Графика пәні күнделікті сабақ жоспарлары топ Пән мұғалімі: Айбат Бекжанов 2021-2022 оқу жылы Бекітемін: Пәні: Компьютерлік графика топ



бет40/84
Дата14.12.2021
өлшемі2,13 Mb.
#126638
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84
Байланысты:
компьютерлік графика

VІІІ.  Сабақтың  барысы

а)  ұйымдастыру

ә)  сабақ  сұрау

б)  жаңа  сабақ

в)  бекіту

г)  үйге  тапсырма

д)  үйге  тапсырма

е)  қорытынды



Жаңа  сабақ

   Жаңа презентацияны, (Word-та жаңа құжатты жасау сияқты) үш түрлі әдіспен жасауға болады.

  1. Мастер автосодержания көмегімен.

  2. Ұсынылған қалыптар негізінде.

  3. Бос презентацияны пайдаланып, яғни құжатты басынан бастап жасау.

Мастер автосодержания көмегімен презентацияны жасау. Роwer Рoint-ті қосқан кезде Мастер автосодержания бағдаршасында тышқанды басу келесі диалогтық терезені шақырылады.

Слайдты жасау процесі  үш этаптан тұрады.

Бірінші этапта Вид презентации таңдау керек. Мұнда тиісті батырманы басқанда ашылатын алты блок ұсынылады. Әрбір блокта презентацияның бірнеше стандарты бар, сендер олардың тақырыбы сәйкесін таңдап аласындар. Шебермен жұмыс істеудің ыңғайсыздығы, біз таңдап алғанды алдын-ала көре алмаймыз. Бұдан басқа, егер сендер бір фирманың қызметкері болмасаңыз, ұсынылған презентацияның 54 варианты  және тақырыптары: «Стратегияны ұсынамыз» , «Персоналды оқытамыз», «Қаржылық күйді шолу» және т.б. ұнамайды.

Үшінші этапта ең бірінші слайдтың көркемдеуі жүреді. Мұнда презентацияның аты беріледі, сонымен қатар барлық слайдтардың төменгі колонтитулы үшін мәтін енгізіледі. Готово батырмасында тышқанмен басу шеберге жұмыстың аяқталуы  жайлы команданы береді, және ол жиналған ақпарат негізінде слайдтардың  базалық жиынын  жасайды. Енді слайдтардың аяққы көркемдеумен  айналысуға болады, керекті деректерді енгізе отырып : мәтін, бейне, суреттер,сонымен қатар, керек кезде, форматтау параметрлерін ауыстыра  отырып.

Автосодержание шебері көмегімен презентация жасау – бұл ең оңай, бірақ ең стандартталған әдісі. Бұл жағдайда шебер, Місrosoft Offiсе-тің көптеген шеберлері сияқты, белгілі бір сұрақтар қояды, сонымен қажет ақпаратты жинап және соның негізінде берілген тақырып бойынша слайдтар жиынын ұсынады. Алғаш пайдаланушы үшін бұл әдіс алғаш ең қарапайым және ыңғайлы көрінеді, себебі шебер оны презентация дайындаудың барлық сатылары арқылы өткізеді. Басқа жағынан, ол дербес барлық маңызды шешімдерді қабылдайды, іс жүзінде тәуелсіз шығармашылық үшін мүмкіндікті қалдырмайды.

Үлгітүр негізінде презентация жасаудың, мысалы Word-та үлгітүрді пайдаланудан басқаша болады. Power Point үлгітүрдің екі типін ұсынады:



  • презентациялар үлгітүрі;

  • көркемдеу үлгітүрі.

Презентация үлгітүрлері Word-тың стандарттты үлгітүрлеріне ұқсайды: олардың Сату жоспары, Бизнес-жоспар, Қаржылық күйді шолу және т.б. атаулары бар. Пайдаланушы үлгітүр ұсынған мәтінді ала алады немесе оны авторлыққа ауыстыра алады. Көркемдеу үлгітүрлері профессионалды әрлендірушілермен жасалған және презентацияның барлық слайдтарына біркелкі көркемдеуді беру үшін қызмет етеді. Үлгітүрдің әрқайсысының белгілі бір түстік гаммасы, фоны және өзінің стилистикасы бар, әр түрлі графикалық элементтері бар. Презентациямен жұмыс кезінде көркемдеу үлгітүрін таңдауға зейін қою керек, себебі ол презентация тақырыбымен үйлеспеуінен басқа, мүнда енгізілген мәтін немесе графикалық объектілер жоғалып кетуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет