Группа: эко-201 СӨЖ тапсырмасы 9 Шағын және орта бизнесті стратегиялық басқару



Дата07.02.2022
өлшемі18,4 Kb.
#88228
Байланысты:
шжобб 9срс


Студент: Садакбаева Диана
Группа: ЭКО-201
СӨЖ тапсырмасы 9
Шағын және орта бизнесті стратегиялық басқару
Шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасы қызметаралық және көп профильді проблемалар қатарына жатады. Былайша айтқанда оның шешімі — кешенді және жүйелі көзқарасты, сонымен бірге экономикалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік факторларды есепке алуды талап етеді. Осы талаптардың бәріне бағдарламалы-мақсаттық тәсіл жауап береді.
Атап айтқанда бейстандарттық және “шекаралық” проблемалардың шешімін іздеу жолында – әсіресе сапа аралықта бағдарламалы-мақсаттық деп аталатын ерекше тәсілдің қажеттілігі туындайды. Ол өмір сүріп жатқан құрылымдар мен процедуралар шеңберінде орын алмайтын проблемалармен байланысты. Бағдарламалы-мақсаттық тәсілдің маңыздылығы — жүйені дамыту мақсаттарын қалыптастыру және қойылған мақсаттарды іске асыру үшін қорлардың үлестірілуінде. Бағдарламалы-мақсаттық тәсілдің құралы ретінде мақсатты кешенді бағдарламалар қызмет етеді. Шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мақсаттық-кешенді бағдарламаны дайындаудан бұрын, шағын кәсіпкерлікті дамыту проблемалары бағдарлама бойынша дайындалатын проблемалар критерийіне жауап бере ала ма? деген мәселені анықтап алу қажет. Ондай критерийлерге көп аспектілілік, күрделілік, проблеманың жаңалылығы, әлеуметтік критерийлер, қарастырылып жатқан проблеманың тиімділігі мен өзектілігі жатады. Шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалы-мақсаттық басқарудың қолданылуы, көрсетілген критерийлерге жауап бергенде ғана ақталады. Шағын кәсіпкерлікті басқару проблемаларын көрсетілген критерийлер тұрғысынан талдайық.
Бірінші критерий – бұл көп аспектілілік. Шағын кәсіпкерліктің дамуы, талапқа сай шағын және орта бизнес инфрақұрылымдарының құрылуын, соның ішінде аналитикалық бизнес-орталығын және консалтингтік топтарды қалыптастыру, бизнес-инкубаторларын құру, кәсіпкерлерді дайындайтын, қайта дайындайтын және оқытатын орталықтар ашу; шағын және орта бизнесті қолдау саласында нормативтік-құқықтық қолдауды жетілдіруді қамтамасыз ететін осы бір қосалқы жүйелерді құруда, кәсіпкерлікті дамыту проблемасының көп профильді және қызметаралық сипатына сай келетін әр түрлі аспектілер талқыланады.
Шағын кәсіпкерліктің дамуын басқару проблемасы жаңалылық критерийіне сай келеді. Былайша айтқанда бүгінгі басқару жүйесінің бұл проблеманы шеше алмайтындығын білдіреді. Шағын кәсіпкерліктің даму проблемаларын шешу жаңа басқару жүйесін құру қажет. Шағын кәсіпкерліктің басқару объектісі басқарудың талапқа сай жүйесін құруға мұқтаж. Бүгінгі күнде Қазақстанда әлі бұл проблеманы шешуге мүмкіндік беретін шағын кәсіпкерлікті басқарудың тәртіпке келтірілген кешенді жүйесі жоқ.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын кәсіпкерлік саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету. Шағын кәсіпкерлікті дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын бизнес инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. -сондықтан шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне сай келеді.
Соңында, шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасы өзектілік (өткірлілік) проблемасына жауап береді. Өзектілік критерийі бойынша табиғи үйреншікті тәртіпте жұмыс істей отырып, жүйенің қажетті өндіріс деңгейіне шыққанға дейін қоғамның күту мүмкіндігінің болмауы сияқты, анағұрлым өткір проблемаларды шешуге арналған бағдарламалар ерекшеленіп шығуда. Қазақстан үшін экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі, экономиканы жандандыратын және экономикалық дағдарыстан шығаратын маңызды фактор болуы мүмкін. Бұл күрделі мәселенің шешімі кейінге қалдыруды күтпейді. Осы процесті жылдамдату мақсатында шағын бизнесті қолдайтын жергілікті және аймақтық деңгейде анықталған, талапқа сай кәсіпкерлікті басқару жүйесін құру ұсынылады.
Осы талдауды жалпылай келе, шағын кәсіпкерліктің даму проблемасы бағдарлама бойынша дайындалған проблемалардың барлық критерийлеріне жауап береді деп қорытындылауға болады. АҚШ және басқа бір қатар елдерде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың әр түрлі мақсаттық бағдарламалар желісі арқылы жүзеге асырылуы кездейсоқтық емес.
Стратегиялық басқару– берілген мекеменің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін өз ресурстарын басқаруы. Стратегиялық басқару берілген мекеменің мақсаттарын анықтау, бәсекелестік орта мен ішкі ұйымдастыруды талдау, стратегияларды бағалау және олардың барлық мекемеге жайылғанын қамтиды.
Негізінде, стратегиялық басқару, мекеменің өзінен шыққан немесе бәсекелестерден келген, мекеменің алдында тұрған мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді тануды қамтиды, және, мекеменің бәсекелестерімен салыстырғанда міндеттерін қалай атқаратындығын анықтайды. Стратегиялық басқару жағдайды ішкі және сыртқы жақтан бағалай білуді талап етеді. Стратегиялық басқару бірнеше ой мектептеріне бөлінеді. Сипаттама тәсілі стратегиялар іс жүзінде қалай жасалғанына бас назар аударады, ал директивалық тәсіл, стратегияларды қалай әзірлеуі тиіс екендігін баяндайды. Бұл мектептер стратегиялардың қалай дамытылғанына қарай ерекшеленеді: барлық қатерлер мен мүмкіндіктер ескерілген талдау процесі арқылы немесе жалпы бағыттаушы қағидаттар арқылы.
Бизнес мәдениеті, қызметкерлердің дағдылары мен бәсекелестілігі, сондай-ақ ұйымдық құрылым, ұйымның алдына қойылған мақсаттарына қол жеткізуіне әсер ететін маңызды факторлары боп саналады. Икемсіз компаниялар тез өзгеретін ортада табысқа жетуді қиын деп санайды. Стратегияларды әзірлеу және оларды іске асыру арасындағы бөгеттер менеджерлерге тиімді мақсаттарының орындалған-орындалмағанын анықтауға қиындық туғызады.
Ұйымның жоғарғы басқару оның стратегиясы үшін ақыр соңында жауапты болғанымен, бірнеше рет стратегиялар төменгі деңгейдегі басшылар мен қызметкерлердің іс-әрекеттері мен идеялары арқылы басталды. Ұйымның бас директорға сүйенгеннен гөрі стратегияға жұмыс атқаратын бірнеше қызметкерлерге сүйене алады. Ұйым басшылары өткен стратегиялардан үйренуге және ірі қоршаған бизнес ортаны зерттеуге назар аударады. Кейіннен, бұл білім болашақ стратегияларды әзірлеуге және қызметкерлердің іс-әрекеттері компанияның алға басуға бағытталғанын кадағалау үшін қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет