Натрий (калий) гидроксидтерiнiң титрлейтiн ерiтiндiлерiн дайындау
NaOH, KOH гидроксидтері карбонаттардан таза, яғни химиялық таза зат күйлерiнде болуы шарт.
Химиялық таза натрий және калий гидроксидтерін дайындаудың бірнеше жолы бар:
1) Таза металдық калий мен натрийды жұмыс алдында дистилденген суда ерітіп дарлау.
2) Дайын тұрған натрий мен калий гидроксидтеріне барий немесе строн-ций хлоридін қосу арқылы карбонаттардан арылу.
3) Концентрлі (50%) натрий гидроксидін қайнату арқылы карбонаттардан арылу. Бұл әдіс калий гидроксидін тазартуға келмейді.
Үшінші әдіс бойынша натрий карбонатын тазарту үшін фарфор немесе ыстыққа төзімді стақанға 100 г натрий гидроксидін алып, оған 100 г дистил-денген су құяды. Суды абайлап, аз-аздан, үзбей араластыра отырып қосу қажет. Сол кезде карбонаттар суспензияға түсiп, астында қалады. Дайын бол-ған ерітіндіні 2-3 сағат қайнатып, суытып басқа колбаға, түзiлген суспензия-ны араластырмай, шыны сүзгiштен өткiзеді. Дайын болған концентрлі ерi-тiндiнi резина немесе әйнек қақпағы бар пластмасса немесе шыны ыдыста сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |