Гуманитарлық факультет



бет52/60
Дата06.07.2020
өлшемі242,93 Kb.
#74920
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60
Байланысты:
УМКД ТОӘ

Дәріс 11.

Тақырыбы: Нәтижеге бағытталған тарихи білім

1. Білімді тексеру мен бағалау жүйесінің мақсаты мен мағынасы.

2. Тексеру мен бағалау тәсілдері.

3. Білімді тексеру барысындағы сұрақтар мен тапсырмаларға мінездеме.

4. Білімді бағалау формалары.

Тірек сөздер: бағалау, келіс, өлщем, форма.

1.Білімді тексеру мен бағалау жүйесінің мақсаты мен мағынасы. Білімді есепке алу және бағалау.Оқушылардың білімін бағалау – күрделі педагогикалық мәселе. Білім бағалау барысында әрбір мұғалім алдында мақсат қойып, шәкірттерінің одан әрі өсу жолын ойластырады. Мұғалімнің білімі мен іскерлігі, тәжірибесі мен сезімталдығы,қоғам мен ұрпақ алдындағы жауапкершілігі, адамгершілігі мен мамандық әдебі педагогикалық саясат негізімен қабысып жатқанда ғана ол бұл бағытта дұрыс шешім қабылдай алады. Соның өзінде де мақсат билігінен көріндім деу қиын.

Мектеп мұғалімдерінің оқушы білімін бағалауы туралы әр түрлі пікір айтылып жүр. Тіпті бір-біріне қарама-қарсы келетіндері де аз емес. Бірақ өзіндік ерекшеліктері бар бағалау жүйелерімен жұмыс істейтін мұғалімдер тәжірибесінің жақсы жақтарын көре білу де маңызды. Ең басты, баланың оқуға ынтасын арттыру.

Сонау кеңес дәуірінің соңғы жылдары оқу құралдары, бағдарлама, әдіс-тәсілдер үлкен өзгеріске ұшырады. Оқыту қиын, балалар игере алмайды дедік. Оқу бағдарламасы қысқартылда. Толық үлгірім береміз деп жаман баға қою шектелді. Бірақ бұдан балалар оқу бағдарламасын толық игеріп кете алмады, қайта кері кету орын алды. Қайтадан жаман баға қою керек дедік. Бәрібір жақсара қойған үлгірім жоқ.

Дегенмен де, оқу-тәрбие сапасын оқушы – мектеп әкімшілігі деген тізбектен іздейтініміз рас. әлі күнге мектептегі оқу-тәрбие ісінің жетістігі мен кемшілігінің нақтылы критерийлері жоқ. Жұмысты бағалау – салыстырмалы дүние. Сондықтан да субъективтілікке жол беріледі. Айтылып жүрген жұмыс нәтижесі өзара байланысты мәселеге тәуелді. Мысалы, мектептегі мұғалімдердің ұжымшылдық беріктігі, бірлігі сезілмесе, оқушылар арасындағы ұжымшылдық та болмайды. Педұжым шығармашылқ жұмыс істей алмаған мектепте сабақтың да шығармашылқпен ұйымдастырылуы неғайбіл. Мұғалім мен басшы арасында ынтымақтастық орнамаса, бала мен мұғалім арасында да түсінік тумайды. Осының бәрінің үлгірімге, сапаға тигізер әсері мол.

2. Тексеру мен бағалау тәсілдері.Жасыратыны жоқ, мұғалімдердің ішінде бағаны қорқыту құралы ретінде қолданатындары да кездеседі. Ондайлар сабақта тыныш отырмаған оқушыларға да екілік қояды. әріптестеріміздің қайсібірі бағаны қалтасынан беретіндей тым сараңдық жасайды. «Жомарт» ағайлар мен апайлар да бар. Түптеп келгенде, осы әрекеттердің бәрі оқушылардың сабаққа байланысты еңбегіне жасалған қиянат десек артық айтпаған болар едік. Бұл – жекелеген мұғалімдердің өз мамандығы бойынша теориялық білімі таяз, әдістемелік шеберлігі төмен, педагогика мен психологиядан білім деңгейі әлсіз, дидактикалық озат тәжірибелерді күнделікті жұмысына шығармашылықпен пайдалана алмайды деген сөз.

Баға қою арқылы бала жанына үрей туғызудан гөрі тез толғанып, қайта талпынуға ұмтылдыру керек. Әділ қойылған баға оқушы мен мұғалім арасында адамгершілік қарым-қатынас орнықтырады.

3. Білімді тексеру барысындағы сұрақтар мен тапсырмаларға мінездеме. Педагогиканың және бір қиындығы сонда, білім берумен жұмыс бітпейді. Білімді оқушыға меңгертіп, дарыта білу керек. Бұл – үлкен өнер, ұстаз мұраты да осыған саяды. өкінішке орай, кейбір әріптестеріміз әр түрлі себептерде сылтауғып бұл талаптарды орындаудан үзілді-кесілді жалтарып жүреді. Оларға оқу бағдарламасы, оқулықтар, әдістемелік әдебиеттер, көмекші құралдар жетіспей жатады. Олар білімді бағалаудың тиімді жолдары, ұстанымдары мен ережесі бар екенін біле бермейді.

Оқушылардың білімін бағалауға қойылатын талаптардың біразын жоғарыда айттық. Енді бір кездегі Герман Демократиялық Республикасының Ғылым академиясы жанындағы дидактика институтының ғылыми қызметкері Хельмут Вектің «Оценки и отметки» деген еңбегінен біраз мысал келтірейік. Бұл кітапта білімді бағалаудың негізгі төрт ұстанымы көрсетілген. өз басым кітапты бірнеше рет оқып шықтым,. Оның мазмұнымен, шартымен, бағыт-бағдарларымен таныстым. Оларды мұқият ой елегінен өткізіп, нақтылы мүмкіншілігімізді есепке алып, білімді бағалаудың тиімді жолдарын, ықпалды әрекеттерін қарастырдым. Осы орайда бірқатар шараларды қамтитын өзіндік бағдарлама жасап, күнделікті жұмысыма пайдалана бастадым. Әрине, бұл әрекеттерім төр аяғынан тең басып тұр дей алмаймын, дегенмен құр алақан емеспен. Бұл жайында айтпағымызды біраз шегер тұрып, әуелі Хельмут Век сараптаған төрт ұстанымға тоқтала кетуі жөн көрдік. Неге десеңіз, мұны әріптестеріміздің көпшілігі біле бермейді. Вектің (орысшаға аударған) кітабының таралымы өте аз, екінші басылымы болған жоқ. Сонымен ол ұстанымдар қандай?

1.Бағалау және баға – оқу үрдісінің бөлінбес құрамдас бөлігі. Мұның өзі төрт дәйектемеден тұрады.

а) Бағалау ынталандыру әдісі, онсыз кез келген үрдісті игеру мүмкін емес.

ә) Бағалау және емтихан алу – үлгерімді жақсартудың, оқушылардың басқа да қасиеттерін дамытудың кепілі.

б) Бағалау мұғалімдер мен оқушылардың өзара қарым-қатынасына үлкен ықпал жасайды.

2. Бағалау және баға оқушыларды өмірге дайындау ісіне қызмет етеді.

а) Ол үлгерімді жоғарылату ісіне ықпал жасайды, бірақ «ғажайып» туғыза алмайды.

ә) Бағалау және баға – тәрбиенің маңызды құралы. Алайда мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы өз дәрежесінде болмай, мұғалімнің беделі төмендесе, оқушылар оның әділдігіне күмән туғызады, онда бағалау мен баға өзінің тәрбиелік күшін жояды.

б) бағалау және баға – оқушылардың белсенділігін ынталандырудың маңызды әдісі, бірақ ол бір ғана емес және үнемі тиімді бола бермейді.

3. Бағалау және баға барлық оқушылардың дамуына ықпал жасай алғанда ғана дұрыс қолданылған болады.

4. Бағалау қашанда әділетті сипатта болу керек. Мәселен мұғалім тақтада есеп шығару кезінде қателер жібереді. Математикадан үздік оқушы байқады да түзету енгізеді. Мұндай жағдайда оқушының әрекетін қалай бағалау керек?

- Бірден бес қойылады.

- Шыдамсыздығы ескертеді.

- Ауызша мадақтайды.

- «Мен сендерді сынау үшін өстіп едім» делінеді.

- Мән бермей қояды.

Айта кеткен жайт, Хельмут Вектің «Оценки и отметки» деген еңбегі – көп жылғы зерттеу негізінде ғылыми тұрғыда өмірге келген мазмұнға бай туынды. Жоғарыдағы ұстанымдардың тиімділігі нақтылы мысалдар арқылы түсіндірілген. Егер әріптестеріміз бұл еңбекті кәдеге асыға келсе, оны тиянақты оқып алғаны жөн.

4. Білімді бағалау формалары.

Оқушылардың білімін бағалаудың сандық бар екені баршаға аян. Ол бес балдық жүйе. Сынып журналына қойылған бағалар – оқушы білімінің көрсеткіші. Мысалы 5 (өте жақсы), 1(жаман). Баға қоюдың пәндер цикліне байланысты (ауызша, жазбаша) белгілі бір нормасы бар. Сынып журналына қойылған бағалар түзетілмеуі керек. Осындай келеңсіз жайларға жол бермес үшін, оқушылардың білімін дұрыс бағалау мақсатында қосымша журнал-дәптер пайдаланамын. Бұл жаңалық та емес. Дегенмен, оның тиімді, оңды жақтары бар. Мысалы оқушы үй тапсырмасынан «екілік» жойылды емес пе? Ал «екілік» үлкен журналға бірден қойылса, кейін қорытынды бағаға зиянын тигізуі мүмкін.

Оқушылардың білімін бағалауда барлық пәндерге ортақ дәстүрлі жол жоқ екенін тағы да ескере кетейік. Мәселен музыка сабағында оқушылар күйтабақтан Құрманғазының күйлерін тыңдады делік. Сабақтың соңында мұғалім сен жақсы тыңдадың – «5», сен нашар тыңдадың – «3» деуге бола ма? әрине, болмайды. Егер оқушылардың бірі «мына күйлердің ішінде Құрманғазы атамыздың жүрегі соғып тұр екен» десе, ол талассыз жоғары бағаланады. Осы сияқты еңбек сабақтарында да білімді бағалаудың өзіндік ерекшелігі бар.

Ү-ҮІІ сыныптарда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек пен кәсіптік оқудың мынадай ортақ міндеттерін шешу көзделеді.:

- оқуға саналы көзқарас орнату, жеке бастың адамгершілік, ақыл-ой және дене дамуына , адам ретінде қалыптасуына жағдай туғызу;

- еңбек сүйгіштікке, еңбек қажетін сезінуге, еңбек адамдарын сыйлауға, ыждағаттылық пен шаруақорлыққа тәрбиелеу, қоғам игілігіне, сондай-ақ табиғат байлығына қамқор да ұқыпты қарауға тәрбиелеу;

- қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке қатысу үшін қажетті техникалық, технологиялық және бастапқы экономикалық білім беріп, еңбек машығы мен икемділікті қалыптастыру, оқушыладың ғылым негіздері бойынша алған білімдерін еңбек барысындағы іс-әрекет үстінде қолдана білуге қалыптастыру;

- мамандықты саналы таңдап алуға жәрдемдесу;

- оқушыларды тұрмыстық еңбектің қажетті және оңай түрлерін орындауға дайындау.

Ү-ҮІІ сыныптарда еңбекке баулу бағдарламасының негізгі мазмұны оқушылар орындайтын практикалық жұмыстардан тұрады (олар шамамен барлық уақыттың75%-ын қамтиды), қалған уақыт теориялық материалды оқуға бөлінеді. Еңбек сабағындағы әрекет алғашқы күннен бастап жұмыс орнын, іске қажет құрал-саймандарды дайындаудан, олардың атқаратын қызметі мен қауіпсіздік ережесін пысықтаудан басталады. Сабақ соңында жұмыс орны жинастырылады. Құрал-жабдықтар тәртіпке келтіріп, тиісті орындарына қойылады. Оқушылардың білімін, дағдысы мен іскерлігін бағалау да осы тұстан басталады. Басқа пәндерде ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, оқушылардың білімін жан-жақты тексеру, жаңа сабақты игеру жеке-жеке кезең болса, еңбек сабағында бұлар ұйымдастыру және істелетін жұмысқа дайындық кезеңі болып ықшамдалады. Ендеше оқушылардың техникалық қауіпсіздік туралы, құрал-саймандардың қызметі, оларды қолдану ережелері туралы теориялық білімі сабақ сайын бағалануы керек. Одан әрі сабақтың негізгі бөлімі, практикалық жұмыс барысында теориялық білімін іс жүзінде пайдалана білу дағдылары мен іскерліктері бағаланады. Осы бағалау әуелі кіші (қосымша) журналға қойылады да, негізгі журналға қорытынды баға түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет