Грптпйтикйсы а л ғ ы с ө З


бет2/212
Дата20.12.2023
өлшемі
#197951
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   212
Байланысты:
Kazak tilinin tarihy grammatikasy Tomanov

Әбжан Қүрышжанүлы,
филология ғылымының докторы, профессор
Берікбай Сагындықүлы,
филология ғылымының докторы, профессор
8


Вірінші бвтп 
ТЙРІШ Г Р Ш Й Ш А ПЗНІ
Тіддің тарихын зерттеудің коздері. Қазақ тілінің қалыптасу кезендері 
жайлы мәселе. Тарихи грамматика деп аталатын ғылыми зерттеулер 
саласы және солардың негізінде қалыптасқан оқу пәні тілдің барлық 
салалары ны ң (дыбыс, ф онем алар ж үйесі мен м орф ологи ялы қ 
қүрылымын, синтаксисі мен лексикасын) қалыптасуы мен даму, 
өзгеру жолдары мен бағыттарын зерттеп түсіндіреді. Сойтіп “тарихи 
грамматика” дейтін атпен тек грамматика емес, тарихи лексика мен 
тарихи фонетика да еске алынады. Тарихи грамматика пәнінің негізгі 
мақсаты — тілдің барлық салаларының да даму зандылықтары мен 
өзгеру бағдарларын айқындау болып табылады.
* * *
Тарихи грамматика тіл тарихы туралы жалпы білімнің бір саласы 
ретінде үғынылады. Ал тіл тарихы тарихи грамматика мен әдеби тіл 
тарихы на аж ы райты ны белгілі. Әдеби тіл тари х ы н ан тарихи 
грам м ати кан ы ң негізгі ай ы рм асы — он ы ң зерттеу, түсіндіру 
объектісінде. Тарихи грам м ати кан ы ң зерттей тін , түсіндіретін 
объектісі — күнделікті түрм ы сты қ қатынаста жасалатын сойлеу 
тіліндегі ғана емес, бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Екінші 
сөзбен, тарихи грамматика оз түж ы ры мы н, өз қоры ты нды сы н 
нормаланған, жүйеленген әдеби тіл (жазба түрінде де, ауызша түрінде 
де) ескерткіштері негізінде де, халықтың сөйлеу тілі жүйелерінің 
өзгерістері мен даму зандылықтары негізінде де айтады. Дегенмен, 
тіл тарихының бүл екі саласы бір-бірімен тыгыз байланысты, бірінің 
қорытындылары екіншісінде өзінің орнымен қайталанып отырады. 
Мәселе мынада: әдеби тіл тарихы жазбаша қалыптасқан әдеби тілдің 
даму жолдары н, о н ы ң норм алар ж үйесін, әр кезең, дәуірдегі 
өзгерістерін қарастырады. Ондай өзгерістердің түрлерін, соз иіндерін 
(стильдерін) қалыптастыру, дамытудагы ролін де назардан тыс 
қалдырмайды. Қысқасы, әдеби тіл тарихы зерттейтін жазба әдеби 
тіл де сөйлеу тілі тәрізді қоғам н ы ң қаты нас қүралы қы зметін 
атқарады . Әдеби тіл х алы қты ң ауы зекі сой леу тілі негізінде 
қалыптасады, кейінгі дамуында бүлар бір-бірімен тыгыз байланыста, 
тығыз қатынаста болып отырады. Соның салдарынан олар бір-біріне
9


өзара ықпал жасайды. Сондықтан да жазба ескерткіштер (жазба әдеби 
тіл ескерткіштері) әдеби тіл тарихының объектісі болумен бірге, 
тарихи грамматика қорытындысын дәлелдейтін дәйектеме де бола 
алады. Дегенмен, тілдің тарихи дамуы мен өзгерістерін зерттеуде 
тарихи грамматика мен эдеби тіл тарихы бір тәсіл, бір әдіс қолдана 
алмайды. Оган себеп, әдеби тіл тарихы жазбалар тіліндегі озгерістерді 
айқындап, жазба тіл салаларының даму багытын белгілейді. Ал тарихи 
грам м ати ка б о лса, ж азы лы п қ ал ган (ж азу қ о л д ан а бастаган 
дәуірлердегі) ескерткіш тер тілін гана зерттеп қойм айды , жазу 
қолданганга дейінгі көне дәуірлерде қолданыс тапқан тілдің сипатын 
баяндауга, жобалауга үмтылады. Сондықтан тарихи грамматика оз 
зерттеулерін бүгінгі тілдің фактілеріне талдау жасаудан бастайды да, 
сол талдаудан алынған қорытындылар негізінде откен дэуірлерге 
үңіледі. Тіл білімінде ретроспективтік әдіс деп аталатын бүл зерттеу 
б а г ы т ы н ы ң б а с т ы а й ы р м а ш ы л ы г ы , с о н ы м е н , б ү г ін г і тіл 
ерекшеліктерін талдауға сүйене отырып, откен дәуірлерге, тарихқа 
белгісіз кезендерге багдар жасап, жоба қүру. Жобаланган немесе 
қайта жобаланған (реконструкцияланган) сипатты, тілдің о бастагы 
табиги қалпын сәзбе-соз қайталау негізгі мақсат емес (ол мақсат 
болган күнде де, солай екендігіне коз жеткізу, тексеру мүмкін де 
еместігі белгілі), бірақ сол алғашқы қалпы жайында негізгі мэлімет 
беріледі. Оган коз жеткізу үшін тагы да сол жобаланган сипатты 
бүгінгі тілдердің материалдарымен салыстыру керек болады. Тарихи 
грамматика жазба ескерткіштер тілін қарастырғанда да осы әдісті 
қолданып, осы принципті үстанады. Әдеби тілдің тарихы түрғысынан 
жазба мүралар тілі сол замангы әдеби тіл нормалары жүйесінің 
жиынтығы, белгілі бір соз иінінің (стильдің) үлгісі деп қаралады да, 
сол бойынша қорытынды жасалады. Ал тарихи грамматика үшін 
жазба әдеби тіл ескерткіштері сол заманғы халықтың сойлеу тілі 
элементтерін қарастыратын коз. Мәселе мынада: жазба әдеби тілдің 
қалыптасқан сындарлы жүйесі қүрамында әлдебір себептермен енген 
сөйлеу тілі элементтері оқшауланып түрады. Ж азба әдеби тілдің озі 
халық тілі негізінде (не түтастай халық тілі, не соның бір диалектісі) 
қалыптасатындыгын, сондықтан оның қүрамында варианттар мен 
жарыспа элементтер болатындыгын былай қойғанда, ол (жазба тіл) 
ауызекі сойлеу тілімен тыгыз қатынаста, тығыз байланыста болады. 
М үндай байланыс сол халық окілдерінің әдеби тіл нормаларын 
меңгеру дәрежесі әлі бәсең кезде, әдеби тіл халықтың бүкіл топтары 
арасында түгел тарай қоймаган кезеңде тіпті тыгыз болады және ол 
белгілі бір зандылықтар' шеңберіне сия бермеуі мүмкін. Қ азақ тілі
10


тарихында орта түркі дәуірінен кейін, түркі халық тілдері қалыптасу 
дәуірінде сол халық тілдерімен бір мезгіл, бір дәуірде бой көрсеткен 
т ү р к і ж азб а ә д еб и тіл і ф а к т іл е р ін ің қ а з а қ т іл ін ің тар и х и
грамматикасын жасаудағы мәні мен ролі осында. Орта ғасырлардан 
біздің заманымызға жеткен ескерткіштер сол түркі әдеби тілінде 
жазылған. Ал түркі әдеби тілі парсы, парсы арқылы араб тілі, парсы- 
араб мәдениеттерінің ықпалымен қалыптасты. Ол тілдің қүрамында 
парсизм мен арабизмдердің сан мөлшері мол болып қана қойған 
ж оқ, оның сөз саптау, сөз қолдану зандылықтарына да парсы, араб 
тілдерінің әсері тиді. Осындай сипаттағы жазба тілдің қүрамына 
енген ауызекі сөйлеу тілінің элементтері көзге оқш ау көрінеді. 
Өйткені, жазбалар тіліндегі сөйлеу тілі элем енттері өзгеріссіз, 
бүрынғы сипатын сақтайды. Сойтіп, Орта А зиялы қ түркі әдеби 
т іл ін ің б ізге ж е т к е н е с к е р т к іш т е р і қ а з а қ т іл ін ің т а р и х и
грамматикасын жасау үшін жеке фактілер іздейтін коз гана болып 
отырады. Ал ф ольклорларға осы түрғы дан қарауға болмайды. 
Ф ольклор тілі халы қты ң сойлеу тілінің негізінде жасалған тіл. 
Сондықтан оның қүрамынан сойлеу тілінің элементтері сонш алық 
оқшауланып түрмайды. Фольклор немесе ауыз әдебиеті тілін қазіргі 
кейбір зерттеушілер өз алдына ерекше қызмет атқаратын стиль түрі 
деп те қарап жүр. Оған себеп, сірә, фольклор тілі дәстүрінің бүгінгі 
жазба әдебиеті аясында да корініп қалуы болса керек. Олай болатын 
себебі — фольклор тілін оның қүралдарының стильдік жіктелу, өңцелу 
түрғы сы н ан қарасты ру м үм кін бола берм ейді. О ны ң ж үйесі 
түтасынан коркем ойды білдірудің тәсілі іспетті қалыптасқан. Екінші 
жағы нан, фольклор тілі өз сипаты ж ағынан ешбір диалектілік 
ш еңберге сы й м ай ты н , белгілі бір д ә с т ү р л ік ж үйе б ой ы н ш а 
қалыптасқан, бүгінгі сөйлеу тілі мен әдеби тіл түргысынан архаизмдік 
ауытқулары бар тіл деп қаралады. Фольклор немесе ауыз әдебиеті 
тілі атадан балаға ауысып, замандар бойы жалғасып келе жатқан 
әдеби желі. Сол себептен де оны ң тілі халықтың барлық топтарына 
да етене түсінікті. Ауыз эдебиеті тілінің ешбір диалектілік шектеуге 
сия бермейтіні де сондықтан. Буыннан буынға, атадан балаға ауысу 
процесінде фольклор тілінің коркемдеуіш тәсілдері мен соз саптау 
қисындары бір қалпын сақтайды. Осындай үзақ процесс оның тілдік 
қүралдарын қалы птасқан жүйеге айналдырады. Яғни, оны ң тілі 
дәстүрге, түрақтанған жүйеге айналады.
Ал мүндай сипатты тіл қүрамында тілдің откен дәуірлерінің бел-

*
п сі — жеке создер, формалар, соз қисындары көптеп сақтала береді.
11


Ондай сөздерді жаңа, жас қолданушылар қазіргі тілдің қүралдарымен 
ауыстыра алм айды . Ауыса қ ал са, сөздің қ ал ы п тасқ ан ж үйесі 
бүзы лы п, одан туар эсер де бәсеңдеп өңсізденеді. Ал тарихи 
грамматика осындай фактілердің барлыгын да тілдің белгілі бір 
дәуірінің көрінісі ретінде пайдаланады. Бірақ осы ретте ол әдебиеттік 
зерттеулерге, әдеби тіл тарихы бағдарындағы зерттеулерге сүйенеді. 
Өйткені, ауыз әдебиетінің қай шығармасы да белгілі бір дәуірдің 
туындысы. Сол дәуірдің әлеуметтік, әдебиеттік, тілдік ерекшеліктерін 
айқындап зерттейтін әдебиеттану мен әдеби тіл тарихы. Сондықтан 
тілдік- өзгерістердің мерзімі мен себеп-жағдайын білу үшін сол ғылым 
салаларының қорытындыларын еске алу керек.
Сүйенер, негізге алар объектісі түрғысынан тарихи грамматика 
диалектологиямен негіздес болып келеді. Диалектология сойлеу, 
түрмыстық қатынас тілінің бір корінісі — диалектілерді зерттейтіні, 
соларды сипаттайтыны белгілі. Мәселе мынада: үлт, үлттық тіл 
қалыптасқанга дейінгі негізгі қатынас қүралы болған тілдің озін де 
бүгінгі гылым түрғысынан диалект деп қарауга болар еді. Ол қатынас 
қүралының әдеби тілдік барлық қасиеті түгел болмағандығын былай 
қойғанда, сол халық мекендеген барлық аймақтар түрғындарына да 
түгелдей түсінікті болган емес. Олай болса, тарихи грамматика 
қ а м т и т ы н к о н е к е зе ң (м ы сал ы , ж алпы х а л ы қ т ы қ тү тас тіл 
қалы птасқанга дейінгі кезең) диалектілік тілдің мерзімі болып 
шыгады. Д егенм ен, бүларды ң қойы латы н талап пен объектіге 
козқарас түргысынан бір-бірінен принциптік айырмашылықтары 
бар. Диалектология жеке диалектілік топтардың пайда болуы, сипаты 
мен таралуы басқа да сондай біроңкей топтардың айырмасы тәрізді 
мәселелерді аны қтап, айқындайды. Сонан соң, диалектілік соз 
топтары даму түрғысынан диалектілердің озара қатынасы мәселесін 
де қамти алады. Тарихи грамматика жеке диалектінің сипаты мен 
ерекшелігі, оны ң қалыптасуы тәрізді мәселелерді қарастырмайды. 
Тарихи грамматика халық тілі қүрамына енген бүкіл диалектілер 
тобын түтастай алып қарастырады. Жеке диалектілік топтардың бір- 
бірімен қарым-қатынасқа түсуінің нәтижесінде олардың арасындағы 
айырмашылықтардың жогалу барысын (нивелировка) айқындауды 
өзінің басты м індеттерінің бірі деп қарайды . Өйткені, тарихи 
грам м ати кан ы ң түп кі м ақсаты — біртүтас халы қ, үлт тілінің 
қалыптасу процесін айқындап білу болып табылады.
12


* * *
Қ азақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің “Түркі тілдерінің 
салы сты рмалы грам м ати касы ” , с о н д а й -а қ “ К өне түркі ж азба 
ескерткіштерінің тілі” деп аталатын пәндермен байланысы мен 
айырмашылығы қандай? - дейтін орынды сүрақтар туады. Сондай 
сүрақтың тууы, ең алдымен, филологиялық жоғары оқу орындарында 
сол пәндерді оқытудың практикасымен үштасып жатады.
“Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы” деп аталатын пән 
т ү р к і тілдерін сал ы сты р а зер ттеу д ің н ә т и ж е с ін д е , о т а н д ы қ
түркологияның жинақталған алғаш қы зерттеулер жүйесі ретінде 
қалыптасты. Бүл пәннің қүрамы нан екі түрлі саланы ажыратуға 
болады: біріншіден, барлық түркі тілдерінің түп негізін жобалау, әрбір 
тарихи дәуірлерде оларга ортақ даму зандылықтарын ашу сипатындағы 
зерттеулер. Отандық түркология (дүние жүзілік түркология да) осы 
сипатты еңбектерден басталады. Олар - түркі тілдері тарихында белгілі 
ескерткіштерді филологиялық түрғыдан зерттеу, олардың әрқайсы- 
сының бүгінгі түркі тілдеріне қатысы тәрізді мәселелерді зерттеу 
арқылы түркі негіз тілдің сипатын жобалау, әрбір тарихи кезендер- 
де жалпы түркі тілдерінде болған фонетикалық және грамматикалық 
өзгерістердің түрлері, тілдік жаңалықтардың қалыптасу кезеңі және 
олардың тіл қүрылымын қамту дәрежесі, тілдік өзгерістердің этно- 
географиялық таралу шегі, т.б. Бүл мәселелердің барлығы да жалпы 
тіл білімінің бүгінгі дәрежесі түрғысынан тарихи салыстырмалы тіл 
білімінің негізі болып қаралады. Түркі тілдерінің салыстырмалы 
грамматикасының екінші саласы — синхрондық салыстыру, бүгінгі 
түркі тілдерін белгілі жүйелер бойынша салыстыра келіп, олардың 
арасындағы айырмашылықтар тобын белгілеу.
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы түркі тілдерінің салыстырмалы 
грам м атикасы м ен, сөз ж оқ, байланы сты . Е ң алды мен ж алпы 
түркологиялық зерттеулер болды да, кейін сол зерттеулердің бір саласы 
ретінде қазақ тілінің тарихи грамматикасы пән ретінде қалыптаса 
бастады. Жеке түркі тілдерінің әрқайсысының тарихы да ең эуелі осы 
жолмен пайда болды. Қысқасы, қазақ тілінің тарихы жайлы ғылымның 
өзі бастауын әуелі тарихи-салыстырмалы түркологиядан алды.
Дегенмен, “тарихи грамматика” “түркі тілдерінің салыстырмалы 
грамматикасынан” бөлек, дербес пән, дербес ғылым саласы. Тарихи- 
салыстырмалы түркология жалпы түркілік күйді, тарихтың көне, ескі 
дәуірлеріндегі оларга ортақ зандылықтарды түсіндіріп, жеке тілдердің 
қалыптасу дәуіріне келген жерден қазақ тілінің тарихы басталады. 
Жалпы түркілік сипат аяқталып, жеке тайпалар мен рулардың халық
13


“ Коне дәуір ескерткіш тері” деп жалпы аталатын топтың ішінен 
түркі тілдерінің қүры лы м ы н зерттеуге арналған ф илологиялы қ 
еңбектердің орны ерекше. Олардың бастысы да, уақыт жағынан 
біріншісі де Махмуд Қашқаридың “Диван луғат ат-түрік” атты еңбегі. 
Ж азылған уақыты 1069 жыл деп шамаланады. Еңбек сол заманғы 
түркі тілдері лексикасы ны ң салыстырмалы сөздігі ретінде жасалған. 
С оны м ен қатар, онда түркі тілдерінің м орф ологиялы қ жүйесі 
баяндалады. Олардың бір-бірінен фонетикалық айырмашылығы да 
көрсетілген. Махмуд Қ аш қари Ш ығыста және Батыста (Қытай 
шекарасынан батысқа, Византияға қарай) орналасқан түркі тілдерінің 
мынадай ерекшеліктерін корсетеді:
1) Соз ортасында 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет