Гуманитарлық факультет



бет46/60
Дата06.07.2020
өлшемі242,93 Kb.
#74920
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60
Байланысты:
УМКД ТОӘ

Әдебиеттер:

1. Тұрлығұл Т.Т. Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2014. 2-басылым, толықт.

2. Хуторский А.В. Современная дидактика.- М., 2004.

3. Жадрина М.Ж. Жалпы білім берудегі жаңа үрдістер// Открытая школа, 2004 №5. Б.6-9.

4. Интерактивті әдістер мен сыныпты басқару. -Алматы., 2005.

5. Кобдикова Ж.У. Технологизация средней школы.- Алматы., 2002.


Модуль 3. Тарих сабағын дайындау және жүргізу

Тақырып 8. ТҚЖ және компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.

1. Тарихты оқыту барысында ТҚЖ-ның рөлі мен мәні

2. Оқыту барысындағы ақпараттық-коммуникациялар

Тірек сөздер: инновация, компьютер

Инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ақпарттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау.

Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» — деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.

Тарих сабақтарында ақпараттық коммуникативті технологияны келесі нұсқауларда қолданамын.


  • көп тараған түрі ол – мультимедиялық презентациялар.

  • Флеш-фильмдер.

  • Келесі менің сабағымда қолданатын әдіс ол – мультимедиялық карталар.

  • Сонымен қатар өз педагогикалық іс-тәжірибемде оқу-әдістемелік құралдарды да қолданамын.

  • Берілген материалды терен бекіту мақсатында сабақта тестер мен тренажерларды пайдаланамын.

Кроссвордтарды қолданамыз.

Сондықтан ақпараттық технологиын қолдану және ашық бағалау жүйесін қолдану мұғалімге оқушылардың пәнге деген қызығушылығын жоғарлатуының тиімді жолдары:



  • оқушылармен материалды игеру үрдісін психологиялық түрде женілдетеді.

  • Пәнге деген танымдылық қызығушылығын тудырады.

  • Оқушылардың көз қарасын кенейтеді.

  • Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі.

  • Тарихты оқуға және үлгерімді жоғарлату қызығушылығы туады.

  • Теориялық материалды толық игеру болады.

  • Ақпаратты табу, оны компьютерлік технология арқылы өндеу.

  • өз көз қарасын нақты және қысқаша қалыптастыру дағдысы.

  • Сабақ үстінде оқушының да мұғалімнінде еңбек өнімінің жоғарлауы болады.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:

1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2. Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.

3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіру.

Қазақстанда Ш.М.Қаланова, Ж.А.Қараев,Ш.Т.Таубаева, Қ.Қ.Қабдықайыров, М.М. Жампейісова т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан – жақты қарастырылады. Ж.А.Қараевтың ОҮӘЖ технологиясын қолдану арқылы келесі тиімділіктерге қол жеткізеді:


  • Деңгейлік саралау оқушылардың білімін жаңа әдіспен, яғни рейтинг жүйесі бойынша бағалауға мүмкіндік береді.

  • Деңгейлік тапсырмаларды (олардың қаншалықты орындап жатқанын бақылап отыру мақсатымен) оқушы тақтадағы ілулі тұрған тізімдегі және «жұмыс дәптерінің» соңындағы өзінің тұсына мұғалімнің тексеруінен кейін «+» белгісімен белгілеп отырады.

  • Қалғанын үйде орындайды, олар «V» белгісімен белгіленеді. Берілген кесте «ашық журнал» деп аталады, көрнекі түрде тақтаның шетіне ілінеді.

Әдебиеттер:

1. Тұрлығұл Т.Т. Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2014. 2-басылым, толықт.

2. Хуторский А.В. Современная дидактика.- М., 2004.

3. Жадрина М.Ж. Жалпы білім берудегі жаңа үрдістер// Открытая школа, 2004 №5. Б.6-9.

4. Интерактивті әдістер мен сыныпты басқару. -Алматы., 2005.

5. Кобдикова Ж.У. Технологизация средней школы.- Алматы., 2002.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет