Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы
Тарихты оқыту әдістемесі
(пәннің атауы)
№
|
Шифр
|
Әдебиеттің атауы
|
Бар болуы
|
Ескерту
|
Кітапхана-дағы саны
|
қамтам-ның
%
|
Негізгі
|
1
|
558. Т3(2К)я2
Т21
|
Т.Т.Тұрлығұл Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі.
Алматы, 2014. 2-басылым.
|
20
|
|
|
2
|
215. Т3(2К)4
Ж26
|
Жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектеп реформасының негiзгi бағыттары. А, 2014. 2-басылым.
|
10
|
|
|
3
|
282. Ш143.21
К14
|
ҚР жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде тарих пәнiн oқытy тұжырымдамасы. А, 2007.
|
5
|
|
|
4
|
96. Т3 (2К)я73 Ә14
|
Әбдiғалиев Қ. Осы заманғы педаго-гикалық технология // Қазақстан мектебi, 2001. N2.
|
15
|
|
|
5
|
295. Т52(257К)-514 К30
|
Кешекбаев Н. Oқытy теориясы. А 2012. 2-басылым.
|
4
|
|
|
Қосымша
|
1
|
|
Светлана Григорьевна Тер-Минасова. Тіл және мәдениетаралық коммуникация. 2018.
|
|
|
|
2
|
|
Дэвид Дж.Мейерс. Әлеуметтік психология.12-басылым. 2018.
|
|
|
|
3
|
97. Т3(0)
Ә19
|
Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. А,. 2013
|
|
|
|
4
|
103. Т4(0)я73
Б12
|
Бабанский Ю. Проблемы повышения эффективности педагогических исследований. М., 2013. 2-басылым.
|
|
|
|
5
|
106. Т4(2К)-423я20Б18
|
Айтбаева А.Б. Білім берудегі жаңа технологиялар: оқу құралы /Əл - Фараби атын. Қазақ ұлттық ун-ті. - Алматы : Қазақ университеті, 2011. - 161 б.
|
|
|
|
6
|
|
Омарова В.К. Инновационные подходы в образовании. Учебное пособие. Павлодар, 2013.
|
|
|
|
7
|
|
Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Искусство преподавания: концепции и инновационные методы обучения. Учебное пособие. – 2изд., доп. Алматы, 2012. -228с.
|
|
|
|
8
|
Ш6(2=Каз)7-49
Б39
|
Бекмаханов Б. Қазақ ССР тарихы. VI-VIII кл. арналған . А,2012. 2-басылым, толықт.
|
|
|
|
Электрондық материалдар (с.іш. Интернет)
|
1
|
|
Овчинникова В.И. «Продуктивное обучения» 70 мин.
|
|
|
|
2
|
|
Артемова Е.И. «Модульное обучения на уроках истории» 45 мин.
|
|
|
|
3
|
|
Қазақстан тарихы 2 бөлім
|
|
|
|
4
|
|
1.Көмекші тарихи пәндер [Электрондық ресурс]: Электронды оқу құралы / Қарағанды, 2009.- 1 электр.опт.диск. Шотбакова Л.К.
|
|
|
|
5
|
|
Г. С. Кизатова
Т21 Тарихты оқыту әдістемесі : Жоғары оку орындарының тарих
мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік оқу құралы
/ құраст. Г. С. Кизатова. – Павлодар : Кереку, 2011. – 33 б.
http://kz3.fatwords.org/safia/tarihti-oitu-distemesi/main.html
|
|
|
|
6
|
|
Журасова А.Ш. Тарихты оқыту әдістемесі.
http://e-history.kz/kz/books/education/view/502
|
|
|
|
7
|
|
Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі және тарихи білімді қалыптастыру
http://www.uniface.kz/index.php?id=427&post=article§ion=3
|
|
|
|
8
|
|
Жаңа педагогикалық технологиялар
http://bilimdiler.kz/tarih/4617
|
|
|
|
9
|
|
Тарихты оқытуда белсенді және инновациялық
әдістерді қолдану.
http://emirb.org/1
|
|
|
|
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Модуль1. Тарихты оқыту әдістемесі, даму ерекшеліктері
Дәріс 1.
Тақырыбы: Кіріспе. Тарихты оқыту әдістемесінің пәні мен мақсаты. Қазақстанда тарих пәнін оқыту әдістемесінің қалыптасуы, дамуы.
Жоспар:
Тарихты оқыту әдістемесінің пәні мен мақсаты.
Ғылымның қалыптасуы және дамуы.
Тірек сөздер: әдіс, конституция, методика.
«Тарихты оқыту әдістемесі» - тарихты оқытудың мәндеттері, мазмұны мен әдістері туралы педагогикалық ғылым. Тиімділік пен сапаны арттыру мақсатында тарихты оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Тарихты оқыту әдістемесі пәні – мектеп пәні ретіндегі пән, тарихты оқыту процесі. Негізгі компоненттері – оқыту мақсаты, мазмұны және құрылымы. Нені үйретеміз, не үшін үйретеміз және қалай оқытамыз? деген сұрақтарға жауап береді. Мақсаты – қоғамның о заманнан бүгінгі күнге дейінгі дамуындағы тарихи процесс жайында оқушыларды негізгі біліммен сусындату. Тарихи білімнің негізінде оқиғалар мен құбылыстарды зерделеу, құндылықтарды қалыптастыру, патриотизм, өзге халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрметті дамыту. Міндеттері – стандарттар мен бағдарламаларда бекітілген тарихи білім мазмұны мен құрылымын айқындау. Оқыту процесін ғылыми-әдістемелік ұйымдастыру (формалары, әдістері және т.б.). Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
«Методика» - сөзі ежелгігрек тілінен аударғанда «зерттеу тәсілі», «таным тәсілі» деп аударылады. Оның мағынасы методиканың дамуымен, оның ғылыми негіздерінің қалыптасуымен өзгеріп отырды. Қазіргі күні методика ғылыми пән болып саналады ма, жоқ па деген мәселе өзекті емес. Тарихты оқыту әдістемесі пән болып табылатындығы анық.
Тарихты оқыту әдістемесі – білім беруді жетілдіру, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен дамыту үшін тарихи заңдылықтарды пайдалану арқылы тарихты оқыту процесін зерттейді. Әдістеме оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай тарихты оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру және оқыту әдістерін құрастырады. Оның заңдылықтары білім беру, даму және оқушыларды тәрбиелеу арасындағы объективті байланыстар негізінде айқындалады. Оқыту мақсаты оқытудың мазмұнын анықтайды. Педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында алынған нәтижелермен тексеріледі.
Оқыту процесінің компоненттері – тарихи категориялар. Олар қоғамның дамуымен өзгеріп отырады. Тарихты оқытудың мақсаты әдетте қоғамда болып жатқан өзгерістерді аңғартады.
Білім мазмұны – оқыту процесінің негізгі компоненті. Мақсаттардың қойылуы оқыту мазмұнына әсер етеді. Тарих, педагогика, психология және методиканың дамуы оқыту мазмұнына ықпал етеді. Мысалы, қазіргі күні тарихты оқытуда формациялық тұрғы орнына өркениеттік тұрғы басым. Тарихи тұлғаларға көп көңіл бөлінеді.
Тарихты оқыту процесі оқушының жеке тұлғалығын, оның жеке қабілеттерін дамытуды басты мақсат етіп қояды. Ол өзінің дамыту, оқыту және тәрбиелеуден тұратын басты функцияларын үйлесіммен атқарады. Мұғалім оқушының тарихи ойын қалыптастыру және дамыту үшін жүйелі түрде оқытуы маңызды. Әдістеме мұғалімді білім мазмұны мен оқытудың педагогикалық әдістерімен, білім мен дағды және т.с.с. біліктіліктермен қаруландырады.
Қазіргі күні барлық посткеңестік мемлекеттер күрделі өзгерістерге ұшырағаны мәлім. Мұның барлығы білім беру саласын қамтымауы мүмкін емес. Өйткені білім беру мен қоғам бөлінбейді. Бұл – бір жүйе. Сондықтан қоғам, социум, өркениет қақтығысқан проблемалар білім беру саласына әсер етпей қоймайды. Білім беру саласында саясатты айқындайтын басты құжат- ҚР Білім Беру туралы Заңы болып табылады (2007.27.07.).
80-90 жж. білім беру саласы дағдарысқа ұшырады және ол жүйелі сипатқа ие болды. 1991-1992 жж. мемлекет кәсіби педагогикалық қызметке бақылауын жоғалтты. Педагогикалық мамандық пен ғылымның беделі түсті, білікті мамандарсаладан кетті. Дегенмен, мемлекет реформалау нәтижесінде көптеген мәселелерді шешті.
Мектепте тарихи білім берудің құрылымы. Кеңестік мектепте тарихи білім берудің сызықтық принципі басым болды. Ол принцип 43 жыл бойына қолданылды. 1959 жылы концентрлік білім беруге көшуге талпыныс жасалды. Сол жылы міндетті 8 жылдық білім беру енгізілді. Бірақ 1965 жылы 14 мамырда КПССС ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Мектепте тарихты оқытуға түзетулер енгізу туралы Қаулысы» шықты. Сөйтіп, сызықтық принцип заңдастырылды. Сызықтық құрылым – адамзат тарихының әрбір кезеңдерін бұрынғы заманнан бүгінгі күнге дейін бүкіл мектеп курсында оқытуға бағытталған. Білім қайталанбайды. Тарихилық, жүйелілік секілді талаптар ұсталады. Түсініктерді қалыптастыруға, себеп-салдарлық байланыстарды айқындауға, тарихи фактілерді мазмұндауға мүмкіндік беріп, тарихи білім беру мазмұнына өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Дегенмен өзіндік кемшіліктері бар. Мысалы, ежелгі дүние және ортағасырлар тарихы төменгі сыныптарда оқытылады, отандық және дүниежүзілік тарихтың синхронды оқытылу процесі бұзылады, фомациялық тұрғыдан түсіндірілді, кезеңдеу. Сонымен қатар жекелеген республикалардың ұлттық, аймақтық және тарихи ерекшеліктері ескерілмеді.
Концентрлік құрылым – меңгерген материалға қайтып оралуды қарастырады. Бір мәселе әр сыныпта қайта қарастырылады, ал материал кеңейіп, жаңа мағлұматтармен толықтырылады. Бұл құрылым шетелде кең таралған.
Мектептегі тарихи білімнің мазмұны. Негізгі белгілері.
Мектепте тарихи білім берудің мазмұнды құрылымы тарихи уақыт, тарихи кеңістік және тарихи қозғалыстан тұрады. Тарихи уақыт – жыл санау және оқиғалар мен процестерді (жыл, ғасыр, мыңжылдық, кезең) кезеңдеумен ғана шектелмей, тарихи қозғалыстың синхронды және асинхрондылығымен де сипатталады. Тарихи кеңістік – адамзат пен қоғамның дамуының географиялық, экологиялық, этникалық факторларының динамикасын, локальді-тарихи өркениеттердің картасын, геосаяси картаның өзгеруін сипаттайды. Тарихи қозғалыс – адамның әртүрлі тарихи кезеңдерде дамуын (қажеттіліктері, құндылықтары, қызығушылықтары, тұрмыс салты, дүниені қабылдауы), адамның еңбек қызметінің эволюциясын, әртүрлі кезеңдерде адамзат қауымдарының тарихын, мемлекеттердің қалыптасу және дамуын, олардың тарихи формаларын, қоршаған ортаны адамның тануын, идеология, ғылыми идеялар және қоғамдық ойдың дамуын, әлем халықтарының мәдениетінің тарихын, халықтар, қоғамдар және өркениеттердің қарым-қатынасын (көршілік, жаулап алушылық және т.б.) түсіндіреді.
Тарихи білім мазмұнының басты элементі – Білім. Оған тарих саласындағы мәліметтер, таным кіреді. Солардың негізінде қоғам дамуының ғылыми картинасы құрылады. Оқу процесінде оқушылар факт, құбылыс, оқиға және процесс секілді категориялар арқылы тарихи білім алады.
«Факт» сөзі жасалған, жүзеге асқан деген мағына береді.
Оқиға – жекелеген фактілер, бұл оқиғалар кеңістік пен уақытта, нақты жағдайда, белгілі бір тұлғалардың қатысуымен оқшауланған. Бұл оқиғалар нақты жағдайда, нақты адамдардың қатысуымен белгілі бір уақыт пен кеңістіктің шегінде болған. Оған Аңырақай шайқасы, Кенесары көтерілісі жатады.
Құбылыс – уақыты, орны, қатысушылары көрсетілмей, берілетін жалпы түсініктер.
Процесс – дамуда жағдайлардың бірізділікпен ауысуы. Мұнда себептері мен салдарлары болуы мүмкін.
2. Қазақ елінің, оның халықтарының тарихы оқу орындарында қашаннан бастап оқытыла бастады деген сұраққа жауап беру үшін бірқатар зерттеулерге үңілу қажет.
Тарихи деректерде ҮІІ-ІХ ғғ. бастап Қазақстан жерінде мұсылман мектептері мен медреселері болған. Онда заң, әдебиет. логика, риторика, география, философия сияқты пәндер оқытылған. Ал, ХҮғ. дейін тарих дербес пән болып енгізілмеген. ХҮ-ХҮІ ғғ. діни, ғылыми пәндермен қатар тарих пәні де енгізілген. Тарихи білім мазмұны түркі тілді тайпалар мен мемлекеттер тарихын баяндауға арналған.
Бұл медреселердің оқу жоспарында тарихтың дербес пән болып енгізілуі Ұлықбектің есімімен байланысты. Оның сабақтарында Әлем тарихы, Орта Азия тарихы, Ислам тарихы таныстырылған. Ұлықбек «Шыңғыс ханның төрт мектебі» атты оқулық жазып, Ұлы моңғол империясы құлағаннан кейінгі «Ұлы үй» ыдырағаннан соңғы төрт ұлыстың : Қытай, Моңғолия,ғЖошы ұлысы, Орта Азия тарихы баяндалған. әл-Фарабидің «Үлгілі оқу туралы трактатында» медресе ұстазының тұлғасы, ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас туралы айтылып, «Сана туралы трактатында» оқыту әдісінің кейбір әдістері мен тәсілдері берілген. Оның «Әлеуметтік-этикалық трактатында» оқытудың принциптері жан-жақты түсіндіріледі.
Ибн Сина «Үй шаруашылығы туралы» атты еңбегінде медреселердегі шәкірттерді оқыту және тәрбиелеу туралы пікірлері, ұжымдық оқытудың маңызы мен пайдасы туралы ойлары, шәкіртке қандай тәрбие беру, нені оқыту туралы, олардың мінез-құлқы, табиғи дарыны, мұғалімнің шәкірт бойындағы ерекшеліктерін таба біліп, оны дұрыс бағытта дамыту туралы көзқарастары баяндалған. Сонымен қатар медреселерде Әбу Райхан әл-Берунидің «Өткен ұрпақ ескерткіштері» оқулығы пайдаланылған. Мұнда түркі халықтарының хронологиясы мен діни мейрамдары баяндалған.
Ортағасырлардан ХІХ ғ. дейін тарих оқулықтары жеке авторлардың кітаптарымен де оқытылған. Мысалы, Семейдегі «Ахмет Риза» медресесінде «Тарихи Түркия», «тарих әл Камл». Екіншісі негізгі оқулық болып саналап, қазір Абай мұражайында сақтаулы.
Мұсылман медреселерінде тарих пәнін оқытуда пайдаланылған тарих оқулықтарының білім мазмұны заман талабына сай жазылған, сонымен қатар олар бірте-бірте жетіле түскен. Мысалы, Мәнән Тұрғанбаевтың «Пайғамбарлар заманы» атты оқулығы дәлел: «Тарих кісінің көңілін оятады, жүректі тербейді, кісі пікірін ашады, зор қиял кіргізеді, мінезін түзейді, ерлендіреді, шыдамды етеді, намысты, арды жетілдіреді».
ХҮІІІ ғ. Уфа, Қазан медреселерінде дайындалған оқулықтар пайдаланылған. жалпы, қазан төңкерісі қарсаңында 84 медресе болған. «ХІХғ. ортасында дейін қазақ балаларын оқыту – Құран сүрелерін ұғынбай, жаттап алу басты жетістік деп саналатын мектептерде жүзеге асырылды. Оларда мұғалімнің міндетін көбінесе оқу жоспарлары мен әдістемесінен ешбір хабарлары жоқ молдалар атқарды» деген мәліметтер де кездеседі.
ХІХғ. екінші жартысынан бастап ашыла бастаған орыс-қазақ мектептері мен әртүрлі училищелерде қазақ тарихы деген мәліметтер жоқ. 1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанынан ашылған қазақ мектебінде 9 пән оқытылса: тарих пәніне аптасына 2 сағат бөлінген. ХІХ ғ. 80-жж. екі кластық орыс-қазақ училищелерінде тарих пәні Острогорскийдің «Орыстың қысқаша тарихы», ал дүниежүзі тарихы Беллярминовтың оқулықтарымен оқытылған.
Қазақ тарихынан материалдар іріктеп, оны оқытуға тұңғыш талап жасаған Ы.Алтынсарин болды. Ол «Қазақ хрестоматиясының» бірінші бөлімінде тарихи материалдар алынған. Олар «Жәнібек батыр», «Жиренше шешен», «Қыпшақ Сейітқұл» тарихи әігңмелер.
Сонымен, ХІХғ. екінші жартысында Қазақстандағы оқу орындарында Қазақстан тарихы метарилдары оқылды деген еш мәлімет жоқ. Дегенмен ағайынды Мамановтар Қапалдағы мектепте 13 пәннің ішінде Құран мен хадис араб тілінде, ал үш пән: татарлар тарихы, пайғамбарлар тарихы және Ислам тарихы қазақ тілінде жүргізілген.
Патша үкіметінің Ресей империясы құрамындағы орыс емес халықтарға білім беру жөніндегі саясаты өзгеріссіз қалды. Олардың саясаты: «Біздің отанымызда тұратын барлық бұратана халықтарға білім берудің түпкі мақсаты – сөзсіз оларды орыстандыру, сөйтіп орыс халқымен қосылтып жіберу тиіс» дегенді жүзеге асыру.
ХІХғ. 60-жж Ресейдің оқу министрі М.Н.Катков – «тарих зиянды пән» деп есептеді. Сағатын қысқартып, кейде тыйым салды. Ресей мектептерінде тарих пәнінің дұрыс оқытылуына, оның әдістемесінің дамып, жетілуіне осы елдің ХҮІІІ-ХІХ ғғ. ғалымдарының, тарихшыларының орта оқу орындарына арналған тарих оқулықтарын жазуға белсене қатысуы да себеп болды. Оларды ұстанған бағыттарына, басшылыққа алған тұжырымдарына қарай екі топқа бөлуге болады:
Дворяндық топ: Либералдық-буржуазиялық топ
«азаматтық сезім»
Ломоносов М.В. Ключевский В.О.
Ла Кроп Кареев Н.И.
Карамзин Н.М. Рожков Н.А.
Соловьев С.М. Виппер Р.О.
Иловайский Д.И. Платонов С.Ф.
Коваленский М.Н.
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін 1920 жылы тұңғыш «Тарихтың үлгі бағдарламалары» жарыққа шықты. Онда халық бұқарасының қызметін, қоғам дамуындағы экономиканың ролін, жұмысшы табының бостандық жолындағы күресін, Қазан төңкерісінің маңызын оқуға назар аудырылды. 20-жж. аяғында «Қоғамтану» пәні енгізілді. Азаматтық тарихқа мән берілмей, бұрынғыша тап кұресі басты болып қалды. 1922 ж. жеті жылдық мектепке 14 пән енгізілгенімен, тарих дербес пән болған жоқ.
Қазақстанда халық ағарту саласын түбегейлі өзгерту туралы айтқандардың алғашқысы Ж.Аймауытов болды.Ол 1918 ж. Семейден шыққан «Абай» журналының 1,2 сандарында «Тәрбие» атты көлемді мақаласын жариялап, автор баланы тәрбиелеуде өз елінің әдеи-ғұрпын, салт-санасын үйретудің, қоршаған ортамен таныстырудың маңызына назар аударады. Ал, 1924 ж. «Тәрбие жетекшісі» деген мақаласында тарих пәнінің маңызын ерекше көрсетті.
1934 ж. 15 мамырда «КСРО мектептерінде азаматтық тарихты оқыту туралы» қаулысы шығып, тарихты оқытуға қойылатын талаптар жарияланды: тарихи хронологиялық реттілікті сақтау; оқушыларға маңызды тарихи құбылыстарды, даталарды, тарихи қайраткерлердің есімдерін берік меңгерту; берілетін білімнің түсініктілігін, көрнекілігін, нақтылығын қамтамасыз ету көрсетілді. 1932-33 оқу жылында тарих пәні дербес пән болып енгізілді. 1937-40 жж. жаңа оқулықтар баспадан шықты. 1937ж. 3-4 сыныптарға шыққан «КСРО тарихының қысқаша курсы» 1939 ж. қазақ тіліне аударылды. 1934ж. С.Асфендияровтың оқулығы шықты. Ол үш тараудан тұрды: «Қазақстан тарихының ескідіуірі. Орталық және Орта Азияның тарихы»; «Қазақ хандығының шығу тарихы. Патша өкіметінің Қазақстанды жаулап бағындыруы, оған қарсы бұқаралық қозғалыстар»; «Қазақстан патша өкіметінің отары». 40-жж. Панкратованың басшылығымен 8-10 сыныптарға арналған оқулық шықты.
ТОӘ мектептік психология ғылымымен де тығыз байланысты. Мұғалім жасөспірімдер мен мектеп оқушылары психологиясының, әр оқушының зейінділік, қиялданушылық, қабылдаушылық, ойланушылық, жадында, есінде сақтаушылық ерекшеліктері туралы ұсыныстарын жақсы білуі және оларды ескеріп отыруы тиіс. Тарих пәнін оқыту барысында оқушылардың физиологиялық ерекшеліктерімен де санасуы қажет. Мысалы, кіші жастағылар – 7-11; орта жастағылар – 11-14; жоғары жастағылар – 14-18,19 болып бөлінеді. Бала денесі жыл сайын сан және сапа өзгерістеріне ұшырайды. Сан өзгерісі – баланың бойының өсуі, салмағының артуы; сапа өзгерісі – сана, сезім, зейін, қабілетінің өсуі. Рефлекс теориясының негізін салған И.М.Сеченов «Ми» атты еңбегінде рефлекстік құбылыстарды алғаш рет ғылыми тұрғыда зерттеді. И.П.Павлов нерв жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады деді.
«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні тарих ғылымдарына емес, педагогикалық ғылымдарға жатады. Өйткені оның зерттейтін негізгі нысандары: оқытудың мақсатын, білім мазмұнын анықтау, оқушылардың оқу қызметі қалай ұйымдастырылады, оның тиімді жолдары қайсысы?
Әдебиеттер:
Тұрлығұл Т.Т. Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2014. 2-басылым, толықт.
Хуторской А.В. Современная дидактика.- М., 2004.
Студеникин М.Т. Методика преподавания истории. –М., 2003.
Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии.- М.:Педагогика, 1989. 192 с.
Дәріс 2.
Тақырыбы: Қазақстан Республикасында тарихи білім беруді дамытудың
заманауи стратегиясы.
Жоспар:
1. Қазақстан Республикасында тарихи білім беруді қайта құру.
2.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі тарихи білім берудің сипаты.
3.Жаңартылған білім мазмұны.
Тірек сөздер: бағдарлама, реформа, стратегия, концепция.
Мектепте оқытылатын тарих пәні өзінің негізін тарих ғылымынан алады, ал ол ғылымның аса маңызды салаларына жатады. Кез келген өркениетті, дамыған елдер өз мемлекетінің барлық азаматтарын тарихи біліммен қаруландыруға ұмтылады және оны алдымен өз халқының, өз елінің тарихын оқытып үйренуден бастайды. Тарихи білімді меңгерген адам өзі өмір сүрген қоғамдағы орнын, атқаратын қызметін, басқа да іс-әрекеттерін дұрыс анықтай алады. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңес бекіткен 1995 жылғы Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы қабылданған болатын. Бұл тұжырымдамада оқу орынндарында тарихты оқытудың алдына аса жауапты міндеттер қойылған. Ол міндеттер алдымен жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асады. Өйткені елдің барлық азаматтарына жүйелі тарихи білім беретін оқу орны – мектеп.
Тарихты оқыту - күрделі үдеріс, ол өзара байланысты: оқытудың мақсатын анықтау, білім мазмұнын іріктеу, білімді оқытып-үйрету, оны меңгеруге басшылық ету – оқушылардың оқу қызметі және оқытудыі нәтижесі сияқты құрамдас бөлімдерден құралады. Оқыту үдерісі үнемі қозғалыста болады, демек дамып отырады, ол туындаған қайшылықтарды шешу арқылы жетеді. Оқыту нәтижесі қалай тексеріледі және оның қорытындысы оқытуды одан әрі жетілдіру үшін қалай пайдаланылады? Тарихты оқыту барысында қандай курсаралық, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға болады?-деген сияқты көп мәселелер. Білім мазмұнын анықтау немесе жетілдіру, оқулықтарды жақсарту, оқытуды ұйымдастыру формалары мен әдістерін жетілдіру, оқулықтарды жақсарту, оқытуды оңтайландырудың және т.б. аса маңызды мәселелер де бар.
Тәуелсіздік алғанға дейін коммунистік идеология үстемдік еткен жылдардағы тарихты оқыту мақсаты басқаша болды. Коммунистік идеология диалектикалық және тарихи материализмді, олардың категориялары мен зерттеу әдістерін объективті пайдалануға жол бермеді. Осының салдарынан басқа қоғамдық ғылымдар, әсіресе, тарих ғылымы зардап шекті. Жалпы білім беретін орта мектепке арналған тарих бағдарламаларында «Орта мектепте тарих курсын оқытудағы басты міндет – оқушыларған қоғам дамуының заңдылығын ғылыми тұрғыда түсіндіру, оларда капитализм сөзсіз құриды, коммунизм жеңеді деген сенімді қалыптастыру»,- деп көрсетілген. Бұған 90-жж.дейін кеңестік ғылымда шектеусіз үстемдік еткен еуроцентристік және ресейцентристік көзқарастарды қоссақ, мектепте тарихты оқытуда қаншалықты қателіктер мен олқылықтар болғанын байқау қиын емес. Осындай саясаттың салдарынан мектепте тарих пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері дұрыс анықталмады. Мұның өзі қазақстандық жастардың бірнеше ұрпағында «тарихи зерделіліктің» қалыптасуы орнына мәңгүрттіктің етек алуына әкелді.
«Тарихи зерделілік» - әрбәр жеке адамға, тұтас ұрпаққа байланысты, әрбір адамның, ұрпақтың тарихты сезінуі, өзінің шыққан тегін, өлкесін, халқын, нәсілін, жалпы адамзаттың тегін, оның рухани түп тамырларын, өткендегі тарихи жолын танып білуге ұмтылып, сана-сезімінің оянуы.
Тарих пәнін оқытуда ондаған жылдар бойы орын алып келген өрескел методологиялық қателіктер мен кемшіліктер: коммунистік идеологияның партиялық, таптық мүддесіне сай келмейтін фактілерді жасыру, жасыруға болмайтындарын барынша бұрмалау, бүкіл Кеңес елінде бірнеше ондаған ұлт тілдерінде жұмыс істейтін мектептер үшін тарих пәнінен бір ғана бағдарлама, оқулық шығару, олардың мазмұнын барынша идеолгияландыру, әр ұлттың өз тарихын оқытуға жол бермеу, еуроцентристік және орыстандыру саясатын барынша дәріптеу, т.б. тарих пәнін оқытуға қойылған міндеттерді орындауға кесел келтірді (Абай, Ыбырай, Шоқан, әл-Фараби).
ХХғ. 80-жж. жариялылық ағарту саласына көптеген өзгерістер әкелді. 90-жж. білім беру жүйесі реформалана бастады.
Оқыту мақсаты – адамзат жинаған тәжірибедегі құндылықтарды, өркениетті, мәдениеттануды оқытып үйрету шықты. Құндылық пен ізгілікті оқытып үйрету басты назар аудару қажеттілігі айтылды.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі басты ұстаным - алдымен Қазақстан тарихын еуроцентристік пен ресейцентристік көзқарастан құтқару болды. Өйткені, Қазақстан тарихы отарлаушылардың және отарлық пиғылдағылардың қолымен жазылды. Олардың еңбектерінде тарихтың бұрмаланғаны сондай, Шығыстан еуропаға барғандар «жаулаушылар», ал Батыстан Шығысқа аяқ басқандар жақсылық таратушылар болып көрінді.
Екінші ұстаным – тарихи білім мазмұнының ұлттық болуы. Яғни, оқушы алдымен өз ұлтының құндылықтарын оқып үйрене отырып, сол арқылы басқа ұлттардың, сосын бүкіл адамзаттың жинаған құндылықтарын оқып меңгереді. Демек, этномәдени, жалпыұлттық және жылпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруге көмектесуі қажет. Ғалымдардың пікірінше, ұлттық мектептің білім мазмұнында төмендегі факторлар болуы тиіс:
этностың пайда болу, даму тарихы және басқа халықтармен қарым-қатынасы;
ол халыққа қоршаған ортаның әсері;
мемлекеттілігінің қалыптасуы;
мәдени дамуы, моралі, адамгершілігі, діні, филолософиясы, ұлттық наным-сенімі, салт-дәстүрі;
жазудың пайда болуы, әдебиеті, тілі, бейнелеу өнері, биі, еңбектің негізгі түрлері, дүниежүзілік мәдениетті қамтитын гуманитарлық ғылымдар;
жалпы тарих пен география;
спорт пен дене шынықтыру;
халықтың денсаулық сақтау тәрбиесі;
үй тұрмысы;
жаратылыстану ғылымдары.
Сонымен, аталған факторлар ұлттық мектептің білім мазмұнында түгелдей кездеседі. Ал, Қазақстан тарихын мектепте оқыту тұжырымдамасына, Мемлекеттік білім стандартына, жаңа бағдарламалары мен оқулықтарына, әдістемелік құралдарына аталған факторлар бірте-бірте енді. Әрине, тұжырымдамалар мен бағдарламаларды жасауда дүниежүзілік халық ағарту саласында болып жатқан жаңалықтар, ҚР қайта құрулар және мектептік тарихи білім жүйесін қалыптастыратын педагогикалық ұстанымдар мен талаптар басшылыққа алынды. Олар:
демократияландыру, ізгілендіру, дамытушылық;
коммунистік, кеңестік идеология талаптарының тарихқа партиялық, таптық тұрғыда қарау салдарынан туындаған келеңсіздіктерді болдырмау;
адамның «функциялық сауаттылығы»;
тарихи білімді іріктеуде көп деңгейлілік;
адамзат қоғамының тарихи дамуындағы көптүрлілік пен қарама-қайшылықтарды ескеру;
білім құрамында негізгі категориялардың: тарихи уақыт, тарихи кеңістік, тарихи қозғалыстың дұрыс, тиімді қамтылуы.
Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер
№
|
Көтеріліс
|
Оқытылу/Оқытылмауы
|
Себептері
|
1.
|
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
|
Оқытылды
|
Кеңестік методологияға сәйкес, яғни қозғаушы күштері-шаруалар
|
2.
|
Исатай Тайманұлы бастаған қозғалыс
|
Оқытылды
|
Кеңестік методологияға сәйкес, яғни қозғаушы күштері-шаруалар
|
3.
|
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
|
Оқытылмады
|
Кеңестік методологияға сәйкес емес, яғни сипаты бүкілзалықтық болғанымен, бастаған ақсүйектер
|
4.
|
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
|
Оқытылды
|
Кеңестік методологияға сәйкес, яғни қозғаушы күштері-шаруалар
|
5.
|
Ұжымдастыруға қарсы көтерілістер
|
Оқытылмады
|
Кеңестік методологияға сәйкес емес, яғни қозғаушы күштері-шаруалар болғанымен, Кеңес үкіметінің жүргізген ұжымдастыру саясатына қарсылық еді
|
2.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі тарихи білім берудің сипаты. Жалпы білім беретін мектептерде Қазақ КСР тарихы өзінше курс болып, бірақ КСРО тарихы құрамында оқытылғаннан (1958-1959 жж.) бастап осы уақытқа дейін оның құрылымы үш рет өзгеріске ұшырады:
1) 1958-1959 жж;
2) 1991-1992 жж;
3) 1990-1999 жж.
Ал, ХХғ. 80-жж. КСРО-дағы қайта құруларға байланысты Қазақстан тарихы мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енгізілді. 1992 жылы алғаш рет дербес Қазақстан тарихы пәнінің бағдарламасы дайындалды. Бағдарлама Кіріспе мен Ү бөлімнен тұрды.
КІРІСПЕ - «Қазақстан-менің Отаным»
1 БӨЛІМ –«Ең ежелгі қазақ елі»
2 БӨЛІМ- «Қазақ жеріндегі ең ежелгі мемлекеттер. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ хандықтары»
3 БӨЛІМ – «Қазақстан патшалы Ресей қол астында»
4 БӨЛІМ – «1916 жылғы көтеріліс»
5 БӨЛІМ – «Қазақстан-тәуелсіз мемлекет»
Білім мазмұны іріктелгенде тәрбиелік маңызы басым материалдарға, әсіресе оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, отаншылдыққағ еңбекке, басқа халықтарды құрметтей білуге, қоршаған ортаны қорғауға, діннің тарихтағы ролін дұрыс түсінуге тәрбиелейтіндеріне баса көңіл бөлінген. Сабақтастық, пәнаралық байланыс та ескерілген. Мұғалімдерге арналған әдістмелік нұсқауларда да осы курстың бастауыш сыныптардағы кейбір пәндермен, әсіресе ана тілі, дүниетану, еңбек, өнермен байланыстарына назар аударылып, оларды жүзеге асырудың тиімді жолдары көрсетілген.
Әдебиеттер:
1.Тұрлығұл Т.Т. Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2014. 2-басылым, толықтырылған.-256б.
2.Зуева Л.И., Ускембаев К.С. Методика преподавания истории в средней школе. Учебно-методическое пособие. Караганды, 2013.-386с.
3.Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. Оқу құралы. Алматы: Санат, 2012. 3-басылым, қайта шығарылған.
4.Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-0 жылдарында. Алматы, 1994.
Дәріс 3.
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы мектептерде тарихи білім беру мәселесі жөніндегі нормативті құжаттарды оқып үйрену
Достарыңызбен бөлісу: |