Графика. Орфография. Орфоэпия


Д а у ы с д и а п а з о н ы



Pdf көрінісі
бет161/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

Д а у ы с д и а п а з о н ы
қарапайым түсінік бойынша әуеннің 
кеңдігін білдіреді. Диапазон неғұрлым кең болса және бұл қасиет сөйлеу 
барысында толық сақталып тұрса, соғұрлым ауызша сөздің құлаққа естілуі 
әуенді, жағымды болады. Әдетте қарапайым сөз бен әндетіп айтылған сөздің 
диапазондары әр түрлі, әндетіп айтылған сөздің диапазоны кеңірек болады. 
Дауыс диапазоны дұрыс жолға қойылған диктордың сөзі ән сияқты естіліп, 
тыңдарманды жалықтырмайды. 
Дауыс диапазонын дамытудың түрлі жаттығулары бар. Олардың 
ішіндегі қарапайым түрі алдымен бір октаваға көтеріліп, сонан соң бір 
октаваға төмендеп айтылатын әр түрлі буындарды әндетіп айту. 
1-тапсырма.
Ауаны ішке алып, берілген буындарды бір сарынмен 
әндетіп, екінші рет қайталағанда, дауысты сәл (жарты тонға) 
жоғарылатып айтып шыққан дұрыс. Осылай әр бір қайталағанда жарты 
тонға дауысты жоғарылата отырып, 6 рет жаттығыңыз. 
МІМ, МӘМ, МҮМ, МӨМ 
МІМ, МЕМ, МӘМ, МҮМ, МӨМ 
МІМ, МЕМ, МӘМ, МҮМ, МӨМ, МЫМ, МҰМ, МОМ, МАМ 
2-тапсырма.
Өзіңізге ұнаған 2 шумақ өлең жолдарының әрбір 
тармағында дауыс диапазонын жарты тонға жоғарылатып, сонан соң 
жарты тонға бәсеңдетіп айтып шығыңыз. 
Жоғарыдағы 
диапазонға 
қатысты 
тапсырмаларды 
әннің 
инонациясымен де, сөйлеудің интонациясымен де орындаған дұрыс. 
Орындау барысында дауыс қаттылығы мен әуезді (тембр) барлық буындарда 
біркелкі сақтап, сөйлеу кезіндегі дауыстың үш регистрін анықтай білу керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет