ТИТРИМЕТРИЯЛЫҚ АНАЛИЗ ӘДІСІ.
Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі
Титрлейтiн қышқыл және сiлтi ерiтiндiлерiн дайындау
Концентрленген тұз қышқылынан (d = 1,19 г/см3) 0.1 н ерiтiндi дайындау.
Негiзгi 0.1 н ерiтiндi дайындау үшiн концентрленген тұз қышқылы қолда-нылады, ол “түтiнденетiн” болғандықтан (d = 1,19 г/см3), 20% тұз қышқылын қолдану ыңғайлы (1:2). Бiрiншi ареометр арқылы қышқылдың тығыздығын анықтап алады, содан соң пайыздық концентрациясын анықтау қажет. 500 мл 0.1 н ерiтiндi дайындау үшiн, қанша НСl қажет екенiн оның грамм-эквива-лентiн тауып есептеп алады.
Мысалы, 1 л 0,1 н ерiтiндi даярлау үшiн:
36,46: 10 = 3,46 г НСl, ал 0,5 л дайындау үшiн жартысын алу керек, яғни 1,823г.
100 г ерiтiндiде ------- 38,32 г НСl (d=1,19г/см3) болса,
х г ерiтiндiде ------- 1,823 г НСl бар
Көлемге айналдырса:
4 мл қышқылды пипеткамен өлшеп алып, 500 мл өлшемдi колбаға құйып, дистилденген суды көлемiн белгiсiне дейiн құйып, колбаның қақпағын жа-уып, араластырады. Дайын балған 0,1 н ерiтiндiнің титрi мен нормальдылы-ғын анықтау үшiн натрий тетрабораты немесе натрий карбонаты арқылы анықтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |