Гуманитарлық факультет


Модуль 2. Тарихты оқытудың тәсілдері. Дәріс 5



бет43/60
Дата06.07.2020
өлшемі242,93 Kb.
#74920
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   60
Байланысты:
УМКД ТОӘ

Модуль 2. Тарихты оқытудың тәсілдері.

Дәріс 5.

Тақырыбы: Тарих пәнін оқытудың әдістері мен тәсілдері. Оқыту әдістерін топтастыру.

Тірек сөздер:

Дәріс 6.

Тақырыбы: Хронологияны оқытудың әдістемелік жолдары мен тәсілдері.

Жоспар:

  1. Хронология ғылымы, күнтізбелер

  2. Хронологияны оқытудың жолдары

Тірек сөздер: хронология, жыл санау, уақыт кесте. хроника, оқиға,күнтізбе.

1. Мақсаты- хронология ғылымының зерттеу объектісін анықтау, мектепте хронологияны оқытудың әдістемелік жолдары мен тәсілдерін қарастыру.

Мектепте хронологияны оқытудың мақсаты- оқиғалар мен құбылыстардың бірізділігін, олардың уақыт кеңістігіндегі ұзақтығын қарастыру, оқушыларды уақытты түсінуге үйрету және уақытты санау жүйесімен таныстыру.

Міндеттері: оқушылардың санасында тарихи уақыттың көрінісін дұрыс қалыптастыру; уақыттық түсініктерінің дамуына жағдай жасау; оқиғалардың маңызды даталарын оқып-үйренуге көмектесу; оқушыларға уақыттың категорияларын (жыл, ғасыр, мыңжылдық, кезең, дәуір) түсіндіру; меңгерген оқиғаларды кезеңге жатқызуды меңгеру.

Даталардың жіктелуі:


  1. Тірек даталар- маңызды тарихи фактілермен байланысты. Мысалы, Аңырақай шайқасы 1729; Орбұлақ шайқасы 1643 жылы; Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс 1836-1838жж. Қосымша даталар- негізгі датаға көмекші ретінде жүреді. Мысалы, 1729 жылы Аңырақай шайқасы болды деген оқиғаға 1718, 1721, 1725 жж. жоңғарлардың Қазақстанға шапқыншылығы; Исатай Тайманұлы бастаған қозғалыс 1836-1838 жж. аралығында болды деген оқиғаға 1833 жылы Каспий теңізі өңірі қазақтарына Қарауылқожа Бабажанұлының билеуші болып тағайындалды. 1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс болды- ХІХғ. 30-жж. Ор, Троицк, Қарқаралы бекіністерінің салынуы.

  2. Сыртқы белгілері бойынша. Оқиғалардың даталарын (жыл) және процесстердің дөңгелектелген даталарын (ғасыр, ғасырдың жартысы, онжылдық) көрсетеді. Мысалы, ХХғ. басы; ХІХғ. 60-жылдары; ХҮғ. ортасы.

Хронология- уақытты санау және оның даму тарихын зерттейтін қосалқы тарихи пән. Гректің «хронос»- уақыт және «логос»- ғылым, ілім деген сөздерінен атауын алады. Тарихи пән ретінде уақыт туралы ғылымның бір бөлігі болып табылады. Екінші бөлігі математикалық немесе астрономиялық хронология деп аталады. Астрономиялық хронологияның мақсаты аспан денелерінің қозғалыстарының заңдылықтары негізінде нақты астрономиялық уақытты белгілеу.

Ал тарихи хронологияның мақсаты- тарихи оқиғалар мен құжаттардың нақты уақытын (датасын) анықтау. Ол уақытты санаудың әртүрлә жүйелерін, деректердің даталарын нақтылайды, зерттейді, анықтайды, қазіргі уақыт бірлігіне келтіреді.

Хронология аспан денелері мен оларға қатысты өзгерістерді бақылау арқылы дамыды. Ол Вавилон мен Египетте пайда болып, Греция және Римде үлкен жетістіктерге жетті. Болашақта ортағасырлық Батыс Европада жалғасын тапты.

Күнтізбелер. Күнтізбе деп уақытты санаудың нақты жүйесін айтамыз. Календарь сөзі латын тілінен аударғанда «календариум»- жаңа айдың бірінші күні деген сөзден шығады. Сөзбе-сөз аударғанда «қарыз кітап» деп аударылады. Өйткені, ежелгі Римде қарызды айдың бірінші күні қайтару қалыптасқан.



  1. Хронологиялық кестелердің түрлері:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет