтеді. Осы 
ерекшелігіне байланысты сөйлеу кезіндегі тыныстауды фонациялық 
тыныстау деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет