ақтаңдақ
айда: нәсіп айдаса
аңда
аңды
дуадақ
көңлі
маңдай
мәнді
мұңдас
мұңлы
оңды
өңді
пандық
сандық
сіңлі
таңдай
таңда
теңдік
теңде
теңдеу
түндік
тыңда
шыңда
шыңды
ақтаңлақ
айла: нәсіп айласа
аңла
аңлы
дуалақ
көңлі
маңлай
меңлі
мұңлас
мұңлы
оңлы
өңлі
еңлі
паңлық
саңлақ
сіңлі
таңлай
таңла
теңлік
теңле
теңлеу
түңлік
тыңла
шыңла
шаңлы
ақшалай
барлы-жоқты
бірлі-жарым
екіншілей
ескілей
жылылай
жаңалай
кәрлен
қаралай
немқұрайлы
өлілей
пісілей
тірілей
ұшты-күйлі
шикілей
ыссылай
ақшалай
барды-жоқты
бірді-жарым
екіншідей
ескідей
жылыдай
жаңадай
кәрден
қарадай
немқұрайды
өлідей
пісідей
тірідей
ұшты-күйді
шикідей
ыссыдай
Жалпы халықтық тілдегі осы екі түрлі жүйенің қайсысы әдеби тілдің
нормасына лайық? Басқаша айтқанда, қай жүйе тіл дамуының объективті
заңдылығына бейнелейді? Л және д вариант түріндегі екі түрлі жүйенің
әдеби нормаға лайықтысын талғап алуда қандай негізге сүйенеміз? Олардың
қайсысы әдеби тіл нормасына лайық деп танылуы керек? Нормалаушы
сөздіктерде ) ондай сөздіктің бірі қазақ тілінің
орфографиялық сөздіктегі
(негізінен «а» тобындағы сөздердің «д» варианты берілген (саңлақ – саңдақ
тәрізді бірер сөзді еске алмағанда). Қазақ диалектологтерінің зерттеулерінде
осы топтағы «л» вариант (маңлай, таңлай т.б.) әдеби тілге, өзге диалектілерге
қарама-қарсы қойылып, оңтүстік-шығыс диалектизм болғандықтан, әдеби
тілдің нормасына жатпайды деуге болмайды [41, 141б.]. Егер тілдің даму
тенденциясына лайық болса, кез келген жүйе, диалектизм екендігіне
қарамастан, әдеби тіл нормасына айналуы ықтимал.
Ал «ә» тобындағы сөздер – «а» тобындағы сөздерге кереғар.
Нормалаушы сөздіктерде «д»
вариантқа қарағанда, «л» вариант
сөздердің саны басымдау (жылылай, ақшалай, екіншілей т.б.). «Ә»
тобындағы «д» вариант сөздердің (ақшадай, барды-жоқты, бірді-жарым т.б.)
таралу шегі «а» тобындағы «л» вариант (маңлай, таңлай, түңлік т.б.)
сөздердей айқындала қоймаған. Бұл топтағы
л/д
алмасуы, бәлкім, жалпы
халықтық тілдегі құбылыс болуы мүмкін.
«Ә» тобындағы сөздер орфографиялық сөздікте (1978) әркелкі
берілген. Сөздіктен «д» вариантты да, «л» вариантты да ұшыратамыз:
жылылай, шикілей, тірілей, қарадай, кірден (кәрлен емес), тірідей т.б.
Тілдің ішкі даму тенденциясына қай жүйенің «л» немесе «д»
варианттың сәйкес
келетіндігін анықтап, нормалаушы сөздіктерде тиянақтай
түсу үшін мынадай заңдылыққа назар аудару қажет. Лингвистика тарихында
младограмматиктердің тіл дамуында аналогия заңының айрықша мәнін
ашқандығы мәлім. Бұл заңдылық бойынша тілдегі аса өнімді модель
өнімсізге ықпал етіп, бірдейлестіріп отырады. Тіл-тілде кейбір құбылыстар
аналогия заңдылығы арқылы айқындалатындығы да белгілі.
Қазақ тілінде сөздердің көптік қосымшамен түрленуі – аса өнімді әрі
көне модельдердің бірі.
«Қолданылу аясы, дистрибуциялық ерекшелігі мен білдіретін
мағыналарының
сипаты
-лар
аффиксінің морфологиялық элемент ретінде
дамудың ұзақ жолынан өткендігі және негіз тілдің өзінде болғандығының
ешбір даусыз екендігін көрсетеді деп, үзілді-кесілді айтуға болады» [43,
83б.].
Әрі өнімді, әрі көне модель көптік қосымшасы варианттарының
жалғану жүйесіне назар аударып көрейік. Бұл қосымша дауыстылар мен
р, й,
у
дыбыстарынан соң
-лар, - лер
(балалар, қарлар, сайлар, баулар),
үнділерден
соң
-дар, -дер
(күндер, шамдар, жолдар, тұздар
т.б.), қатаңдардан соң
-тар,-
тер
(
аттар, кітаптар
т.б.) түрінде жалғанатындығы белгілі.
Әрі сөз
тудырушы, әрі форма тудырушы
-лық, -лік
қосымшасының
-ла,-ле
аффиксінің жалғану жүйесі осы тәрізді. Бұлар да аса өнімді, абстракциялау
қасиеті жоғары қосымша. Бұндай өнімді қосымшалардың «л» вариант
түрінде саралануы, қатаң жүйеге түсуі бірден пайда бола қойған жоқ. Бұл –
тілдің ұзақ уақыт барысында пайда болған ең бір ықпалды жүйе. Алдымен
көптік категориясы көрсеткішінде, өнімді қосымшаларда (-лық, -лік)
саралана түскен осы модель жалғану өрісі шектеулі аффикстерге де аналогия
заңы бойынша ықпалын тигізе бастаған. Ассимиляцияның бұл түрі
қосымшалардың жалғану жүйесіндегі негізгі бағытты байқатады. Осы бағыт
арқылы л/д дыбыс алмасуына байланысты екі түрлі жүйенің
әдеби тіл
нормасына лайықтысын сөздіктер арқылы тиянақтай түсуге болады. Олай
болса, жоғарыда аталған «а», «ә» тобындағы сөздерге аффикстердің
дауыссыздардан соң «д» вариант, дауыстылардан және р-дан соң «л» вариант
түрінде жалғануына артықшылық беру қажет. Мысалы: вариант түрінде
жалғануына артықшылық беру қажет. Мысалы: а)
аңды
(аңлы емес),
меңді
(меңлі емес),
оңды
(оңлы емес),
түндік
(түңлік емес),
саңдақ
(саңлақ емес),
ақшалай
(ақшадай емес),
бірлі-жарым
(бірді-жарым емес),
жылыжай
(жылыдай емес),
тірілей
(тірідей емес),
ұшты-күйлі
(ұшты-күйді емес),
кәрлен
(кәрден емес),
немқұрайлы
(немқұрайды емес), т.б.
Осы арада кейбір жеке сөздің де жазылуын да айқындап алу қажет.
Баспасөз беттерінде
түндік, түңдік
делініп әркелкі жазылып жүр.
Орфографиялық сөздікте
түндік
делініп берілген. Бұл сөзді дыбысталуы
жағынан ұқсас
түн
сөзіне теліп,
түндік
түрінде берілуінің дұрыс еместігі
байқалады. Өйткені жоғарыда
келтірілген мысалдарға, «а» тобындағы
сөздерге, назар аударсақ,
л/д
алмасуы тек мұрын жолдың
ң
дыбысынан кейін
болатын құбылыс (
маңдай-маңлай, сандақ – саңлақ
т.б.). Ал
ң
сонатынан соң
л/д
дыбыс алмасуына тілдік факт жоққа тән. Басқаша айтқанда,
н
-нен кейін
дыбысының алмасуы системада жоқ. Л/д дыбыстары ң сонантымен іргелес
келгенде алмасатын (оңды-оңлы, теңдеу-теңлеу т.б.) ерекшелігін ескерсек,
түндік (түңлік емес) түрінде жазылуы тілдік жүйеге сәйкес келеді.
Кейбір түбір сөздердің жазылуы (айтылуы да), сырт қарағанда,
жоғарыда айтылған жүйеге қайшы келеді. Мысалы,
сіңлі, қаңлы
(ру аты)
сөздері л/д дыбыстарының алмасу ерекшелігі бойынша сіңлі, қанды түрінде
қолданылуға тиіс тәрізді. Бірақ осы сөздердегі ң мен л-дың аралығында
селбеспе қысаң дауысты бар:
сіңілі, қаңылы
. Екі сонанттың (ң
мен л
дыбысының) аралығы қысаң дауыстылардың абсорбцияға ұшырауына өте
қолайлы.
Сонымен, жоғарыда айтылғандардан тілдік система тілдік нормаға
арқау болатындығын байқадық. Бірақ тілдік система мен тілдік норманың
арасында тепе-теңдік белгісін қоюға болмайды. Өйткені система мен тілдік
норма бір-бірімен қаншалықты тығыз байланысты болғанымен,
өз алдына
дербес құбылыстар.
Достарыңызбен бөлісу: