8. Зертханалық сабақтар мазмұны
Зертханалық жұмыстар қарастырылмаған.
8. БӨЖ мен БОӨЖ бойынша тапсырма
№
|
Тақырып атауы
|
Бақылау түрі
|
Тапсыру мерзімі
|
1
|
Психология менің өмірімде және кәсібімде
|
Эссе
|
1 апта
|
2
|
Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру
|
Баяндама
|
2апта
|
3
|
Эмоционалдық интеллектіні дамыту
|
Бағдарлама
құру
|
3 апта
|
4
|
Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы
|
Баяндама
|
4 апта
|
5
|
Қазіргі студенттің психологиялық портретін құру
|
Зерттеу жұмысы
|
5 апта
|
6
|
«Өмір жолы»
|
Жоба даярлау
|
6 апта
|
7
| Менің мансаптық және кәсіби өсуім |
Эссе
|
7 апта
|
8
|
Кәсіби денсаулықты сақтау
|
Кейс
|
8 апта
|
9
|
Көшбасшылық пен жетекшілік
|
Салыстырмалы талдау жасаңыздар
|
9 апта
|
10
|
Қарым қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылдау
|
Эссе
|
10 апта
|
11
|
Әлеуметтік желілердің жастардағы тәуелді мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етуін талдау
|
презентация дайындау
|
11 апта
|
12
|
Қарым қатынастағы психологиялық кедергілер және оларды жеңу
|
Кесте құру
|
12 апта
|
13
|
Толерантты мінез-құлықты дамыту
|
Психологиялық ұсыныстар әзірлеу
|
13 апта
|
14
|
Конфликтілік жағдайда басым көрінетін мінез-құлық типін анықтау
|
Өзін-өзі диагностикалау
|
14 апта
|
15
|
Тиімді коммуникация
|
Тренинг бағдарламасын даярлау
|
15 апта
|
Барлық сұрақтар бойынша кеңес беру – кестеге сәйкес.
9. Ұпай қою саясаты
(оқыту тілінде таңдап алу)
Кредиттік технология жағдайында оқу процесін ұйымдастыру элементтерінің бірі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану болып табылады. Ұпай қою саясаты объективтілік, ашықтық, икемділік және жоғары саралаушылық принциптеріне негізделеді.
Пәнді оқыту барлық өтілген материалды қамтитын, әртүрлі формада (жазбаша немесе ауысша емтихан, тестілеу) емтихан қабылдаумен аяқталады. Емтихан тапсыруға рұқсат алудың негізгі шарты – бағдарлама бойынша барлық тапсырмаларды орындау.
Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.
№
| Жұмыс түрі |
Бір тапсырмаға қойылатын баға (max балл)
|
Тапсырма саны
|
Жиынтық баға
|
Рейтинг 1
|
1
|
Эссе
|
10
|
10
|
100
|
2
|
Баяндама
|
10
|
10
|
100
|
3
|
Бағдарлама
құру
|
10
|
10
|
100
|
4
|
Баяндама
|
10
|
10
|
100
|
5
|
Зерттеу жұмысы
|
10
|
10
|
100
|
6
|
Жоба даярлау
|
10
|
10
|
100
|
Барлығы
|
100
|
Рейтинг 2
|
1
|
Салыстырмалы талдау жасаңыздар
|
10
|
10
|
100
|
2
|
Эссе
|
10
|
10
|
100
|
3
|
презентация дайындау
|
10
|
10
|
100
|
4
|
Кесте құру
|
10
|
10
|
100
|
5
|
Психологиялық ұсыныстар әзірлеу
|
10
|
10
|
100
|
6
|
Өзін-өзі диагностикалау
|
10
|
10
|
100
|
Барлығы
|
Ауызша талдау.
|
Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы академиялық кезең бойынша алынған барлық ағымдық және аралық бақылаулар бағасы қосындысының орташа арифметикалық мәні болып табылады:
ЖР= (АБ1 + АБ2 + АБ3 +…. +АБn + АрБ1 + АрБ2) / (n+2),
мұндағыЖБ –емтиханға жіберу рейтингісі; АБ – ағымдық бақылау; АрБ – аралық бақылау; n – ағымдық бақылаулар саны; 2 – аралық бақылаулар саны.
Пән бойынша қорытынды бақылауға пән бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (барлық практикалық (семинарлық, зертханалық) жұмыстарды және БОӨЖ, БӨЖ бойынша тапсырмаларды орындаған және тапсырған), емтиханға жіберу рейтингісін (50 баллдан кем емес) жинаған білім алушы жіберіледі. Пән бойынша емтиханға жіберу рейтингісі оң баға болмаса (50 баллдан кем емес) білім алушы емтиханға жіберілмейді.
Пән бойынша қорытынды баға автоматты түрде төмендегі формула бойынша есептеледі:
Қ = (Р1+Р2)/2*0,6+емтихан бағасы*0,4,
мұндағы Р1 – бірінші аралық бақылау бағасы; Р2 – екінші аралық бақылау бағасы.
Пән бойынша қорытынды баға білім алушы тек емтиханға жіберу рейтингісі бойынша да, қорытынды бақылау бойынша да оң баға (50 баллдан кем емес) алған жағдайда есептеледі.Қандай да бір дәлелді немесе дәлелсіз себептермен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда «Емтихан бағасы» бағанасына «0» (нөл) қойылады. Пән бойынша аралық аттестация нәтижелері білім алушыға сол күні хабарланады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың төрт баллдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
Баллдардың сандық эквиваленті
|
Баллдар (%-тік құрамы)
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D-
|
1,0
|
50-54
|
FХ
|
0,5
|
25-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
F
|
0
|
0-24
|
10. Оқытушы талабы, саясаты мен тәртібі (оқыту тілінде таңдап алу)
Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау саясаты академиялық адалдық, талаптардың бірлігі, объективтілік пен адалдық, ашықтық және ашықтық принциптеріне негізделген.
Бірінші сабақта мұғалім студенттерге пәннің жұмыс оқу жоспары (силлабусы), академиялық пәннің жоспарланған оқу нәтижелері және оларды бағалау тәртібі туралы таныстырады.
Академиялық әділетсіздік байқалған жағдайда ЖОО білім алушылары тарапынан:
- аудиториядағы және аудиториядан тыс сабақтар кезінде: бірінші жол берілген тәртіп бұзғаннан кейін құрылған комиссия білім алушылармен әңгімелесу өткізеді; актіде шығарылған ескерту және қабылданатын шара (бағаланатын жұмыс үшін бағаны төмендету; білім алушының жазбаша жұмысын жою, бақылау іс-шарасын қайта өткізуге ұсыныс және т.б.) тіркеледі. Академиялық адалдық фактілеріне қайта жол берілген жағдайда оқу жылы ішінде қайта комиссия құрылады, акт жасалады және одан әрі шешімдер қабылдау үшін тәртіптік-сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңеске (бұдан әрі – ТСЖҚК) беріледі;
- аралық немесе қорытынды аттестаттау кезінде: Академиялық әділетсіздік көрсеткен білім алушы сол академиялық кезеңде емтиханды қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады. Бұл ретте емтихан ведомосына «Академиялық әділетсіздік танытқаны үшін емтиханнан алынды» деген жазба жазылады, оның түрі көрсетіледі. Емтиханды қайта тапсыру жазғы семестрде немесе келесі академиялық семестрде ақылы негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте білім алушы осы оқу пәніне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды және емтихан тапсырады. Емтиханнан қайта шығарылған жағдайда (ЖОО-да оқудың барлық кезеңі ішінде) білім алушы ШҚМУ-ға қайта қабылдану құқығынсыз оқудан шығарылады.
Білім алушының барлық аудиториялық сабақтарға кешікпей, сабаққа қатысуы міндетті болып табылады. Сабақтан қалған жағдайда деканатта тағайындалған тәртіппен өтелінеді.
Берілген курстың білім алушыларконтингентіне кірмейтін бөгде адамдардың дәріске қатысуына тыйым салынады.
Жұмысты көрсетілген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі емтихан сессиясына 5 күн қалғанға дейін беріледі.
Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыпты қайталау мен өтілген материалды өтеу міндетті. Оқу материалының меңгерілу дәрежесі жазбаша жұмыстармен немесе тестпен тексеріледі білім алушыларды тестілеу ескертусіз жүргізілуі мүмкін.
Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын (БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі:
- бірінші – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді;
- екінші - оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді.
Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі;
- Білім алушының үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау.
Білім алушы шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды;
- Білім алушының төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.
11. Емтихан сұрақтары
Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері.
Заманауи тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы психология мен психологиялық білімдердің мәні.
Психологияның әдістері.
Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде.
Мотивация және өзіндік мотивация. Мотивациялық сфераны жалпы ұйымдастыру.
Мотивтер және қажеттіліктер. Мотив түрлері. Жетекші мотив..
Жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивациясы.
Тұлғаның мотивациялық сфераның бұзылуымен байланысты еңбек тиімділігінің төмендеуі.
Адам өміріндегі эмоцияның рөлі.
Эмоционалдық интеллект.
Психологиядағы ерік түсінігі.
Ерікті актінің құрылымы. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі.
Ерік және тұлға. Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент).
Стресс түсінігі, түрлері, даму кезеңдері, белгілері. Стресске жауап берудің жеке стилдері. Стресске тұрақтылық түсінігі.
Темперамент анықтамасы, типтері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик.
Темперамент пен мінездің ара қатынасы.
Мінездің анықтамасы. Мінез акцентуациясы және тәрбие. «Ұлттық мінез» ұғымы.
Тұлғаның қабілеті және нышандары.
Әлеуметтік әлемдегі Мен. Мен-концепциясы.
Психологиядағы құндылық түсінігін зерттеу. Құндылықтар тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретінде. Тұлғалық құндылықтар.
Қызығушылық әлеуметтік іс әрекеттің жетекші мотиві ретінде.
Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары.
Қазақстанның заманауи даму кезеңіндегі кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік.
Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар.
Кәсiби өсудегі кедергiлер, оларды болдырмау және жеңу жолдары.
Кәсіби сәйкестілік дағдарысы және эмоциялық қажу синдромы
Психика мен дененің өзара байланысы және өзара ықпалы.
Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары.
Психикалық белсенді заттарды қолдану мен зиянды әдеттер денсаулықты әлсіріретуші фактор ретінде.
Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде.
Қарым-қатынас түсінігі. Қарым-қатынастың түрлері, формалары, қызметтері.
Тұлғааралық қарым-қатынас сипаттамалары.
Тұлғааралық коммуникация, өзара әрекеттесу, тұлғааралық қабылдау түсініктері.
Тұлғааралық, топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас ерекшеліктері. Қарым-қатынас стильдері.
Көшбасшылық және жетекшілік.
Қарым-қатынастың перцептивті жағы – қарым-қатынас процесіндегі адамдардың бірін-бірі қабылдауы ретінде.
Қарым-қатынастың перцептивті механизмдері: эмпатия, идентификация, децентрация, аттракция, толеранттылық, рефлексия, кері байланыс.
Психологиялық әсер етудің мәні, түрлері, механизмдері: жұқтыру, еліктеу, сендіру.
Психологиялық әсер етудің негізгі тәсілдері мен әдістері: демонстрация, жалған ақпарат тарату, қауесеттерді тарату, қорқыту, БАҚ-тағы манипуляция.
Коммуникацияның құрылымы, негізгі функциялары және түрлері.
Коммуникациядағы цифрлық технологиялар.
Коммуникацияның вербалды және вербалды емес құралдары.
Коммуникативтік рөлдердің мәні және қажеттілігі.
Коммуникативтік кедергілер (кәсіби, мағыналық, ұйымдастырушылық, тұлғалық-психологиялық және т.б.).
Коммуникацияның жас ерекшеліктері, әлеуметтік-мәдени және гендерлік ерекшеліктері.
Әлеуметтік конфликтілердің табиғаты және шығу себептері, түрлері.
Конфликтінің конструктивті және деструктивті функциялары.
Конфликтінің даму сатылары, қатысушылары мен жүргізушілері, олардың қажеттіліктері, мүдделері мен мақсаттары.
Конфликтінің функциялары мен зардаптары.
Конфликтіні болдырмау технологиясы.
Конфликтідегі рационалды мінез-құлық технологиялары. Конфликтілік мінез-құлықтар: ынтымақтастық, бәсекелестік, қашу, құтылу, кооперация стратегиялары.
Конфликтілерді шешу көп сатылы процесс ретінде.
Манипуляторлардың типтері. Негізгі манипуляциялық техникалар.
Манипуляция процесіндегі тұлға. Манипуляция жасырын хабарлама ретінде.
Келіссөздер - конфликтіні шешудің тәсілі ретінде.
Тиімді коммуникация ұғымы.
Тиімді коммуникация технологиялары және қағидалары, ережелері, дағдылары, тәсілдері, шарттары.
Әлеуметтік интеллект.
Коммуникациядағы имидж және өзіндік ұсыну.
Имидж қалыптастырудың технологиялары.
Сыртқы келбет имидждің бір бөлігі ретінде.
Белсенді тыңдау техникалары. Келіссөз процесінің технологиясы.
12. Әдебиеттер тізімі
(әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша - соңғы бес жылда;жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы пәндері бойынша соңғы он жылда басылған баспа басылымдары.)
Негізгі әдебиеттер:(обязательно указать переведенные на казахский язык зарубежные учебники (при наличии)
Әдебиеттер: Негізгі:
1. Назарбаев Н.А. На пороге ХХI века. – Астана, 2016.
2. Назарбаев Н.А. "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания". – Астана, АКОРДА, 2017 / http:// www. akorda. kz/ ru.
3. Назарбаев Н.А. Взгляд в будущее. – Астана, 2017.
4. Аронсон Э. Көпке ұмтылған жалғыз [Мәтін] = The Social Animal: әлеуметтік психологияға кіріспе: [оқулық] / Э. Аронсон ; ауд. Д. Д. Дүйсенбеков [және т. б.]. - 11-бас. - Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018. - 407, [2] б. - (Рухани жаңғыру).
5. Годфруа Ж. Что такое психология. Том 1. – М.: Мир, 2005 г. – 496 с.
6. Годфруа Ж. Что такое психология. Том 2. – М.: Мир, 2005 г. – 276 с.
7. Даниел Гоулман. Эмоциональный интеллект. Почему он может значить больше, чем IQ. Изд-во Манн, Иванов и Фербер: 2018. -560 с.
8. Джакупов С.М. Введение в общую психологию. – А.: Қазақ университеті, 2014
9. Ильин Е.П. Психология общения и межличностных отношений. - СПб.: Питер, 2009. - 576 с. ил. - (Серия "Мастера психологии").
10. Майерс Д. Әлеуметтік психология [Мәтін] = Social Psychology: [оқулық] / Д. Г. Майерс, Ж. М. Туенж ; ауд. Г. Қ. Айқынбаева [және т.б.]. - 12-бас. - Астана: «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2018. - 559, [1] б.: сур. - (Рухани жаңғыру).
11. Майерс Д. Психология / пер. с англ. И.А. Карпиков, В.А. Старовойтова. – 4-е изд. - Минск: "Попурри", 2009. – 848 с.
12. Психология индивидуальных различий / Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: АСТ: Астрель, 2008. – 720 с.
13. Руденко А.М. Психология в схемах и таблицах: учебное пособие. – М: Феникс, 2016. – 379 с.
14. Шульц Д. Қазіргі психология тарихы [Мәтін] = A History оf Modern Psychology : [монография] / Д. Шульц, С. Э. Шульц ; ауд. Б. Қ. Ақын [және т.б.]. - 11-бас. - Астана : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2018. – 447 [1] б.: сур. - (Рухани жаңғыру).
Қосымша:
1. Анцупов А.Я, Шипилов А.И. -Конфликтология .- Москва: Юрайт, 2017.
2. Арбузова Е. Н., Анисимов А. И., Шатрова О. В. Практикум по психологии общения. 2008 – 272 с.
3. Виноградова, С. М. Психология массовой коммуникации: учебник / С. М. Виноградова, Г. С. Мельник. – Москва: Юрайт, 2014. – 512 с.
4. Гарнер А., Пиз А. Язык разговора. Издательство: "Эксмо-Пресс" 2006 г. – 224 с
5. Гришина Н.В. Психология конфликта. СПб.: Питер, 2008. — 464 с. ил. — (Серия "Мастера психологии").
6. Ефимова Н.С. Социальная психология. – Москва: Юрайт, 2017.
7. Ильин Е.П. Психология творчества, креативности, одаренности. – СПб.: Питер, 2011. – 448 с.
8. Маклаков А.Г. Общая психология. Учебник для вузов. Москва: Юрайт, 2018.
9. Маслоу А. Мотивация и личность. — СПб.: Питер, 2008. – 352 с.
10. Наумов В.В. Гридасов М.А. Психология карьерного роста. Изд-во МСШ: 2009- 320 с.
11. Солсо Р.Л. Когнитивная психология. – пер. с англ. –М. "Тривола", М. "Либерия". 2002. – 600 с.
12. Э. Берн Игры, в которые играют люди. Люди, которые играют в игры. 2016 – 576 с.
13. Балинт М. Базисный дефект. М.: Когито-Центр, 2002. 256 с.
14. Кохут Х. Анализ самости. Системный подход к лечению нарциссических нарушений личности. М.: Когито-Центр. 2003. 368 с.
15. Фрейд А. Эго и механизмы защиты // Теория и практика детского психоанализа. Пер. с англ. И нем. / М.: ООО Апрель Пресс, ЗАО Изд-во ЭКСМО-Пресс, 1999. С. 115-244.
16. Шмидбауэр В. Вытеснение и другие защитные механизмы // Энциклопедия глубинной психологии. Т.1. - М.: ЗАО МГ Менеджмент, 1998. С. 289-295.
17. Выготский Л.С. Проблема воли и ее развитие в детском возрасте // Собр. соч. в 6 т. Т. 2. М.: Педагогика, 1982. С. 454-465.
Интернет-ресурстар:
1. http:// www. akorda. Kz
2. http:// azps. ru/
3. http:// psy chol ogy. net. ru/ articles
4. http:// www. psy chol ogy- online. net/
5. http:// psynet. narod. ru/ main. Htm
6. http:// psy fact or. org/
_Психология пәні бойынша
2019/2020 оқу жылына арналған
пән бағдарламасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу
Пән бағдарламасына төмендегідей өзгерістер енгізіледі:
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Пән бағдарламасы қайтадан қаралды, енгізілген өзгерістер _____________________кафедра отырысында бекітілді
Хаттама № ________ «_______»_________________20 ж.
Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының аға оқытушысы: Турарова Г.У. ____________ А.Т.Ә.
қолы
Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының меңгерушісі, пс.ғ.к. Р.Ж.Тюлюпергенева ___________ А.Т.Ә.
қолы
Енгізілген өзгертулер келісілді:
Факультет әдістемелік кеңесі төрағасы Аильбаева К.Д.____________ А.Т.Ә.
қолы
Протокол/ Хаттама № _____ «_______»______________20 ж.
Факультеттің Кеңесі төрағасы Куленова Г.Б._________________ А.Т.Ә.
қолы
Хаттама № _____ «_______»______________20 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |