Графика. Орфография. Орфоэпия


Тш, тж дыбыс реңкін орыс тіліндегі  ч



Pdf көрінісі
бет155/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ
222, 1CF6083B-4E44-4FC3-A38C-667181A26B43, Инклюзия СТ БЕ 3, Инклюзия СТ БЕ 2
Тш, тж
дыбыс реңкін орыс тіліндегі 
ч
дыбысымен шатастыруға мүлде болмайды. Оның үстіне 
тш
дыбысына 
қарағанда, 
тж
реңкі сәл жуысыңқы айтылатынын білген жөн. Әйтпесе сөз 
мағынасы өзгеріп немесе түсініксіз болып қалады. 
Бұл айтылу нормасы тек, жоғарыда айтқандай, тек 
ш
мен 
ж
-ның 
т
дыбысымен іргелес жағдайында ғана болады. Ал жергілікті ерекшелікке 
жататын 
ш→ч
-ға, 
ж→дж
-ға айналдырып айту орфоэпия нормасына 
жатпайды: 
шық (чық емес), малшы (малчы емес), шатақ (чатақ емес). 
 


21-тапсырма. Төмендегі сөздерді айтылу нормасына сай дыбыстап, 
жаттығыңыздар: 
 
 
патша – патша 
тоятшыл – тойатшыл 
қант-шай – қант-шәй 
сатшы – сатшы 
кетші – кетші 
пәтшағар – пәтшәғар 
саясатшы – сайасатшы 
саяхатшы – сайахатшы (40 бет) 
Өлең жолдарында етістіктің 
-ды, -ді
қосымшасы ұйқас үшін 
ықшамдалып қолданылады. Ондайда сөз соңындағы ұяң дыбыс қатаңданып, 
т
түрінде дыбысталады. Мысалы: 
барып келеді – барып келет, шының ба 
еді – шыныңбʼет, сүйгенім бе еді – сүйгөнүмбʼет. 
Сонымен, қазақ тілінің ауызша сөйлеу жүйесінде негізгі-негізгі деген 
осындай айтылу заңдылықтары бар. Бұл сөйлеу саздары, әсіресе, тыңдарман 
кеңістігі кең теле, -радио, театр шығармашылығы тілінде қатаң сақталып 
отыруы қажет. Олай етпесе, берілген ақпарат, айтылар ой тыңдаушы 
санасына дәл жетпейді. Дұрыс сөйлемеу берілген мәтін мазмұнын игеруді 
баяулатады. Ақпарат мазмұнын қабылдау үшін алдымен сөздің дыбыстық 
«жамылышын»тыңдаушы санасындағы дыбыс қоры «тануы» керек, өз дыбыс 
қорымен үйлестіруі қажет. Сонда ғана коммуникация тез, жылдам әрі сапалы 
жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет