Графика. Орфография. Орфоэпия


Әдеби тілдің грамматикалық нормасы



Pdf көрінісі
бет121/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

Әдеби тілдің грамматикалық нормасы.
Морфологиялық тілдік 
нормалар тілдік жүйемен, тілдік дағдымен байланысты қарастырылады. 
Мысалы, тілдік жүйе бойынша тәуелдік жалғаудың үшінші жағы 
дауыссыздарға аяқталған сөздерге 
–ы,

түрінде жалғанады: 
ат-ы, ағаш-ы, 
жер-і,
ал дауыстыларға аяқталған сөздерге –сы, –сі нұсқасында жалғанады: 
бала-сы, ата-сы
т.б. Осы жүйе – тілдік норма. Яғни тілдік норма осы жүйеге 
табан тірейді. Олай болса
үшеуі, біреуі, екеуі
дегендердің норма екендігі 
даусыз. Алайда кейбір адамдар телекамера алдына шыққанда, микрофон 
ұстағанда 
біреусі, екеусі, үшеусі
деп, нормадан қиыс кетіп жатады. 
Сондықтан мұндайлардың парқын ажыратпай, елеп-екшемей қолдана беру 
сөз мәдениетін төмендетеді.
Сөзге жалғанатын жалғауларды дұрыс қолданудың сөз мәдениеті үшін 
мәні айрықша. Мысалы, 
келгелі бері, айтқалы бері, келгеннен бері, 
айтқаннан бері 
дегендердің қайсысы дұрыс екенін ажырата алмай, дағдарып 
қалатындар да бар. Бұл жерде заңдастырылған норма бойынша 
айтқаннан 
бері, келгеннен бері, естігеннен бері
деген нұсқаға жіп таққан орынды. 
Өзінің тиісті қызметін дұрыс атқару үшін тілдің өзіне тән икемді 
тәсілдері болады. Мұндай тәсілдердің бірін көптік қосымшасының 
қолданылуынан айқын байқаймыз. Мысалы, балалар, кітаптар дегендегі 
көптік жалғауы – заттың, нәрсенің бірнешеу екенінің көрсеткіші. Алайда 
заттың, нәрсенің бірнеше екені санмен, мөлшермен көрсетілген кезде 
-лар, -
лер
-ді түсіріп айту тілдік норма болып табылады: 
мыңдаған бала (балалар 
емес), жүздеген студент (студенттер емес), қора-қора қой (қора-қора 
қойлар емес), он бес кітап (кітаптар емес), бес-он үй (бес-он үйлер емес)
т.б. 
Сондай-ақ 
–лар, -лер 
қосымшасы 
қуаныш, кездесу, бақыт, хабар, 
ғалам, әдебиет
т.б. тәрізді ұғымды білдіретін бейдерек сөздердің бәріне 
бірдей жаппай жалғана бермейді.


Осындай ерекшелікті ескермегендіктен болар, кейінгі жылдары БАҚ 
тілінде 
-лар,-лер
қосып айту «кеселге» айналып барады. Мұндай жағымсыз 
құбылыс – тек нормаға ғана емес, тілдің үнемді, икемді, сындарлы қасиетіне 
нұқсан тигізетін кеселдің бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет