Грптпйтикйсы а л ғ ы с ө З


бет166/212
Дата20.12.2023
өлшемі
#197951
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   212
Байланысты:
Kazak tilinin tarihy grammatikasy Tomanov

қырьіқ
және 
төрт
сөздерінің арасында 
ешқандай үқсастық жоқ екендігін айта келіп, 
қырық
о баста жалпы 
коп, мөлшерсіз коп үғымын берген болу керек те, 
қырық
сөзінің 
соңғы 

элементі сондай көптік үғымның көрсеткіші болуы мүмкін 
деген жорамал жасайды.1
Елу
сан есімі коне ескерткіштер тілінде және қазіргі кейбір түркі 
тілдерінде 
еллиг
түрінде дыбысталынады. Қазіргі қазақ тіліндегі 
елу
сөзі соның фонетикалық озгеріске түскен варианты екені анық. 
Елу
сөзімен ыңгайлас сөз — 
елі.
Коне ескерткіштерде 
елліг
созі 
“қ о л ”
және 
“елу
” мәнінде жүмсалган. Бірсыпыра түркологтардың 
елу
созі 
қол
мәніндегі сондай соз арқы лы қалыптасты деуі де осындай 
фактілерге негізделеді. Қ азақ тіліндегі 
елі
(молшер мөніндегі) созі 
мен 
елу
созінің арасында ж ақы нды қ бар.
Алпыс, жетпіс
сан есімдерінің қүранды создер екені айқын. 
Екеуінің қүрам ы нан да 
ал, жет
жоне 
пыс
(кейбір басқа түркі 
тілдерінде — мыш) элементтері айырылады. 
Ал
және 
жет
түбірлері

Гордлевский В. А.
Числительное 50 в турецком языке. “Известия 
отделения литературы и языка АН СССР”. 1945. Т. IV, вып. 3-4.


алты
және 
жеті
сөздерімен үялас. 
—мыш
элементі тіддің ескі дәуірінде 
он
мәнін берген сөз дейтін пікір басым. Күрделі сандардың жасалу 
тәсілдерін еске алсақ, м үндай эти м ологи я ш ы н д ы қ қ а ж ақы н 
(салыстырыңыз: 
сегіз он
және 
алт-мыш).
Сексен, тоқсан
сан есімдері 
сегіз он, тогыз он
создерінің өзара 
бірігіп, фонетикалық өзгеріске түскен варианттары.
Жуз
(100) созінің этимологиясын түсіндіру мүмкін бола бермейді. 
Қазақ тіліндегі 
жуз
(100) және 
жуз
(бет) создері бір сөз бе, әлде 
бөлек пе — мүны да аш ып айту қиын. Қазіргі қолданысы мен 
семантикасына қарай бүларды бір түбір деп айту мүм кін бола 
бермейді. Кейбір фактілерге қарағанда, бір фонетикалық пішінде 
айтылатын бүл екі сөз фонетикалық конвергенцияның нәтижесі 
(дыбыстардың өзгеруі аргқылы бір фонетикалық пішін алу) болуы да 
мүмкін. Азербайжан тілінде 
бет
магынасындагы сөз уз, ал 100 
магы налы сөз 
йуз
түрінде айтылады. Қ а за қ тілінің ж ергілікті 
ерекшеліктеріне жаңағы екі сөз де 
дуз
түрінде дыбысталады.
1000 мәнін беретін сөз түркі тілдерінің барлығында дерлік 
мың,
биң.
Көне жазбалар тілінде осының екеуі де кездеседі. Алайда осы соз 
отыз, қырқ, елу
создері тәрізді, осы мәнде кейін қалыптасқан болу 
керек. Бүл ерекшелік санау тәсілінің дамуымен тығыз байланысты.
Қазіргі түркі тілдерінде, соның бірі қ азақ тілінде, оннан бастап 
санау тәсілі - санау басталған санға келесі санды білдіретін созді 
тіркестіру арқылы жүреді, ал жүзден мыңға дейінгі аралықта жүздіктің 
молшерін білдіретін бірлік (не жүздік), содан соң жүздік айтылады. 
Коне мүралар тілінің материалдарын шолып қарағанда, санақтың осы 
жүйесі ежелгі болмаса керек. Орхон-Енисей жазбаларында оннан 
кейін жүретін санау жүйесі мүлде басқа. Ол тілде оннан кейін қажетті 
бірлік, оған тіркес санап бара жатқан онды қ айтылады. Сонда, 
шамамен 12 — екі жиырма, 35 — бес қы ры қ, 46 — алты елу түрінде 
айтылған. Санаудың бүл тәсілі қазіргі түркі тілдерінің ішінде тек сары 
үйғыр тілінде ғана сақталган. Бірақ ол тілде де тек 11 мен 31 арасындағы 
қүрама сандарды білдіру тәсілі есебінде қолданылады, 31 -ден бастап 
қ азір гі т ү р к і т іл д е р ін ің б әр ін д е қ а л ы п т а с қ а н сан ау ж ү й есі 
қолданылады. С. Е. Малов сары үйғыр тіліндегі санау тәсілі мен сан 
есімдерді түсіндіру үшін мына томендегілерді келтіреді (өйткені бүл 
фактілер тек санау тәсілінің ескі қалпы н ғана корсетіп қоймайды, 
күрделі сан есімдердің арғы негізін де, жекелеген сан есімдердің 
түркі тілдерінде қалыптасу ретінде де түсінуге комекші). “ 1 — пер, 
пэр, 2 — ішке, іске, шіке, 3 — үш, уш, 4 — торт, турт, 5 — пес, піс 
(пеш), 6 - алты, 7 - йехті, йіті, йетә, 8 - сақыс, 9 
тоқус, тоқыс,
245


10 — он, ун, 11 — пер йығрырма, 15 — пеш ығырма, 20 — ішкон, 
(йығырма), 21 — пэр отус, 30 — учон, үчон (кчон), 31 — учон пер, 32
— учон ішіке, 40 — туртон, 43 — туртонош, 50 — пісон, 51 — пісон 
пэр, 60 — алтон, 61 — алтон пэр, 70 — йетон, джетон, 80 — сақысон, 
90 — т о қ ы с о н ...” . 1 Б үған қ ар аган д а, қазір гі түркі тілдерін ің
копш ілігінде қолданы латы н 
қырық, елу
сөздері тілдің бір кезгі 
дамуында сірә қазіргідей кең қолданыс таппаса керек. 30, 40, 50 
сандары 
уш он, торт он, бес он
сөз тіркестері арқылы берілген. Кейін 
отыз, қырық, елу
сөздерінің сан есім мәнін алуымен байланысты 
уш
он, торт он, бес он
соз тіркестері қолданудан шығып қалды. Акад. 
Гордлевский өзінің сан есімдер жайлы мақаласында осындай ой 
түйеді. Малов келтірілген сары үйғыр тілінің материалдарына 
қарағанда, ж иы рма сөзі де осы лай о р н ы қ қ ан . Осыдан бүрын 
келтірілген үзіндіде 
жиырма
мәні екі түрлі созбен: 
ыгырма
және 
ішкон
(ішкі — екі) берілген. Бүл қолданыс бір мағынадағы екі созінің 
жарыспалы жүмсалуына үқсайды.
Жуз
созінің осы магынада қалыптасуына қатысты қызықты бір 
фактіні Гордлевский келтіреді. XV ғасырдағы түркі тілінің бір 
ескерткіштерінде 
бір мың алпыс алты
деп жазудың орнына 
он йуз
алтмыш алты
делініпті. Эрине, XV гасырда 
мың
сөзі жоқ деуге ешбір 
д әл ел ж о қ . О й тк ен і 
мың
созі осы м ағы н асы н д а V III ғасы р 
ескерткіштері тілінде де кездеседі. Алайда мына қолданыс 1000 санын 
білдірудің архаикалық тәсілі екеніне соз жоқ. Сонда 
мың
сөзі де осы 
мағынасында кейін қалыптасқан болып шығады.
Сары үйғыр тіліндегі 8,9 сандарын білдіретін сөздерді қазақ тіліндегі 
80, 90 сандарын білдіретін сөздермен салыстырайық: 
сақыс — сексен —
сегіз, тоқсун — тоқсан — тогыз.
Бүган қарағанда, қазақ тіліндегі сексен, 
тоқсан создерін қүраушы алғашқы компоненттің прототипі сегіз, тогыз 
создері емес, сары үйгыр тіліндегі 
сақыс, тоқыс
сөздері деу дүрыс.
Коне түркі тілінде санаудың басқа да бір тәсілі болған. Әуелі 
ондықты білдіретін соз, оған тіркесе 
артуқ
созі, сонан соң қажетті 
бірлік айтылған. Мысалы: 
қырқ артуқ йеті - қырқ артық жеті
(47), 
отуз артуқ торт
(34), 
отуз артук, бір
(31), т.б. 
Жузден жиырмасы
артық
тәрізді сан-молш ерлік сөз тіркестері осындай қолданыстың 
ізі. С анауды ң м үндай тәсілі қ а з а қ тілінде діни үғым, салтқа 
байланысты табу қызметінде де қолданыс тапты. 
Жузден жиырмасы
кем ауыл
(сексен аулы), 
алтыдан бір артық қайнага
(Жетібай), т.б.


жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет