Гравиметриялық анализ әдістері №1 Зертханалық жұмыс Барий хлоридi кристаллогидратындағы кристалданған


,1 н натрий тетрабораты (бура) ерiтiндiсiн дайындау



бет6/44
Дата22.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#132814
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Сандық анализ зерхана жұмыстары

0,1 н натрий тетрабораты (бура) ерiтiндiсiн дайындау

Тұз қышқылының титрiнiн анықтау үшiн, натрий тетрабораты кристалло-гидратын алады. Бұл тұз барлық қойылатын талаптарға сай келедi, суық суда салыстырмалы түрде аз еридi (2:1).


Натрий тетроборатының сулы ерітіндісі гидролизге байланысты сілтілік ортаны көрсетеді:

Сондықтан оны қышқылдармен титрлеуге болады, яғни бөлінген ОН- ионы қышқылмен титрленiп реакция аяғына дейін жүреді:

Титрлеу реакциясын жалпы келесі теңдеу бойынша жазуға болады:

Реакция нәтижесінде әлсіз ортобор қышқылы түзіліп жатқаны көрініп тұр, яғни ерітіндінің ортасы эквиваленттік нүктеде 7-ден кіші болады, сондықтан титрлеуге метилқызыл-күлгін индикаторын алу қажет.
Тұз (күкiрт) қышқылының титрiн анықтау үшiн сусыз тұздар қолданыла-ды. Қайта кристалданған тұзды былай жасауға болады: 50-600С тұздың қа-ныққан ыстық ерiтiндiсiн құйғы (воронка) арқылы сүзiп алып, сүзiлген ерi-тiндiнi 300С-қа дейiн суытып, содан соң мұздай суық суға салып шыны таяқ-шамен 20-30 минут араластыру керек. Алынған майда кристалдарды Бюхнер колбасында суын сорғызып тастап, суық (-2 -40С) сумен жуады. Содан соң бөлме температурасында шыны таяқшаға майда кристалдар жабыспайтын болғанға дейiн кептiру қажет. Егер, тұз iрi болса, онда қайта жасау керек.
Натрий тетробораты бұл реакцияда 2 моль сутегі ионымен әрекеттесетін-діктен, тұздың эквиваленттік массасы:
болады.



Шамамен алдымен техникалық таразыда 4,77г тұзды өлшеп алады, содан соң аналитикалық таразыда төрт санға дейін дәл өлшейді. Мысалы:
Бюкс пен тұздың салмағы: mбюкс+тұз = 25,3642г
Бюкстiң тұзсыз салмағы: mбюкс = 20,5932г
Таза тұздың салмағы: mтұз = 4,7710г
Дәл өлшенген тұзды құрғақ кең сүзгі арқылы 250 мл колбаға салады. Құйғыны дистилденген сумен шайып, колбаға салынған тұзды белгiленген көлемнiң жартысына дейiн дистилденген су құйып, қыздырып, тұзды толы-ғымен ерiтеді. Содан соң бөлме температурасына дейiн суытып, белгiсiне дейiн су құйып, қақпағын жауып араластырады.
Дайындалған ерiтiндiнiң титрi мен нормальдылығын төмендегі формула-ларды қолданып табады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет