1.Сыр бойы ақындарының қисса-дастандарындағы шығыстық дәстүрдің көрінісі
2.Ұлттық сөз өнеріне негіз болған ақын-жыраулар ұстанған шығыстық дәстүр
3.Сыр өңіріндегі әдебиет өкілдері де шығыс әдебиетінің дәстүріне ерекше ден қоюы
5.Белгілі ғалым Б.Кәрібозұлы Сыр бойындағы ақын-жыраулар шығармашылығында көрініс табатын шығыстық дәстүр туралы: «Сыр өңіріндегі әдебиет өкілдері шығыс әдебиетінің дәстүріне ерекше ден қойып, шығыстың классикалық әдебиетінің үздік туындыларын нәзира дәстүрімен немесе Шығыс сюжетіндегі аңыздар мен ертегілерге өз жандарынан қосып қисса-хикаяттарды дүниеге келтіріп отырған. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде, әсіресе, Сыр сүлейлері шығармашылықтарында небір ғажайып үлгілі, көркемдігі қамшы салдырмайтындай туындылар Шығыс әдебиетінің дәстүрі негізінде дүниеге келіп, оқырмандарын тауып, халық арасына кең тарай бастаған болатын» [1, 12 б.],– деп бағалаған болатын.
6.Зерттеуші С.Дәрібаев Сыр шайырларының қисса-дастандары жайлы «Шаһнама», «Мың бір түн» хикаяларын, діни сюжеттер, Орта Азиялық сюжеттер, енді бір шығармаларды үндінің «Тотынамасын» негізге ала жырланған туындылардың қатарына жатқызуға болатынын айта келіп: «Бұл қисса-дастандардың әрідегі дәстүрі, әрине, «Мың бір түн», «Шаһнама», «Тотынамаға» барып тірелуі мүмкін. Солардағы айтылатын желілерге салып, бірақ оқиғаны, оның болған жерін, кейіпкерлерін, Орта Азия, қазақ өміріне жақындатып алған қисса-дастандар туған» [3, 78 б.],− деген пікірін білдіреді.
7.Шығыс шайырларының дәстүрінде ертегілік-аңыздық оқиғаларды негіз етіп алған дастандардың басталуындағы ақындық идея
Әдебиеттер тізімі:
1.Қазақ фольклористикасы. Әбілқасымова Қ, Тамаев А. Алматы 2007
2. Батырлар жыры. 1 том –Алматы: 2006
3. Батырлар жыры. 2 том-Алматы: 2006
4. Батырлар жыры. 3 том- Алматы: 2006
5. Жеті ғасыр жырлайды: 2 томдық Алматы: 2004
6.Қазақ халық әдебиеті. Алматы, 2014
7..Қазақ мақал мәтелдері. Алматы, 2001
8.Қазақтың мақал –мәтелдері. Алматы, 2004
9.Қазақ халқының ауыз әдебиеті. М.Ғабдуллин 2000
10.Қазақ әдебиетінің тарихы. Г.Умарова, С.Шарабасов Астана «Фолиант» 2011
11.Қазақ халық әдебиеті. Алматы «Қазақ университеті» 2013
12. Қазақ әдебиеті бастаулары. Н.Келімбетов Алматы «Ана тілі» 1998
30. тақырып: Айтыс өнері
Жоспар:
1.Зерттелу тарихы, жанрлық сипаттамасы
2.Айтыстың дамыған кезеңі
3.Қазіргі заманғы айтыс
Сабақтың мазмұны
Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір саласы – айтыс өлеңдер. “Айтыс” деген атау қазақ ұғымында өлеңмен айтысу, өлең сағысына, жарысына түсу мағынасында қолданылып келген. Айтыс дәстүрі тек қазақта ғана емес, Иран, Индия халықтарында да, арабтың бәдуйлер деп аталатын көшпелі тайпасында көшпелі тайпасында да және түркі тілдес өзбек, түрікпен, қарақалпақ, қырғыз сияқты халықтарда да болған. Айтыс әр елдің өз тілінде аталған. Мысалы: арабта “мұғалақат”, өзбекте “лафар”, қырғызда “айтуш”. Айтыстың диалогтық кейбір жолдарын V-VII ғасырлардағы Орхон-Енисей жазуларындағы Иоллы ақынның “Күлтегін” дастанынан кездестіреміз. Немесе XI ғасырларда жазылған Баласағұнидің “Құтадғу-Білік” шығармасының бірнеше өлең шумақтары айтыс үлгісінде құрылған. XIII ғасырда өмір сүрген Ұлы жыршының Шыңғыс хан мен өлеңмен жауаптасқаны да айтыс түріне жатады. Айтыстың топтасып айтылатын кейбір түрлері бұдан да арғы заманға барып тіреледі. Адам баласының өзінен жоғары нәрселердің бәрін “тәңірі” деп танып, табиғатқа табынған. Сәбилік дәуірде туған бәдік тағы басқа сондай жырлар айтыс өлеңдерінің ең көне түрі болып табылады. Айтыс қазақтың сөздік қорын жетілдіретін бай қазына.
Айтыстың тарихи даму жолы, өзіндік ерекшеліетері бар. Айтыстың басты ерекшеліктерінің бірі – ол өзінің ұзақ даму жолында болған оқиғаны, шындықты, ақиқатты өткір тілмен бүкпесіз айта алатын берік қалыптасқан дәстүрге аайналды. Расында айтыс нағыз ақындық өнер. Ипровизаторлық өнер, оның үстіне айтыс – поэзиямыздың көлемді де күрделі жанры.
Айтысқа кез-келген адам түсе бермеген, айтыс сайысына түсетін ақын ойдан тез шығарғыш дарынды да, сөз нөсерін түйдек-түйдегімен құйлатын төкпе де қарсыласынан тұтқиылдан төнетін ұшқыр да, ұтқыр, логиклық ой да күшті болуы шарт .
Айтыс сайысына дейін екі жақ ақындар да сөз жоқ үлкен дайындықпен келеді. Ол өзінің туған жерін ардақтап адам ата тегін, дін саптарын білумен бірге өз қарсыласына мін тағатын кемшіліктерін, осал мінездерін соғұрлым көп білсе, соғұрлым тиімді.
Айтыстың өзіндік тағы бір ерекшелігі, оған әйел еркек бірден қатасып отырғанын еске алсақ, мұның көпке ортақ өнер, ортақ жанр болып дамығанын көреміз. Ақын әйел қатыспаған айтыс кемде-кем. 1965 жылы “Жазушы” баспасынан шыққан 3-томдық айтыстың нақ жартыс ақын әйелдер.
Айтыстың күшті дамыған кезі XVIII-XIX ғасырлар. Бұл кездегі айтыстардың көпшілігі ру шеңберінде қалған. Айтысқа қатысқан ақындардың қай-қайсысы болмасын, өз руының әруағын көтеріп, туын жоғары ұстауға тырысқан. Айтыс ақындарының өткен ғасырдағы өкілдері Сүйінбай, Шернияз, Қатаған, Орынбай, Шортанбай, Кемпірбай, Шөже, Балта, Жанақ, Түбек, Тоғжан, Ақсұлу, Тәбия, Майлықожа, Тезекбай, Әсет, Ырысжан, Бейбіт, Мұса, Манап қыз сияқтылар.
Әдебиеттік жағынан алғанда, айтыс өлеңдерін мазмұнына, тақырыбына қарай екі түрге бөлуге болады. Біріншісі халықтың тұрмыс тіршілігіне, әдет-ғұрып саласына байланысты туған айтысар. Екіншісі – шын мәніндегі ақындар айтысы. Екіншісі қазақ айтыстарының ең күрделісі болып табылады. Көбінесе әзіл-оспаққа, күлдіргі әңгімеге құрылған айтыстың алғашқы үлгілерінде ақындар айтысындағыдай ақындық шабыттан, тыңнан туған өткір ой, өзекті оқиға желісі, әсерлі сөз жүйесі бола бермейді.
Айтыс өнерінің ең ерте заманнан келе жатқан түрі – бәдік айтысы. Екінші түрі “жар-жар” қыз бен жігіт айтысы, жұмбақ айтысы.
Жар-жарда бір жағы ескі әдет-ғұрыптың, қатал заңның әділетсіз кесікінін әшкерелесе, екіншіден, қазақ әйелдерінің бас бостандығының болмағанын айтып көрсетеді. Бұл жағынан жар-жар өлеңнің әлеуметтік мәні зор. Жар-жар өзіне тән еретеден қалыптасқан өлеңдік құрылысы бар. Жар-жар көбінесе 7-8 буынды жыр үлгісіне, кейде 11 буынды қара өлең үлгісіне құрылған. Жар-жар өлеңдерінің көркемдік стилі, әдісі, негізінен психологиялық паралеллелизм деуге болады. Көркемдік құралдарының бұл түрінде жансызды жандандыра сөйлету, жануарға тіл бітіру сияқты табиғат құбылыстарын адам ойына қатар қою әдісі жиі қолданылған.
Ақындар айтысы. Қазақтың әдебиетші ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда, нағыз ақындар айтысы XIX ғ. дамыған. Олай дейтіні XIX ғасырға дейінгі айтыс ақындарында өмірбаяндық деректері де, айтыс өлеңдері де сақтала бермеген. XVIII ғ. өмір сүрген ақын-жыраулардың аты-жөні белгілі болғанымен, олардың айтыс өлеңдерінен қай түрде, қандай көлемде болғаны туралы нақтылы деректер әлі күнге анықталған емес.
XIX ғ. басында туып, бертін келе дамыған айтыс ақындарының аты-жөні, тіпті өмірбаяны да белгілі. Олардың айтыс өлеңдері халық аузында немесе қолжазба күйінде сақталып келген.
Айтыстың күшті дамыған кезі – XVIII-XIX ғасырлар. Бұл кездегі айтыстардың көпшілігі ру шеңберінде қалған. Айтысқа қатысқан ақындардың қай-қайсысы болмасын өз руының әруағын көтеріп туын жоғары ұстауға тырысқан.
Айтыстың түрлері.
Әдебиеттік жағынан алғанда, айтыс өлеңдерін мазмұнына, тақырыбына қарай екі түрге бөлуге болады. Біріншісі- халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған айтыстар. Екіншісі- шын мәніндегі ақындар айтысы. Бұл соңғысы қазақ айтыстарының ең күрделісі.
Айтыс өлеңдерінің алғашқы үлгілері халықтың тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына байланысты туған. Және ол жұрттың жиналған жерінде, ойын-сауық үстінде шығарылған. Оларды шығарушы да ақындар болған. Бұл айтыстар жалпы айтыс өлеңдерінің алғашқы үлгілірі болғандықтан да өзіне тән ерекшеліктері барлығын көрсетеді. Ең алдымен, ол ойын-сауық ретінде, халықтық көңілдендіру, күлдіру негізінде туғандығын аңғартады. өлеңі жұрттың жаттап алып, айта беруіне лайықталған болады. Мұнда нағыз ақындар айтысындағыдай тыңнан қозғалатын күрделі әңгімелер, оқыстан туған оқиғалар буырқанып-буырсынып шығатын сөз саптасы кездеспейді. Көбінесе жеңіл-желпі айтылған әзіл-оспақ түрінде болып отырады. Екіншіден, бұл айтыстарда халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған әр түрлі ұғым, түсініктер араласа жүреді.
Бүл айтылғандар тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып салтқа байланысты туған айтыс өлеңдерінің көмекшілігі емес. Ол – айтыс өлеңдерінің қалай туып, алғашқы қалыптасу ретінде нені сөз еткендігін аңғартатын ерекшеліктері болуға тиісті. Және осы айтыстар кейіннен үлкен айтыс өлеңдерінің, яғни аындар айтысының, шығуына негіз салды, соның бастамасы болды деп түсінеміз.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған айтыстарды мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлеміз. Солардың ішінде басталары:”жар-жар”, “бәдік айтысы”, “қыз бен жігіт айтысы”, “дін айтысы”, “жұмбақ айтысы”. Бұларды талдағанда “жар-жар ”мен “бәдік” айтысына тоқталып жатпаймыз. өйткені ьол екеуін осы кітаптың алғашқы тарауында қарастырғанбыз. Бұл арада, қайталау түрінде, “жар-жар” мен “бәдік” – айтысы өлеңінің ең ескі, алғашқы үлгілеріне салыстырғандығын ескертпеппіз.
Қыз бен жігіт айтысы. Бұл айтыс халықтың әдет-ғұрып салтына байланысты ойын –сауықтар кезінде айтылған және ол ойын-сацыққа жиналған жұртты көңілдендіру, күлдіру, ән мен өлең қызығына батыру негізінде туған. Мұның алғашқы үлгілерін белгілі ақын қыздар мен жігіттер шығарған. Оларды осы айтыстағы өлеңдерін кейіннен өлең айтуға икемі бар, бірақ өзіндік ақындық өнері жоқ жастар жаттап алып ойын-сауық кезінде айтып жүретін болған. Бұл айтысты көбінесе қыздар мен жігіттер бастап, солар айтатын болғандықтан, халық оны “қыз бен жігіт” айтысы деп атаған.
Қыз бен жігіт айтысы, әдетте, екі жастың амандасуынан басталып, әзіл-оспақ, әдемі қалжың ретінде айтыла береді. Онда ақындар айтысындағыдай үлкен әңгімелер қозғалмайды, ойын-сауыққа лайықты күлдіргі жайлар сөз болады. Айтыстың өлеңі ретінде шығарылған және жұртқа таныс, үйреншікті жаттамалар болғандықтан оны ойын-сауық үстінде өлең айтуға икемі бар жігіт пен қыздың қайсысы болсада орындай береді. Бұл айтыстың мысалы төмендегідей болып келеді.
Жігіт :
Көгілдірік, ендеше, көгілдірік,
Көк дөненге өмілдірік.
Осындай бірме-дірге кез келгенде,
Айта гөр өлеңіңді төгілдіріп.
Қыз:
Асыл қайрақ, замандас, асыл қайрақ,
Бау ағашта тұрады бұл-бұл сайрап.
Құдай айдап осындай кез келгенде,
Өлеңіңді айта гөр, тәуір сайлап,-
деп айтысқа түскен қыз бен жігіт бір-бірін өлеңге шақырады. Бұлардың айтысы осылай басталып үдей береді, жұртты күлдіру үшін әр нәрсені әдемі әзіл, қалжзыңға айналдырады. Бұл ретте айтысушылар бір-бірінің бойындағы мінез кемшіліктерді де өлеңмен күлкі ететін болды. Мәселен:
Қыз:
Қызға барған ел білсін атағыңды,
Түзетіп ки мұнан соң шапаныңды.
Қыздан көңілің қалмаған қу көкірек,
Қырғызсаңшы бір қап жүн сақалыңды...
Сақалыңды айнаға көрші қарап,
Ту құйрықтан маңызды төрт-бес қадақ.
Ауылыңдағы бақалыға күзеп сатсаң,
Алты сабын береді, жеті тарақ,-
деп, жігіттің қаужиған сақалын күлкіге айналдырады. Бірақ жігіт оған дау айтып- “сөздің көркі – мақал, адамның көркі – сақал”,- дегенді дәл етеді. Және өз таптарынан қыздыңда мінезін айтыа- әзіл етеді.
Айтысқа түскен қыз бен жігіт көңіл сырын, бір-бірін ұнатқандығында білдіріп отырады. “Бұдан былай таныс болып, көрісіп жүрерлік”- дегендерді де өлеңге қосады. Айтысып отырған бір қыз жігітке: “кешке таман қызы қараған кісі болып келіп-кетіп жүр”,- деді оған жігіт:
... Қозы қарап, мезгілсіз бара берсем,
итін қосар қу әкең сорым қайнап,-
дейді. Жігіттің бұл сөзіне қыз:
... Ит түгілі қасқырдан қорықпас ем,
Дәл өзіңдей, дариға, болсам жігіт,-
деп жауап қайтарды да жігіттің намысына тие сөйлейді.
Қорыта келгенде, халықтың әдет-ғұрып ойын-сауық салтына байланысты туған “қыз бен жігіт айтысы” қазақ ауыз әдебиетінде “айтыс” жанрының алғашқы үлгілерінің бірі болып табылады. Ол кейінен үлкен “айтыстың” шығуына негіз салған жанрдың бірінен саналады.
Дін айтысы. Тарихшылардың айтуына қарағанда, XVI-XVII ғасырға дейін қазақ халқы тұтасынан бір дінде болмаған, тек XVII ғасырдан бері қарай ислам дінін қабылдап алған. Осы кезден бастап ислам- қазақтардың да негізгі дініне айналған.
Дін иелері, қожа-молдалар қазақ арасына ислам дінін үгіттеа жаю үшін поэзияны, соның ішінде айтыс өлеңдерін пайдаланған. Олар халыққа түсініксіз дін сөздерін, діни шарттарды кейбір жалдамалы ақындар арқылы ұғындырмақ болған, көпшілікке түсінікті ақындық тілмен діни әңгіме-үгіттерді таратқан.
Жұмбақ айтысы. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, әдет-салтына байланысты туған айтыс өлеңінің тағы бір түрі- жұмбақ айтыс. Бұл айтыста ойын-сауық үстінде, көпшіліктің жиналған жерңнде айтылатын болған.
“Жұмбақ айтысы” бұкіл айтыс өлеңдерінің ішіндегі ең қиыны секілді. өйткені ол тапқырлық пен білгірлікке құрылады. Сондықтан мұндай айтысқа түсу үшін ақынның өліңді суырып салып айтуы жеткіліксіз. Бұған қоса ақын тапқыр, білгір жіне тез ойлап, шапшаң жауап беретін болуға тиіс. Сонда ғана ол өзімен айтысқа түсіп отырған ақанның сынау мақсатымен оқыстан берген жұмбағын дұрыс шеше алатын болады. Бұл үшін жұмбақты берушініңде, оны шешушінің әр нәрседен хабары, көп мәліметі болуы шарт.
Біржан мен Сара айтысы.
Қазақтағы айтыс өлеңдерінің ішінде айырықша орын алатыны, көркемдік дәрежесі жоғарысы Біржан мен Сараның айтысы. Және ол қазақ еліне ертедене таныс, көп тараған айтыстың бірінен саналады. Бұл айтыстың идеясында аздаған қайшылық-кемшіліктер болса да қазақ поэзиясының ең сұлу, асылдарының бірі болып табылады.
Қазан көтерілісіне дейін қазақ ақындарының айтыс өлеңдері негізінде ауызша сақталып келді. Бірен-сарандаған айтыстар болмаса, көпшілігі баспа жүзін көрген емес-ті. Сол кезде өз алдына кітап болып шыққан Біржан мен Сараның айтысы (1900 жылы 1912 жылдары басылған) болатын.
Біржан мен Сараның айтысына талдау берместен бұрын, қысқаша түрде осы некі ақынның кім екендігін баяндап кетелік.
Біржан Қожағұлұлы қазіргі Көкшетау облысына қарасты Еңбекшілер ауданындағы (Степняк қаласы) “Қожағұл бұлағы” деген жерде туған. Сәбит Мұқановтың айтуына қарағанда, Біржан 1825 жылы туып, 1887 жылы қайтыс болған, профессор Ахмет Жұбановтың мәліметтеріне сүйенсек, Біржан 1831 жылы туып, 1894 жылы алпыс үш жасында қайтыс болған. Ал “Қазақ ССР тарихында” Біржан 1832 жылы туып 1895 жылы қайтыс б олды делінген.
Бұл үш фактінің қайсысы дұрыс екендігін дәлелдеп айту қиын. Қйткені Біржаннің өмірбаяны әлі күнге дейін толық зерттеліп жазылған емес.
Біржанның әкесі Тұрлыбай (Қожағұл Біржанның әкесі) кедей шаруа болыпты. Біржанның “Мың жарым жылұы біткен Қожағұлға” деуі ақындық шалқу үстінде айтылған сөз, анығында Қожағұл да, Тұрлыбай да әлді-ауқатты кісілер болмаған. Тұрлыбайдың Ержан. Нржан, Біржан атты үш баласы болыпты.
Біржан - әнді көп шығарған композитор. Оның “Көкшетау”, “Жамбас сипар”, “Айтбай”, “Адасқақ”, “Тентек” тағы бірнеше әндері бар. Ол әндеріне текстік өлеңді де өзі шығарған.
Барлық композиторлық, ақындық талантын халыққа арнаған Біржан өмірінің соңғы кезінде қалың қасірет-қайғыға душар болады: “Жынданды есінен ауысты”,-деген өсек-әңгімелер көбейді. Соның салдарынан ағайын-туыстары Біржанды үйден шығармай қол-аяғын байлап тастайды. Осындай ауыр күйге түскен Біржан құрбы-құрбас, жолдастарына арнап:
...Дүние, өтеріңді біліп едім,
Білдірмей серілікпен жүріп едім.
Бұл күнде арық қойдан бағам төмен,
Үш жүздің ортасында Біржан едім,-
деп зарланады, көңіліндегі қайғы-мұңын шағым етеді. Теміртас, Асыл, Ақық атты өзінің туған балаларына:
...Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,
Қинауға салады екен адамзатты,
Үкідей желпіндірген, қарақтарым,
Шешсеңші, білегіме арқан батты...-
деп мұңын айтып, көмек сұрайды. Осындай ауыр қасіретке ұшыраған, үш жыл бойына қол-аяғы байланған, қазақ халқының ұлы әнші-ақыны Біржан, алпыс үш жасқа келіп азаппен қайтыс болады. Оның денесі өзінің туған жеріне қойылады.
Ал Біржанмен айтысқа түскен Сара жайында баспа жүзіне шыққан өмірбаяндық материалдар жоқ, тек ел әңгімелері бар. Олардың айтуына қарағанда, Сара әні әнші, әрі алғыр ақын, сан айтыстарға қатысып жүлде алған жүйрік болған. Сараны 1911 жылдар шамасында қайтыс болған деседі.
Біржан мен Сараның атақты ақын болғандықтарын олардың айтысы көрсетеді. Бұл айтыс жайында ел аузында жүрген әңгімелер де бар. Оған құлақ түрсек - Біржан мен Сараның айтысы болмапты, оны Әріп Тәңірбергенов деген ақын шығарыпты-мыс. Әріптің белгілі ақын болмағаны рас, оның Біржан мен Сара айтысын естуі, білуі де мүмкін. Әйткенмен Әріптің осы айтысқа қатысы қандай, ол жинаушы немесе баспаға даярлап беруші ретінде қатысты ма, ол арасын айту қиын. Сондықтан біз мұны Біржан мен Сараның шығарға айтысы деп қараймыз. Сондай-ақ бұл айтыс алғашқы қалпын сақтаған ба, кейінгілердің қосқан, өңдеген жері жоқ па дегенді де айта алмаймыз. Өйткені, өткен заманда ақындар айтысын табан аузында жазып алу болған емес. Айтыстардың қайсысы болса да ақындардың кейіннен өз айтуымен тараған, кейде айтыстың ішінде болып естігендер, оны ұғып алушылар таратқан. Ал “Біржан мен Сара айтысы” айтыстың юболып өткен кезінен көп кейін Сараның өз аузынан жазылып алынған.
“Біржан мен Сара айтысын” зерттеушілердің қайсысы болса да, бұл айтыстың шынында да болғандығын дәлелдейді. Ол былай болады: Найман-Матайда (қазіргі Талдықорған маңында) Сара дейтін әрі әнші, әрі атақты ақын қыздың бар екенін, оның сан жүйріктерді сөзбен буғандығын Біржан естиді. Ал Біржан жайын, оның қандай әнші, ақын екендігін Сара да естіген болады. Бұл бір-бірін көріп білмесе де, сырттай таныс, дидарласып көрісуді арман етіп жүреді... Бір жылы қасына бірнеше жолдасырын ертіп, Біржан Сараның еліне келеді, ондағы ойы: атақты ақын қызбен танысу, өнер салыстырап айтысу, ақындық-әншілік күш байқасу. Біржан келсе, Сара үйінде жоқ екен. Біржанның алдынан Сараның шешесі мен сіңлісі шығады, олармен бір-екі ауыз сөз қағыстырады. Олар Сараның хажы ауылына кеткенін айтады, Сараны іздеп сол ауылға Біржан да тартады....
Сөйтіп, “Біржан мен сара айтысы” атақты екі ақынның өнер жарасы, сөз шарпысуы ғана болмай, бүкі қазақ ауыз әдебьиетінде әлеуметтік мәні бар тың тақырыпты, яғни әйел теңдігі мәселесін көтерген айтыс болады. Бұл айтыста қазақ қыздарының аянышты ауыр халі, сүйгеніне бара алмай жас өмірін қайғы-зар мен, жылаумен өткізгені, ескі әдет-ғұрыптың ққұрбаны болғаны суреттеледі. Олардығң бұндай ауыр халге түсіуіне феодалдар, байлар, хажылар кінәлі, оған : Есімбек, Тұрысбек сияқты жуандар айыпты екендігін көрсетеді.
Айтыста Сара сөзден ұтылып, ақындық өнерден жеңілген жоқ. Біржан да оны жеңіп шықты демейді. Бұл айтыста жеңілгендер – Сараның ағайын – туыстары. Сара сияқты саңлақты малға сатқан, теңіне бермей бір жаманға қор қылған Есімібек, Тұрысбектер жеңілді. Айтыста соларға деген халық қарғысы айтылады. Қазақ қыздарының бас бостандығына тұсау болғау, сор болып жабысқан қалың мал екендігі жиіркенішті түрде әшкере етіледі. Айтыстың әлеуметтік мәні де осында. Сондықтан да біз “Біржан мен Сара айтысын”, аздаған қайшылығы бола тұрса да, халықтық сипаты мол көркем айтыстың бірі деп қараймыз.
Қорыта келгенде, “Біржан мен Сара айтысы” айтыс өлеңдерінің ішінде елеулі орын алатын күрделі, көркем айтыстың бірі болып табылады Қазақтың айтыс өлеңдерінде әйел теңдігі және қалың мал мәселесін бірінші рет “Біржан мен Сараның айтысы” көтерсе, кейіннен басқа ақындардың да көңіл аударған, сөз еткен тақырыбына айналады.
Студенттің орындайтын тапсырмалары
Қыз бен жігіт айтысы, өзіндік ерекшелігі
Айтыстың көркемдік ерекшелігі
Айтыста саяси- әлеуметтік мәселелердің көтерілуі
Кеңес дәуіріндегі айтыстардың дамуындағы ерекшеліктер
Тәуелсіздік кезеңіндегі айтыстар
Айтыстың тамашалық сипаты
ХІХ ғасырдағы айтыс ақындары, олардың айтыстары
Кеңестік дәуірдегі айтыс ақындары, олардың айтыстары
Қазіргі кезеңдегі айтыс ақындары, олардың айтыстары
Оңтүстік өңіріндегі айтыскер ақындары, олардың айтыстары
Айтыс жанрының зерттелу тарихы
Айтысты мазмұны мен тақырыбына, түріне қарай жіктеу
Әдет-ғұрыппен, салтпен байланысты айтылатын айтыстар: бәдік, жұмбақ
Айтыстың айрықша дамыған түрі – ақындар айтысы
Айтыс жанрының зерттелу тарихы
Айтысты мазмұны мен тақырыбына, түріне қарай жіктеу
Әдет-ғұрыппен, салтпен байланысты айтылатын айтыстар: бәдік, жұмбақ
Айтыстың айрықша дамыған түрі – ақындар айтысы
Қыз бен жігіт айтысы, өзіндік ерекшелігі
Айтыстың көркемдік ерекшелігі
Айтыста саяси-әлеуметтік мәселелердің көтерілуі
Кеңес дәуіріндегі айтыстардың дамуындағы ерекшеліктер
Тәуелсіздік кезеңіндегі айтыстар
Айтыстың даму сипаты
Айтыстың тамашалық сипаты
ХІХ ғасырдағы айтыс ақындары, олардың айтыстары
Кеңестік дәуірдегі айтыс ақындары, олардың айтыстары
Қазіргі кезеңдегі айтыс ақындары, олардың айтыстары
Оңтүстік өңіріндегі айтыс ақындары, олардың айтыстары
Біржан салдың өмірі мен шығармашылық жолы
Біржанның әншілік, ақындық даңқы, ән өлеңдері
Сара Тастанбекқызының өмірі туралы мәлімет
Біржан мен Сара айтысында көтерілген негізгі тақырып
Айтыстың әлеуметтік мәні
Айтыстың көркемдік ерекшелігі
Айтыста кездесетін көріктеу құралдары
Айтыста суреттелген ұлы ақын бейнесі
Айтыста кездесетін үздік теңеу, эпитет, метафралар
Біржан – Сара айтысының қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны
Айтыстың зерттелуі
Біржан – Сара айтысы және Ә.Тәңірбергенов
Әдебиеттер тізімі:
1.Қазақ фольклористикасы. Әбілқасымова Қ, Тамаев А. Алматы 2007
2.Қазақ халық әдебиеті. Алматы, 2014
3.Қазақ мақал мәтелдері. Алматы, 2001
4.Қазақтың мақал –мәтелдері. Алматы, 2004
5.Қазақ халқының ауыз әдебиеті. М.Ғабдуллин 2000
6.Қазақ әдебиетінің тарихы. Г.Умарова, С.Шарабасов Астана «Фолиант» 2011
7.Қазақ халық әдебиеті. Алматы «Қазақ университеті» 2013
8. Қазақ әдебиеті бастаулары. Н.Келімбетов Алматы «Ана тілі» 1998
Достарыңызбен бөлісу: |