Гуманитарлық білім беру факультеттің деканы Р. Айдарбаева



бет3/5
Дата13.12.2021
өлшемі53,68 Kb.
#125274
1   2   3   4   5
Байланысты:
Силлабус

1.Пән туралы ақпарат


Пәннің атауы

Психология

Пәннің коды

Psi -1116




Кредит саны

2


Курс – 1

Семестр – 2












Пәнді өткізу уақыты және орны

оқу кестесі бойынша, 1-ші аптадан – 15 аптаға дейін,

Г-2-324 _____

Кеңес беру уақыты – оқу кестесі бойынша

Рейтинг кестесі: 7 және 15 апта

Жетписова Жулдыз Жумакановна

Байланыс ақпараты


2. Пәннің қысқаша мазмұны:

Бағдарламаның мақсаты – «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері:

      1) негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;

      2) қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;

      3) заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнінің өзара байланысын қалыптастыру;

      4) студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алуларының негізгі көздері мен әдістерін игеру;

      5) әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету;

      6) сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.

      Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады:

      оқу пәнінің модулін құрайтын барлық ғылымдар саласының (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология) пәндік білімін түсіндіре және жеткізе алуы (ұғым, ой, теория);

      1) әлеуметтік-саяси модуль пәнінің базалық білім жүйелерінде біріктіру үдерістерінің өнімі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіндіру;

      2) нақты оқу пәні мен модуль пәнінің мәнмәтінінің өзара әрекеттесу нәтижесінде ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдерін пайдалана білу;

      3) оқытылатын пәннің аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде әртүрлі саладағы әлеуметтік қарым-қатынастың жағдайын түсіндіру;

      4) әлеуметтік және тұлғаралық қатынастар, тіл, мәдениет, саяси бағдарламалар, қазақ қоғамының әртүрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты нақтылау және негіздеу;

      5) қазақстандық қоғамда жаңарудағы әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық институттардың мәнмәтінінде олардың рөлінің ерекшеліктеріне талдау жасай алу;

      6) қазақстандық қоғамдағы этикалық және құқықтық нормалар, қоғамдық, іскерлік, мәдени құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарым-қатынастағы әртүрлі жағдайларды сараптау;

      7) нақты мәселелерді талдау үшін әдіснамалық таңдауды негіздеу және қоғамды зерттеудің әртүрлі жолдарын айыра білу;

      8) ғылымның әлеуметтік-гуманитарлық түрі немесе басқа да ғылымдар саласында қоғамдағы нақты жағдай қатынасын бағалау, болатын қауіп-қатерді ескере отырып оның даму болашағын жобалай алу;

      9) кәсіби әлеуметтегі, сонымен қатар, қоғамдағы шиеленістерді шешуде бағдарламалар жасай алу;

      10) түрлі қарым-қатынас аясында зерттеу жобалық қызметтерін жүзеге асыра алу, қоғамдық бағалы ілімді түрлендіру (генерациялау), оны жобалау;

      11) әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіре және дәлелді түрде қорғай білу.

Бағдарламаны іске асыру барысында қолданылатын оқыту әдістері мен технологиялары:

      1) студентті оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын оқыту әдісі, ол студенттердің де оқыту үрдісіне рефлексивті көзқарасына негізделген;

      2) біліктілікке бағытталған оқыту;

      3) әртүрлі форматтағы рөлдік ойындар және оқу пікірталастары;

      4) кейс-стади (нақты жағдаяттарды сараптау);

      5) жобалар әдісі.

Пререквизиттер





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет