1
КЙЗЙК ТІЛІНІН
ІНРІШ
грптпйтикйсы
А Л Ғ Ы С Ө З
МАРХАБАТ ТОМАНҮЛЫ ТОМАНОВ
(
/932-1989)
П р о ф е с с о р М архаб ат Т о м а н ү л ы Қ ы зы л о р д а о б л ы с ы н ы ң
Қармақшы ауданындағы “Абыла” колхозында қарапайым шаруаның
отауында 1932 жылы ақпан айының бесі күні дүниеге келеді. Ол
Жосалы поселкесіндегі № 26 қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін
1949 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіндегі
филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиет бөліміне оқуға түседі.
У ниверситетті тәм ам д аған н ан к е й ін қ а з а қ тіл і к аф ед р асы н а
аспирантурага қалдырылады. Одан кейін Ы.Алтынсарин атындағы
педагогтік ғы лы м и-зерттеу институты нда, Қ а за қ С С Р Ғылы м
академиясының Тіл білімі институтында әр түрлі дәрежелі қызметтер
атқарып, ғылыми жүмыстармен шүғылданады.
1960 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясыньщ корреспондент-мүшесі,
профессор М. Балақаевтьщ ғылыми жетекшілігімен “Қазақ тіліндегі мезгіл
мәнді сөз тіркестері” деген тақырыпта кандидаттық диссертация,
1975 жылы “Қазақ тілі тарихи морфологиясының негізі мәселелері”
деген тақырыпта докторлық диссертация қорғайды. 1964-1979 жылдары
осы университеттің қазақ тілі кафедрасында доцент, профессор қызмет-
терін атқарады. 1979жьщцанбастапөмірініңақырынадейін (1989 жылдың
19 желтоқсанында қайтыс бодцы) осы кафедраның меңгерушісі болды.
Белгілі түрколог М .Томановтың Қ азақ тіл білімі мен түркітану
саласында сіңірген еңбегі мен жариялаған жүмысы — өте сүбелі. Олар
кезінде өзіндік ерекшеліктерімен: жүйелілігімен, терең мазмүнды,
үйлесімді соз қолданыстарымен, қисы нды қоры ты ндылары мен,
жаңалық сапалары арқылы козге түскен болатын. Автордың жеке
стилі, зерттеліп отырған мәселені танып-түсінуі, оны зерделеп қарауы
және байыптап барып тексеруі әрдайым ғылыми жүртшылықты өзіне
тартып отыратын. Оның сөз саптау әдісі мен қалам сілтеу машықтығы
қызықтыратын. Тақырып атаулыны тани білетін ғалым болатын және
оны қағазға түсіруге келгенде қатарынан озық еді. Ойы терең, қаламы
жүйрік хас ғалым өз өмірінің ішінде көп жүмыс тындырды.
Ғылыми дүниенің есігін алгаш аш қанда ол қазіргі қазақ тілінің
синтаксистік проблемаларынан бастады. Қ азақ тілі синтаксисіне,
әсіресе әр алуан сөз тіркестеріне байланысты көптеген мақалалар
жазды: жанама толықтауыштар мен пысықтауыш жасайтын сөз
тіркестері, мезгілдік мағына беретін жеке сөздер мен шылау сөздердің
тіркесі, комекші есімдер мен жеке сөздердің түрақты тіркестері, сөз
тіркестері, әдеби тіліміздегі соз тіркестерінің негізгі мәселелері,
5
қы сты рм а сөздердің өзара тіркестер келу заңды лы қтары , тағы
басқалар. Қ ы сқасы, сөз тіркестері жайында әрдайым соны пікір
тудырып, жаңа мақалалар жазуға ат салысып отырды.
Қазіргі қазақ тілінің ең үлкен бір саласы — морфология болімі
бойынша да М.Томанов табанды зерттеушілердің алдыңғы сапында
болып, елеулі еңбек сіңірді. М ысалы, “ Ш ақ категорияларының
тарихы”, “Етістік тудыратын жүрнақтардың тарихы”, “Сын есімнің
жасалу ерекшеліктері” кітапшалары мен “Түбір создің дамуы”, “Үстеу
создердің тарихы” , “Тәуелдік жалғаулардың даму тарихы”, “Қазақ
тіліндегі көсемше түлғалардың қалыптасу тарихы” сияқты мақала-
лары — осының куәсі.
Әдеби тіл мен оның даму, өсу, өзгеру және қалыптасу жодцары туралы
айтқан ойлары мен жазган жолдары қазірде оз қүндылығын жойған жоқ.
Оның қазақ тілінің стилистикасы жайында жазған мақалалар сериясы,
“Қазақ әдеби тілінің XIX ғасырдың бірінші жартысында дамуы”, “Коркем
әдебиет тілін зерттеудің мәселелері”, “Қазақ әдеби тілінің алғышартгары”,
“Қазақ әдеби тілінің Орта Азия әдеби тілімен байланысы” аталатын
тамаша туындылары ғылыми жүртшылықтьщ назарында.
П роф ессор М архабат Том анов қ а за қ тіл білімінің әр алуан
қойнауын атқара қазбалап, қазақ тілі тарихының күрделі мәселелеріне
шынтуайттап коңіл аударған алғашқы мамандардың бірі болды. Оның
бүл саладағы ж аңалы ғы мынада еді: перспективалы қ әдіс пен
ретроспективтік әдісті болмей-жармай озара бірлікте үстады, тіл
тари хы н екі ж ақ ты бірдей алы п , қ атар зерттеді. Тілім іздегі
грамматикалы қ категорияларды салалап боліп, олардың тарихи
болмысын түбегейлі салиқалы түрде тексеріп беруге күш салды.
Салдарлы да салмақты ой айтып, келелі түжырымдар жасай алатын
ең б ек тер ж ар и ял ад ы : “ Қ а з а қ тіл і тарихи гр ам м ати к асы н ы ң
мәселелері” (1974), “Түбірлердің дамуы туралы мэселеге” (1974 ж.),
“Үстеулердің тарихынан” (1975ж.), “Тарихи грамматика мэселелері”
(1975 ж. екінші авторы - Т.Қордабаев), тағы басқалар. Сөйтіп,
М.Томанов 1975 жылы “Қ азақ тілі тарихи морфология сының негізгі
мәселелері” деген тақырыпта жазылған докторлық диссертациясын
қорғауға үлкен дайы ндық үстінде келген болатын. Тәжірибелі үстаз
ғылыми ізденістерінің негізінде 1982 жылы “Қ азақ тілінің тарихи
г р а м м а т и к а с ы ” атты о қ у л ы ғ ы н ж а р и я л а д ы . Б ү л о қ у л ы қ
толықтырылып, 1988 жылы қайта басылды.
Бүл автордың тағы бір ерекшелігі — ол қазақ тілінің тарихи осу
орісін ылғи да тамырлас түркі тілдерінің табиғи даму тағдырымен
салыстыра отырып, оларды тығыз байланыста қарастырды. Осы
6
орайда
“Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы” (1981ж.), “Түркі
тілдерінің салыстырмалы морфологиясы” (1984 ж.) жазылды. Туысқан
түркі тілдерін өзара салыстыра отырып зерттеген еңбектерінің жария-
ланған, жарияланбаған бөліктерін достары жинастырып, 1992 жылы
(авторы қайтыс болғаннан кейін) “Түркі тілдерінің салыстырмалы
грамматикасы” деген атпен бастырып шығарды.
Көне түркі тілдері (У-ІХ ғ.) мен ескі түркі тілдерінің (Х-ХУІ ғ.)
жазба жәдігерліктерін М.Томанов екі түрлі бағытта зерттеді. Әрбір
жазба ескерткіиггі немесе оның тілдік материалдарын оз алдына дербес
алып та тексеруге болады, қазіргі тілдермен салыстырып, тарихи-
сал ы сты р м ал ы ә д іс б о й ы н ш а д а ж ү м ы с ж ү р гізу ге болады .
М.Томановтың Орхон-енисей жазба ескерткіштері, орта ғасыр жазба
жадығаттары жайында жазған еңбектері қазіргі қазақ тіл білімін былай
қойғанда, жалпы түріктану ғы лы м ы на қо сы лған ж аңа сапалы
үлестердің қатарына жататындығы даусыз. “Коне түркі жазуының
(Орхон-енисей) ескерткіштері” (1963 ж.), “Махмуд Қашғари (XI ғ.)”
(1964 ж.), “Махмуд Қашғари түркі тілдерінің фонетикалық қүрылымы
туралы” (1971 ж.), “Тарихи морфологияны зерттеуде коне мүраларды
пайдаланудың принциптері туралы” (1976 ж.), “ Коне түркі жазба
ескерткіштері — қазақ тілі морфологиясының тарихын зерттеудің
козі болып табылады” (1977 ж.) сияқты туындылары орқайсысы оз
алдына бір күрделі мәселенің ауыр жүгін арқалап түр.
“ Қазақ лексикографиясының алғашқы нүсқасы ” (1968 ж.) деп
аталатын тарихи тақы ры пқа жазған мақаласын есепке алмағанда,
М .Т ом ан ов о р ы с ш а -қ а за қ ш а создіктерді қ ү р асты р у ға едәуір
атсалысты (1959, 1960, 1962 т.б.). Олардың ішінде екі тілді салалық
(қүры лы с, архитектура, ф и зи к а, астрология, заң, педагогика,
психология) терминдер создігі де бар. Коптеген терминдік создіктер
осы автор жазган алгы создермен шыгып жүрді.
Оқу және оқыту әдістемесіне байланысты жазған жүмыстары -
бір тобе. Өзі сабақ бере жүріп, озгелерге сабақ үйретудің жолдарын
корсететін, белгілі бір тақырыптардың табиғатын тап басып, дәл
танытатын нүсқаулар, бағыштамалар, анықтамалар, бағдарламалар
және баяндаулар жазатын. Студенттер мен аспиранттарга, жоғары
оқу орындарының оқытушыларына арнап оқты н-оқты н озінің іс-
тәжірибелерін ортаға салып, талқыдан откізіп отыратын.
М.Томанов “Қазақ совет энциклопедиясыньщ” түрақты авторларьшьщ
бірі болды. Ол “Әліп әрпі мен а дыбысы” жагдайында, “Коне түркі тілі”,
“Қарлүқ тілдері”, “М.Кдшғари”, “Муқадцима әл-адаб”, “В.М.Насилов”,
“Ноғай тілі”, “К^зақ тілінің орфоэпиясы” туралы макдлаларжазып бастырды.
7
Жоғары оқу орындары мен республикалық кеңестерде, Бүкіл-
одақты қ симпозиумдарда әрдайым баяндамалар жасап жүрді. Өз
ойында пісіп-жетіліп келе жатқан тақырыптары бойынша талдаулары
мен зерттеулерін көпшілікке жайып салып, олардың елегінен өткізіп
отыруды үнататын. О ның кейбір баяндамалары кезінде ғылыми
журналдар мен жинақтарда жарияланып түрды.
М. Томанов өз әріптестерімен қатты сыйласатын. Олардың жаңа
ш ы ққан еңбектерін қалт жібермей, қадағалап отыратын, қажетті
жағдайда сыни пікір айтып, рецензиялар жазып, өз ойын паш ететін,
ақылдасатьш. Ол еңбектен жалықпаушы еді. Соның арқасында жүздеген
мақалалар мен ондаған кітаптар жазды. Байыптап, байқап жазатын әдеті
бойынша қалам тербейтін. Осы себепті туындылары сапалық дәрежесі
мен зәрулік деңгейі жағынан үтымды келіп, өз орнын дәл тауып түратын.
М. Томановтың тағы бір көзге түсетін әдеті соны тақырыптарға
қүмартатын, жаңа пікір айтуға талпынатын және оларды тандай да
білетін. Өз мамандығын ойдағыдай меңгерген, өз міндетін терең
түсінген, өз алдына жолы бар Мархабат өмір бойы жоғары талаптарға
сай келетін ж ау ап к ер ш іл ік ж үгін ар қалад ы . Ш әкірттері мен
ізбасарларын үйрете білетін үлгілі үстаз атанды. Оқта-текте астанадан
шығып, тиісті тақырыптарда лекциялар оқып, дәріс беріп қайтатын.
М .Томанов тәрбиелеген шәкірттер тек біздің республикамызда ғана
емес, көрші елдерде де аз кездеспейді. Осы ғалымның жетекшілігімен
диссертация қорғаған мамандар өз деңгейінде өз міндеттерін атқарып
та жүр. Үстаздың басты бір мерейі осында деп білеміз. Бауырлас
түркі халықтарының ішінде М.Томановпен үзенгілес өсіп, бірге жүріп,
біте қайнаған түркітанушы мамандар да бар. Олар қазір де бүл
зерттеушінің еңбектерін кеңінен пайдаланып жүр.
Мархабат Томанов күнделікті өмірмен, әр алуан жүмыспен қоян-
қолты қ араласып, бел шешпей белсене кірісіп, өнімді еңбек атқарып
жүрген кезінде көз жүмды. Алайда соңында үлкен мүрасы қалды.
Ж ақсы ны ң өзі өлгенмен, хаты да, аты да өлмейді.
Бүл ж инаққа профессор Мархабат Томанүлы Томановтың “Қазақ
тілінің тарихи грамматикасы” атты оқулығы, “Түркі тілдерінің салыс-
тырмалы грамматикасы” атты оқу қүралы, бүрын жарияланбаған
зерттеулері, мақалалары енгізіліп отыр.
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |