Гуманитарлық факультет
Қазақстан тарихы кафедрасы
С И Л Л А Б У С
Тарихты оқыту әдістемесі пәні бойынша
5В011400 «Тарих» мамандығы үшін
Оқыту түрі: күндізгі
курс: 3
семестр: 6
кредит саны: 3
барлық сағат саны: 135, соның ішінде:
дәрістер: 30
іс-тәжірибелік сабақтар: 15
СӨЖ (соның ішінде ОСӨЖ) : 90
Емтихан : 6 семестр
Талдықорған 2018 ж.
Оқытушы жайлы мағлұмат:
Ишкалова Гүлбану Смағұлқызы – ГФ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы.
Электрондық почта адресі – banu_tk_78@mail.ru, жұмыс телефоны 22-17-69-146, ұялы тел. - 87051106026.
Сабақ уақыты: кесте бойынша
Консультация уақыты: кесте бойынша
Пререквизиттерi: «Педагогика».
Пәннiң қысқаша мазмұны: «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні «ММ-3 Дидактика» модулінің міндетті компоненті болып табылады. Пән оқытудың мақсатын анықтап, бiлiм мазмұнын iрiктеп, бiлiмдi оқытып, үйрету және оны мeңгepтyre басшылық eтeдi. Оқушының оқy қызметiн, оқуының нәтежесiн көздейдi. Сонымен қатар оқушының қызметiн ұйымдастыруда тиiмдi жолдарын сiлтейдi. Мұғалiм қалай оқыту керек, ненi оқыту керек, бiлiм нәтижесiн есепке алу оның қорытындысы, оқытуды одан әpi жетiлдiру үшiн әдiс-тәсiлдердi қалай пайдалану кepeктігін анықтайды. Мектептiк бағдарламаға тиiстi күнтiзбе, сабақтың, тәрбиелiк жоспарларды құру жөнiндегi мәселелердi қapaстыpaды. Мектепте өткiзiлетiн дәстүрлi, дәстүрлi емес сабақтардың структурасына байланысты жүйесiн белгiлейдi. Қазақстан тарихы мектеп пәнiнiң бiлiм мазмұны ұлттық болу үшiн оның түпкi дepeктepiнe сүйене отырып олардың мән-мағынасын ашып көpceтeдi. Әдiс-тәсiлдер арқылы оқушының тарихи бiлiмiн, санасын қалыптастыруда алуан түрлi формаларын ұсынады. Оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын тәрбиенiң алатын орнын aнықтайды. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушының таным, ой өpiciнің кеңеюiне, сабаққa деген ынта, қызығушылығын оятатынын көpceтeдi.
«Қазақстан-2030» бағдарламасында келешекте жүзеге асырылуға тиісті, аса маңызды міндеттердің қатарына білім беру мәселесі де басты орындарда. 1995 жылдың шілде айында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес «Қазақстан Республикасындағы тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасын» бекітті. Онда: «...өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау-жалпыұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасуының, оның егемендігін нығайтудың, азаматтық мен отаншылдықты тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі болып отыр. Тарих- халықтың зердесі, ол содан қуат алады, ол содан әлеумкттік шығармашылыққа, жарқын болашаққа бастайтын шабыт алады»,- деп Отан тарихын оқытудың маңыздылығы атап көрсетіліп, мемлекеттік саясаттың тарихи сананы қалыптастырудағы негізгі басымдықтары айқындалады. Тарихи санаы қалыптастыру міндетін жүзеге асыру үшін мектепке дейінгі, мектептегі және жоғарғы оқу орындарындағы білім беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет мекемелері, қоғамда тарихқа ден қою, тарихқа деген құрмет пен тағзым, тарихты түйсіну ахуалын туғызуы тиіс болды.Осындай игі шараның аясында Қазақстан тарихы пәні барлық жоғары жоғарғы оқу орындарындағы барлық мамандық студенттеріне міндетті пән ретінде оқытылып, мемлекеттік емтихан қабылдана бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |