Тірек сөздер: дәріс-сабақ, семинар сабағы, реферат.
Мақсаты - Оқытудағы жеке тұлғаға бағдарланған келіске сипаттама беру
Міндеттері:
Оқытудағы жеке тұлғаға бағдарланған келіс ұғымынын мәнін ашу.
Оқытудағы жеке тұлғаға бағдарланған келіс құрылымын анықтау.
Оқытудағы жеке тұлғаға бағдарланған келіс қағидаларын қарастыру.
Оқытудағы жеке тұлғаға бағдарланған келіс негізіндегі педагогикалық технологияларды қарастыру.
Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар жағдайында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды міндет болып отыр. Осы тұрғыда тұлғалық бағдарлы технологиялар негізінде студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі.
Дәріс-сабақ оқытудағы ең негізгі үрдіс. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себептен педагогикалық үрдісті, процесті технологияландыру мәселесі маңызды. Өздік, танымдық жұмыс – оқушылар бойындағы танымдық қабілетінің, шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады.
Тарих сабағында тарихи материалдарды, көркем әдебиетті, деректі құжаттарды, баспа ағындарын мақсатты пайдалану арқылы оқушыларымның ақыл ойын, адамгершілігін, эстетикалық, интеллектуалдық таным сезімін дамытып, өздігінен ізденуіне қолайлы жағдай тудырады. Сабақ беру әдісінде оқушылардың өз бетімен танымдық кабілетін дамытуға бағытталған тапсырмалар берілуі тиіс. Оқушылар әңгімелер, өлеңдер, өтірік өлеңдер, диалог-журнал, реферат, сахналық қойылымдар, конспект, келешектегі болжау өмірнамалар жазып, сапарнамалар құрастырып, өз бетімен кітап оқып, журнал-газет шығарады. Әртүрлі ақпараттарды-кітап, оқулық, көркем әдебиет, баспа беттері, көмекші құралдар, деректер, құжаттар, тарихи өлеңдер, шежірелерді зерттеу үшін бастыны іріктейді, цитаталар алу, конспектілеу, жоспар, тезистер құрастыруға машықтанады.
Оқушылардың тарих сабағында өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Өзіндік жұмыс тәрбиелеу мен оқыту процесінің міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Білім сапасын көтеру, оқу әдісін жандандыру мақсат болып отырған казіргі кезенде өздік жұмыс оқушылардың белсеңділігін арттыруға, шығармашылық қабілетін арттыруға, жетілдіруге көмектеседі. Оқушылардың ой-өрісін, қиялын дамытады. Эмоция туғызуға бұрын алған білімдерін еске түсіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өздік жұмыс окушының баспасөз материалдарын өзінше ізденіп оқуға, сол арқылы танымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жауапкершіліке дағдыландырады. Өзіндік жұмыс оқушының сабақта алған білімін кеңейте түседі.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда сабақтың бүкіл уақытын қамтымай, оқушылардың жұмысына өзім бақылау жасаймын. Бастамасы сыныпта орындалып, қалғанын үйде орындайды. (Сабақтан тыс).
Өз бетінше жұмыс істеуді ұйымдастырудың маңызды шарты, өтілген курстардағы біліміне сүйене отырып жүзеге асыру. Өзіндік жұмысқа тарих курсы окытыла бастағаннан-ақ дағдылаңдыра бастау керек. Курсты жаңа бастаған окушылар пәнді оқып мазмұндауға алғашқыда дағдылана алмайды. Тарихи материалды меңгеруге дайын болмайды. Себебі, оларда қоғамдық өмірдің құбылыстары туралы ой әлі қалыптаса қоймаған. Оның үстіне сөздік қорларыда аз болады. Тарихи оқиғалардың кейбір мәліметтері ғана таныс. Сондықтан тарих курсын жаңа бастаушы 5-сыныптарда өтілетін алғашқы сабақтарда оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін дамытуға ынғаландыру керек.
Семинар сабағы оны өткізу жолдары. Қазіргі кезде қоғамымызда болып жатқан үлкен өзгерістер өскелен ұрпақ-тын шығармашылық қабілетін, терен де, жан-жақты ойлай білу, ойын толық жеткізе білу қасиеттерін дер кезінде аша білу, оқытылатын пәнге деген нағыз қызығушылығын тудыру мәселесі оқу орнынын алдында тұрған өзекті мәселелердіц қатарынан орын алады. Семинар сабағы қазірде алынған білімдерді пысықтау формасы ғана емес, ол сондай- ақ тындаушының өз бетінше ізденуінің, мәселені талдай алудынен алғашқы дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін мазмұңды түрде одан ары шыңдай түсу сияқты мәселелерді қамтиды. Ал біздін жоғарғы мектеп жағдайыңда семннар сабағы әрбір тақырыпта мәселені зерттей алатын жүргізуші және пәннің атап айтқанда, тарих пәнінің осы немесе өзге мәселелермен тікелен айналысатын, ғылым саласын жетік білетін оқытушы арқылы жүргізілетін практикалык сабақтың бір түрі. Семинар сабағыңда сондай-ақ дәріс тындау нәтижесінде және берілген негізгі әдебі міндеттермен өз бетінше жұмыс жасау арқылы қол жеткізген білімді қорытындылайды. Сабақ өткізу барысында оқытушыға сөйлей білу, өз ойын еркін жеткізе алатын және қорытынды жасау арқылы ол тындаушынын көзқарасын, білімі мен мағлұматын, талдау жасай алу деңгейін байқауға, тындаушы өз бетінше дайындық сағаттарында игерген теориялық білімінің дұрыстығын, өз қорытындыларының қисыңдылығына көз жеткізуге, осы мәселе бойынша мағлұматтарды молынан алуға мүмкіңдік береді.
Жоғарғы оқу орыңдарында гуманитарлық пәндерден жүргізілетін семинар сабақтарының көптеген формаларын қарастыруға болады. Солардың арасында біз семинар сабағың терең, кең ауқымдағы мазмұнды әңгіме түрінде өткізу формасына тоқталмақшымыз.
Кеңейтілген әңгіме семинар сабағының кең тараған формаларының бірі деп қарауға болады. Ол бәріне бірдей көрсетілген міндетті түрдегі және қосымша әдебиеттер арқылы тыңдаушылардың сабақтын жоспарының әрбір көрсетілген сұрағына толықтай дайыңдығын талап етеді тыңдаушынын өз оқу тобының алдында жауап беруі және олардың мәселені жан-жақты ашуға атсалысуы, өз пікірлерін білдіруі және өздерініи көзқарастарын қорғай алуы, т.б. қол жетеді. Семинар сабағын осы кеңейтілген әңгіме түрінде өткізу мәселені талқылауда тыңдаушылардың көпшілігің әңгімеге қатыстыруға мүмкіншілік береді, бұл жерде әрине олардың сондай-ақ сабақтағы белсенділігін көтерудің барлық мүмкіншіліктерін қолдануға тиімді.
Семинар сабағында сөйлеген әрбір тыңдаушыға және бүкіл топқа алдын-ала дайыңдалып, негізделген және жүйеленген сұрақтар қою, семинар сабағын айтып тақтаға шыққан өз әріптестерінің күшті және әлсіз жақтарына тындаушылардың назарын аудару, дер кезінде оған нұсқау беріп, түсініктемелер жасау, дер кезінде түзету енгізіп отыру, оқу үрдісі барысында әрбір жаңа деректерге тыңдаушылардың ерекше көңіл бөліп отыруы, тындаушылар тарапынан кейде естіліп қалатын тың ойларды да уақытында ескеріп, оны кетермелеп отыру жәнет.б. жатады.
Бұл семинар сабағын өткізудің түпкі негізіне топ тындаушыларының басым белігін тікелей қатыстыру приннипі жатады, бұл міндет сабақ өткізуші оқытушыға әрбір тындаушыны әңгіме-семинар сабағының тікелей қатысушысы, семинар сабағының алдына қойылған міндеттерді шешу жауабын бірге іздеуге қатысушы ретінде қабылдауды жүктейді.
Реферат- оқушының ізденіп жазған шығармашылығы. Реферат жазу оқушы үшін - шығармашылық жұмыс, ал өзіндік шығармашылықты шебер меңгеру – оқушының даму жолындағы маңызды сатының бірі. Бұл жағдайда мына аргументтерді ескеру керек.
Біріншіден, реферат жазуда шығармышылық талабын меңгермейінше оқушының белгілі бір табыстарға қол жеткізіп, оның шығармашылық биіктерге көтерілуі қиын. Рефлексия, өзіндік талдау – оқушының өзіндік дамуын ілгері жылжытатын ең тиімді, әмбебап тәсіл. Екіншіден, реферат оқушы үшін өзіндік – шығармашылық жұмыс. Реферат жазу мен тарихи шығармалар жазу оқушының ғылыми ізденіс дағдысын қалыптастырудың ең тамаша тәсілі. Басқа да шығармашылық істің өкілдері сияқты оқушының сезімталдығын есепке алатын болсақ, оның рефераттық жұмысын талдау мен шығармашылығын бағалау құқығы оны көптеген артық тебіреністер мен қобалжулардан құтқарады және оның өзіндік ғылыми ізденісіне деген сенімін туғызады. Оқушыны сын-ескертпелерді ды дұрыс қабылдауға үйретеді. Үшіншіден, оқушының рефераттық жұмысы талдаусыз қалса ,оқушы өзінің ізденісінің дұрыстығын Рефераттың немесе тарихи шығармасының толыққанды авторы ретінде сезіне алмайды және бұл жағдайда оның шығармашылыққа деген ғылыми ынтасын туғызбауы мүмкін екенін есте сақтауымыз керек. Төртіншіден, уақытылы жүргізілген шығамашылық талдаумен талдау мен соның нәтижесінде енгізілетін түзетулер оқушылардың ғылыми шығармашылық жұмыстарының сапасын жақсартады және оқушының шығармашылық ізденіс дағдысын қалыптастырады. Бесіншіден, реферат жұмыстарын жазу дағдысын меңгерген оқушы сабақты жақсы оқып, тарихи тақырыптарды жақсы меңгеруіне септігін тигізеді. Оқулық пен шектеліп қалмай жан-жақты білімді тұлға болып қалыптасуына ғылыми шығармашылық жұмыс жасау дағдысының берері көп көмектеседі.
Қорыта келгенде, өз бетінше жұмысты балалар үлкендердің көмегінсіз, өздігінен орындауы үшін берілетін тапсырманың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы керек. Мұндай жұмыс тапсырылғанда оның ауыр-жеңілдігіне, қанша уақытта орындалатынына баса назар аударған дұрыс. Өз бетінше жұмысты сабақтың кез келген кезеңінде тапсыруға болады. Мысалы: жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде, қайталау сабағында, сабақты бекіту кезеңдерінде, т. б.
Мұғалім оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыс түрлерін, әр пәннің ерекшелігін ескере отырып, алдын-ала дайындалуы керек. Сонда ғана сабақ жүйелі, өзіндік жұмыстар сапалы болады. Оқушылардың өздігінен жұ-мыс істеу әрекеті бірден қалыптаспайды. Ол өте күрделі болғандықтан, қарапайым сатыдан күрделі сатыға карай дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |