4.Пәннің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
№
|
Дәріс, практикалық сабақтардың тақырыптары
|
Мультиме
диялық
презен
тация
|
Оқу
Фильм
дері
|
Муляж
дар
|
Макропре
Параттар
|
Басқа
лары
|
1
|
Гештальттерапия
ның даму тарихы
|
-
|
Видео маериал
|
-
|
-
|
-
|
2
|
Гештальттерапия
ның процестері мен механизімі
|
-
|
Видео материал
|
-
|
-
|
-
|
3
|
Гештальттерапев
терді оқыту
|
-
|
Видео материал
|
-
|
-
|
-
|
4
|
Гештальт – тұрғыдан топпен жұмыс жасау процесі
|
-
|
-
|
-
|
-
|
схема
|
5
|
Терапиялық жұмыстардағы метафора, бейне және түс көрулер гештальт-тұрғыдан
|
Интерактивті
Тақта
|
-
|
-
|
-
|
-
|
6
|
Гештальт-тұрғыдан кеңес беруді ұйымдастыру
|
Интерактивті
Тақта
|
-
|
-
|
-
|
-
|
7
|
Жұбайылармен жүргізілетін гештальттерапия
|
-
|
-
|
-
|
-
|
схема
|
ГЛОССАРИЙ
Психотерапия – (грек, psyche — жан + therapeia — емдеу). Қысқаша айтқанда психотерапия адамды (клиентті, пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді. Психотерапия — кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе психикасын өңдеуге көмекті кажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы.
Психологиялық талдау – грек сөзі, analysis — ыдырау, болшектеу) — 1) адам психикасындағы жасырын ұғынылмаған үдерістерді айқындауға негізделген, австриялық психолог 3. Фрейд (1856-1939) пен оның ізбасарлары ұсынған психотерапия әдісі; 2) 3. Фрейд тұжырымдамасына негізделген және адам психикасы функциясының механизмі мен құрылысы туралы болжам мен идеялардың жиынтығы.
Кеңес беруді өткізу – психологиялық кеңес беруді өткізуге жұмсалатын бір күн ішіндегі уақыт немесе уақыт аралығы; психолог-кеңесшінің клиентпен жұмыс істсуге жұмсаған уақыт мөлшері. Кеңес берудің диагностикалық кезеңі — клиенттің психолог-кеңесшіге өз мәселесін айтуы, ал психолог-кеңесші оны зейін қойып тындап, талқылап, мәселені клиентпен бірге нақтылап, оған психологиялык, диагнөз қойып, керек болған жагдайда клиенттің өзіне психодиагностикалық зерттеу жүргізіп қарайтын психологиялық кеңес берудің кезеңі.
Кеңестің құпиялығы – Мұндай жайдың ерекшелігі — кеңес уақытында болатын мәселелер және клиенттің психологиялық кеңеске өтініш беру фактісі бөгделерден құпия түрінде сақталады. Кеңестің бақылаушы кезеңі — психологиялық кеңестің аяқталу кезеңі. Бұл кезеңде психолог-кеңесші және клиент мәселені шешуде алынған практикалық ұсыныстардың орындалу нәтижесі бағаланады.
Психодинамика – (rpetLdynamis — күш) — қарама-қарсы бағыттағы мотивациялық ықпалдан туындайтын ойлану, сезіну, мінез-құлық құбылыстарын түсіндіретін психикалық талдаулық теорияның маңызды саласы. Негізінде, П. әртүрлі қөздырғыштардың өзара ықпалын зерттеуге, психикалық үдерістің мәнісін айқыңдауға, психикалық қызметтің үдерісті, жағымды және регресті, жағымсыз өзгерістерін айқындайды.
Психодрама – (грек сөзі, drama — іс-әрекет) — топтық психотерапияның бір түрі; мұнда пациенттер актерлер мен көрермендер сапасында кезектесіп шығады, осының өзін-де олардың рөлдері қатысушылардың барлығы үшін түлғалық мән-мағынасы бар өмірлік жағдаяттарды үлгілеуге бағытталады: бұл орайда, барабар емес эмоциялық реакцияларды болдырмау, әлеуметтік перцепцияны пысықтау, өзін-өзі неғұрлым тереңірек танып білу мақсаты көзделеді. Психодрама ұғымын және процедурасын Д.Морено (АҚШ) ұсынып, оны әлеуметтік проблемаларды шешудің бір кұралы деп түсіндірді.
Клиент – қандай да бір мәселені шешу үшін кәсіби пси-хологтан кеңес алуға келген адам. К.-ті вербалды қолдау — психологиялык кеңес жүргізіп жаткан уақытта, клиентті психолог-кеңесшімен бірлесіп белсенді жұмыс істеуіне ықпал ететін сөйлеу әдісі; клиенттегі психологиялық күйзелістерді, әсіресе оны ашық әңгімеге тартқанда психолог-кеңесшінің түрлі сөздер мен сөйлемдерді қоіщануы.
Клиенттің кері байланысы – психологиялық кеңестен ксйіші, кеңес барысьшда алынған ұсыныстарды клиентгің орындау үдерісінде, психолог-кеңесшінің клиентпен қарым-қатынасы. Сонымен бірге клиент өз мәселесін шешуіне байланысты кылыктарын түзетуге де мүмкіндік туғызады. Клиентті бағаламау — психолог-кеңесшінің клиенттің түлға-лығына немесе қылығына «жақсы» немесе «нашар» деген баға беруден бас тартуы; психолог-кеңесшінің клиешті сол күйінде тұлға ретіңде қабылдауға ыңғйы.
Когнитивтік психология – қазіргі психологиядағы таным әрекеттерін зерттейтін жетекші бағыттарынын бірі. Әуел баста когнитивтік психологиянын басты міндеті — сенсорлык ақпараттың стимулдың рецепторлық бетке түскен сәтінен жауап алынганга дейінгі өзгерулерін зерттеу болды. К.п. бихевиоризм мен психологиялық талдауды интеллектуалистік немесе менталистік позициялардан сынайтын барлық бағыттарды қамтиды.
Когнитивті психологиялық кеңес – клиентте танымдық үдерістерді дамыту және қалыптастыру мәселелері негізінде жүргізілетін психологиялық кеңес. Когнитивтік сфера — адамның өзі және әлем туралы ойларының танымдық үдерістері мен санасына байланысты адам психологиясының бөлімі. Когнитивтік даму — адамның когнитивті сферасының, оның қабылдауы, зейіні, қиялы, есі, ойлау және сөйлеуінің қалыптасуы мен даму үдерісі. Когнитивті үдерістер — адамдағы сезу, қабылдау, қиялдау, зейін, есте сақтау, ойлау жоне сойлеу үдерістсрін қамтитын танымдық үдерістер.
Гештальтпсихология – (нем. gestalt - пішін, тұтастық) - шетелдік психологияның сенсуалистік бағыты, 1912 ж. Гермапияда пайда болған. Гипнотерапияның ізашары X. Фон Эренфельс (1859-1932) болып табылады. Басты өкілдері: М. Вертгеймер (1880-1944), В Келер (1887-1967) және К. Коффка (1886-1941).
Гештальтерапия – гештальтпсихологияның теориясына негізделген, адамға психотерапевтік ықпал ететін әдістер және процедуралар жүйесі — психологиялык зерттеулердің аумағы, тұтастық құрылымының қызметтері мен зандарын алғышарт ретінде қарастырып, соның нәтижесінде олардың арасындағы байланыстары түсіндіріледі.
Инсайт – (ағылш. insight — түсіну) — 1) неғүрлым жалпы мағынасы — бір нәрсені іштей сезу, ішкі түйсік; 2) стандартты жағдайда — кез келген өзіндік сана-сезім немесе өзіндік ұғыну; 3) психотерапияда — біреудін бұрын аңғарылмаған психикалық күйін түсіну немесе білу; 4) еске түсірмей-ақ, бұрынғы тәжірибеге сүйенбей, бір нәрссні жаңадан дұрыс аңғару; 5) гештальтпсихологияда — проблемалар сол арқылы шешілетін үдеріс.
Экзистенциялық психология – «гуманистік психология» бағыттарынын бірі. Э.п.-ның зерттейтіні: 1) уақыт, омір мен өлім проблемалары; 2) бостандық, жауапкершілік пен таңдау проблемалары; 3) қарым-қатынас, махаббат пен жалғыздық проблемалары; 4) тіршіліктің мәнін іздеу проблемалары.
Тақырып 1. Гештальттерапияның даму тарихы 2 сағат
Фредерик Перлз – гещтальттерапияның негізін салушы
Гештальт-тұрғыдағы негізгі түсінік
Гештальттағы «self»
Гештальт (нем. Gestalt - бейне, қалып) - тұғастың, оның өзгеріп тұратын бөліктерін ұйымдастырудың тұракты әдісі; тұтас психикалық кұрылымдар. Гештальт терапия - гештальт психология теориясына негізделген адамға психотерапиялық ықпал ету әдістері мен процедуралардың жүйесі. Гештальт басты принципі - адамның өзін-өзі, басқа адамдарды және барлық басқа әлемді барындай шартсыз қабылдау: адамның өтпелі калпын толық жетілгендей, езгеруді немесе жақсартуды талап етпейтіндей бағалау және қабылдау.
Гештальттерапияның мақсаты осы немесе басқа құрылымдардың төмендеуінің қандай болуына қарамастан, “күрес” пен “жөндеуге” емес, адамның жақсы болуының үйлесімділігін дамыту мен ұстап тұруға бағытталған. Сондықтан о-бастан ақ терапия медициналық көмек берумен емес, дененің үйлесімділігімен айналысты. Гештальттерапияның клиенттері өзінің жақсы болуын талдауға және сәттілікке ұшыраған қарым- қатынасқа қандай да бір сәттілік туралы жұмыс істеуге мәселелер мен қиындықтарды шешуге ғана тоқталып қалмайтындығына қатты таң қалуда.
Бұл терапия «осында және қазір» деген принцип бойынша екі адам арасында болады. Барлық жағдайда психикалық өмірді біртұтас іштей байланысқан түрінде қарастыруды ұсынады.
Психологияда гештальт жайлы ұғым, психологиялық ойлар XX ғасырдың басында пайда болды. Гештальт психологиялық эксперименттер адамның қабылдауы сыртқы тітіркендіргіштердің механизмдерімен байланыссыз, бөлек жүйе екендігін көрсетті. Организм өзіне қажетті және маңыздыны қабылдайды.
Гештальт терапияның ұстанатын принциптері:
Адам – біртұтас социобиопсихикалық жүйе.
«Адам мен оны қоршаған орта»- тұтас гештальт , организм – қоршаған орта деп аталатын тұтас құрылым. Орта организмге әсер етеді, ал организм ортаны өзгертеді.
Адамның мінез – құлық гештальты «гештальттардың қалыптасуы мен бұзылуы » принципіне негізделеді, күнделікті қажеттіліктер басым болып, организмнің қабылдауы артады. Организм қажеттілігін қанағаттандырудың жолдарын іздейді, қанағаттанады, яғни гештальт аяқталады немесе бұзылады.
«Контакт» - гештальт терапияның негізгі ұғымы болып табылады. Организмнің қоршаған ортамен кездесуін контактінің аймағы ретінде қарастырады.
«Ұғыну, түсіну» - организмнің ішкі дүниесі мен оны қоршаған ортадағыларды ұғынып, түсіну.
Гештальт терапияның негізгі мақсаты – ұғым , түсінікті кеңейту, мінез құлықты өзгертуді мақсат етпейді.
«Осы жерде және қазір» - организмнің дәл қазір, осы жердегі қабылдауы, сезім, іс - әрекеті, арманы, ойлары, қиялдары өте өзекті.
Жауапкершілік – адам нақты шындықты қаншалықты түсінсе, оның жауапкершілігі де соншалық.
Сыртқы орта факторларының өзгерістеріне қарамастан, тірі ағзалардың өздеріне тән ішкі ортасының тұрақтылығын,морфологиялық, функционалдық біртұтастығын сақтап қалу қасиетін гомеостаз деп атаймыз.
Гомеостаз нәтижесінде ағза құбылмалы сыртқы ортаға бейімделіп тіршілік ете алады. Тірі ағзалардың мұндай қасиетінің маңызын алғаш рет 1878 жылы француз ғалымы К.Бернар байқаған. Бірақ гомеостаз деген терминді биологияға 1929 жылы америка физиологы В.Кеннон еңгізген болатын.
Байланыс шекарасы – гештальт терапияның фундаменталды түсінігі. Тірі ағза қоршаған ортамен өзара әрекеттесе отырып, ағза байланыс шекарасын қалыптастырады. Байланыс шекарасында тұлғаның қажеттілігін қанағаттандыру жүзеге асады. «Байланыс» орната отырып, ағза қажеттілігін қанағаттандырып, жаңа қажеттілікке орын береді.
«Байланыс үзу механизмі»
Гештальт терапияда сыртқы ортамен байланысты үзуге бағытталған невротикалық процесстер қорғаныс механизмдері болып табылады.
1. Конфлюенция(бірігу) – бұл процессте әр адамдардың бөлектігі жайлы түсінік болмайды, адамдар арасындағы ерекшеліктер ескерілмейді.
Көріністері:
Сөйлеуі барысында «мен, сен, ол» есімдіктерінің орнына «біз» есімдігін қолдану.
Өзі мен басқалар арасындағы сыйластықтың болмауы.
Айырмашылықтыр пайда болған жағдайда ашулану.
Адамдардың әрдайым бірдей сезімде болатынына шынайы сену.
2. Интроекция – бұл адамның сыртқы ортадағы белгілі бір ережелер, құндылықтар, концепцияларды т.б еш қарсылықсыз қабылдау механизмі.
Көріністері:
Сөйлеуі барысында «Мен тиістімін», «Менің істеуім қажет» деген сөздерді жиі қолдану.
Өзінен және өзгелерден шындыққа сәйкес келмейтін нәрселерді күту.
«Алда не істеуім қажет?» деген сияқты сұрақтарға жауап іздеу арқылы өмір сүрудің жақсы амалдарын іздестіру.
3. Проекция – бұл процесс, адамның жеке өзіне тән қасиеттері: сапа, мінез – құлқы, қарым – қатынасы немесе сезімінің сыртқы орта ықпалымен қалыптасуы.
Көріністері:
«Мен» есімдігінің орнына «сен, сендер, олар» есімдігін қолдануы.
Назарын шынайылықтың тек жаман жақтарына аударуы.
Әлсіз адамдарға көмектесуге, қамқорлық жасауға бейім болуы.
4. Ретрофлексия - өзінің сезімін білдіргісі келетін адамның орнына өзін қою.
Көріністері:
Психосоматикалық аурулардың көрінуі.
Өзіне бағытталған іс - әрекеттер: тырнағын кеміру, өзін - өзі сипалау.
Сөйлеуі барысында « Өз - өзімді жек көремін немесе жақсы көремін», «өзім кінәлімін» т.б сөздерді жиі қолдануы.
5. Дефлексия – адам тікелей байланысқа түсуден қашады және өз мақсатына оңай жолмен жетуге тырысады. Өз қажеттеліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс - әрекеттерін басқа адам арқылы іске асырады.
6. Профлексия – ол өзіне басқаның қандай қарым – қатынас жасағанын қаласа, өзі сол адамға сондай қарым – қатынас жасайды.
7. Эготизм – адамның бойында өзімшілдік қасиеттің басым болып, өзгелердің мәселелеріне ортақтаса алмауы.
8. Девалидизация немесе құнсыздану – тұлғаның қызметіндегі нәтижесін өзінің жоққа шығаруы.
9. Десенсибилизация – адамның бойындағы қорқу, қобалжу сияқты сезімдерін төмендету мақсатындағы методика.
Пайдаланғған әдебиеттер:
Булюбаш И.Д. Руководство по гештальт-терапии / И.Д. Болюбаш. – М.: Изд-во Института психотерапии, 2004. – 768 с.
Лебедева Н.М. Путешествие в Гештальт: теория и практика / Н.М. Лебедева, Е.А. Иванова. – СПб: Речь, 2005. – 560 с.
Гештальттерапия. Теория и практика. – М.: Апрель Пресс, Изд-во ЭКСМО-Пресс, 2000. – 320 с.
Польстер И. Интегрированная гештальт-терапия: Контуры теории и практики / Польстер И., Польстер М.. – М.: Независимая фирма «Класс», 1999 - 272 с.
Таланов В.Л. Справочник практического психолога / В.Л. Таланов, Малкина-Пых И.Г. – СПб: Сова, М.: ЭКСМО, 2004. – 928 с.
Тақырып – 2 Гештальттерапяиның процестері мен механизімі 2 сағат
Гештальттерапия процесіне жалпы көзқарастар.
Гештальттерапиядағы жалпы терапиялық қатынастың диалогтық негізі: экзистенциялық диалог.
Гештальттағы терапиялық қатынас:
Гештальттағы терапиялық қатынас: қатысу деңгейлері, фрустрация және қолдау, Сенімді қарым-қатынас.
Гештальт терапиялық процесс – ол көптеген эксперименттердің нәтижесі. Гештальт терапиядағы процесс - ол ең алдымен гештальт терапевт пен клиенттің арасындағы қатынас. Бұл терапия процестерінің жалпы концепциясы.
Бұл процесс – монодрама (немесе «бос орындық») деп аталады. Бұл эксперимент қандай да бір уақытты белгілемейді. Гештальт терапевт клиентті толық бақылауда ұстайды. Бұл кезде оның феномендерді қадағалап отыруын сұрайды. Феномен ретінде: эмоция, дауыс өзгеруі ( дауыс ырғағының жуандауы, дірілдеуі, тұтығуы), мимика, жест, отырған отырысы, реакция беруі, денедегі түрлі сезімдер ( терлеу, тоңу, тітіркену, қысылу) т.б. Бұл феномендер тек эксперимент барысында қарастырылады. Сондықтан бұл гештальт терапияның негізігі принципі «осында және қазір» деп аталады. Яғни осы бағытта гештальт терапиялық жұмыстар жалғасын табады. Феномендерді белгілеу арқылы клиент өзіндік сезінуді дамытады. Бұл гештальт терапияның негізгі кілті.
Бұл мәліметтердің барлығы бір жүйеге келтіріліп, жеткізілуі үшін гештальт терапевттің өзі осы мамандыққа сай мінез – құлық стилін қалыптастыруы қажет. Бұл гештальт терапевт пен клиенттің арасындағы диалогты орнатады.
Гештальт терапиялық процестерде пациент өзінің жеке басының шынайы бейнесін ашу үшін 5 негізігі кезеңнен өтуі керек. Бұны Перлз «невроз кезеңдері» деп атады.
I – кезең. Ойын және өтірік рольдік қатынас.
Невротикалық тұлға өзінің шынайы «Менінен» бас тартады. Неврозбен ауыратын адамдар басқалар не күтеді, соны ойлаумен өмір сүреді. Нәтижесінде, адамның қажеттілігі мен мақсаты қанағаттандырылмайды. Ол фрустрацияны сезінеді. Яғни, өз - өзінен көңілі қалып, өмір сүруінің мәні болмайды.
Перлз келесі афоризмді ұсынды:
Ауытқуы бар дам – « Мен , Аврам Линкольнмын» деп айтады.
Неврозбен ауыратын адам – « Мен, Аврам Линкольн болғым келеді» деп айтады.
Ал, сау адам – Мен, ол «Мен», сен,ол «Сен» деп айтады.
II – кезең. Фобиялық – бұл ойдан шыққан әрекеттер, яғни пациент өзінің шын бейнесін көрсетуді ойласа, оның бойын қорқыныш жаулайды. Бұл қорқыныш «менің шынайы бейнемнен басқалар қашады деген қорқыныш пен үрей адамды жаулап алады».
III– кезең. Тығырыққа тірелу – мұнда адам не істерін, басқаларға не айтарын білмейді және ол оны басқалардың қолдамайтынын біліп, бұдан шығар жолды мүлдем таба алмайды.
IY – кезең. Импозия – бұл адамның ішкі дүниесіндегі күйзеліс, қайғыру, өзін - өзі жек көру, өз - өзіне шектеу қою мен өзін - өзі жегідей жеу. Бұл кезде адам өлімнен қорқу сезімін сезінеді. Адамның ішкі энергиясы өз - өзіне қарсы шыққандай болып, бұл қысымнан біреулер оны құтқарғандай болып тұрады.
Y – кезең. Экспозия (жарылу) – бұл дегеніміз эмоционалды қатты күйзелу, көбінесе адамдардың жақындарынан айырылғанда да пайда болады.
Терапиялық процессті эмпирикалық зерттеу ретінде қарастыра отырып, бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады. Ұсынылып отырған психотерапиялық процесстердің құрылымы операциялық мәнге ие бола отырып, келесідей 2 сұраққа жауап береді:
Терапевттің ойын артық ақпараттармен жүктемейді.
«Не істеу керек» деген сұраққа максималды түрде қарапайым жауап береді.
Келесі этаптар ұсынылады:
Терапевттің сеансқа қатысуы
Терапевттің болып жатқан жағдайларды қабылдауы
Терапевттің сұрақтар қоюы
Терапевттің кері байланыс орнатуы
Терапевттің эксперимент жүргізуі
Бұл жүйенің орындалуы өте қарапайым. Терапевт бір этаптың мәселесін шеше отырып, келесі этапқа өтіп отырады. Егер бірінші этапта белгілі бір кедергілер немесе қателіктер орын алған болса, онда терапевт артқа бір қадам жасап, яғни сол этапқа қайта оралады. 1) Терапевттің сеансқа қатысуы – бұл терапевттің сеансқа физикалық тұрғыда қатысуы. Егер терапевт келмесе, сеанс басталмайды. Терапия барысында психотерапевт қандай жағдай болмасын өзіне қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндігі бар. Яғни, бұл клиентке деген қызығушылығын оятады. Осыған байланысты терапевт клиентке манипуляция жасаудан аулақ болады. 2) Терапевттің болып жатқан жағдайды қабылдауы – бұл этапта терапевт өзінің қабылдауын әрдаайым «осында және қазір» жағдайынды ұстайды. Терапевттің назары әрдайым клиентте болуы қажет. «Осында және қазір» принципін ұстана отырып, бар назарын клиентке аудару арқылы, ол жайлы бұрыңғыдан да көп ақпарат ала алады. Егер терапевттің назары клиенттен өзіне ауысып кете берсе, онда бұл этап аяқталмайды, сондықтан бастапқы этапқа қайту қажет болады. 3) Терапевттің сұрақ қоюы – терапевт өзінің қабылдауына жүгінеді. Терапия барысында клиенттің белгілі бір сөйлеуі мен іс - әрекеттерінің жиі қайталануы барысында терапевт сұрақ қою арқылы сол жайлы толық мағлұмат ала алады. 4) Терапевттің кері байланыс орнатуы - бұл этапта терапевт клиенттің жасаған іс - әрекеттері мен реакцияларын дәлме – дәл қайталауы арқылы жүргізіледі. Терапия барысында терапевт клиентке «Менің назарымды аударған бір нәрсе бар, ол мынау... Сен бұған қалай қарайсың?» деген сұрақтар қою арқылы кері байланыс орнатады. Мазмұны бойынша кері байланыс – терапевтке немесе клиентке қатысты болуы мүмкін. Ал, формасы бойынша вербалды және вербалды емес болады. (вербалды айна),(вербалды емес айна). 5) Терапевттің эксперимент жүргізуі – бұл этап жеке тұлғаның дамуын қамтамассыз етеді. Яғни, осы этаптағы зерттеулері арқылы клиенттің өзін - өзі дамытуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, терапия барысындағы туындайтын әр түрлі кедергілерден терапевттің қалай шығатынын бақылауға болады. Мысалы, жарықтың сөнуі, үшінші адамның кіріп келуі, қатты дауыс т.б. бұндай кедергілер туындаған жағдайда терапевт сеансты үзе тұруы қажет және сол мәселені шешуі керек.
Гештальт терапияда шығармашылық мүмкіншіліктер маңызды орын алады. әр адамның өзіне тән табиғи шығармашылық қабілеттері болады. Мысалы, жазуда, мәдениет, музыка және би. Терапиядағы шығармашылық бұл – клиент пен терапевт арасындағы болып жатқан жағдай. Терапия барысында клиенттің жағдайы тығырыққа тірелген және ол оны сөзбен жеткізе алмаған жағдайда терапевт арт – терапия элементтерін қолдана отырып, өз жағдайын сурет арқылы жеткізуін ұсынады (фигуралар, сурет салу, жастық, бос орындық, скульптура (Перлз)).
Кәсіби этика – белгілі қызмет аясындағы адамдардың өзара қарым – қатынасының өзіндік шарты негізінде әрекет ететін моральдық нормалар мен принциптердің жүйесін зерттейтін этикалық ғылымның саласы. Гештальт терапевттің кәсіби этика кодексі – бұл гештальт терапевттердің кәсіби ұйымының психотерапевт және клиент, психотерапевт және топ, психотерапевт және супервизор, психотерапевт және психотерапевт, психотерапевт және қоғам арасындағы кәсіби қарым – қатынас аймағында сақталуы қажет нормалар жиынтығы. Негізігі ережелер:
Компетенттілік
Психотерапевт пен клиенттің арасындағы қарым – қатынас
Құпиялылық
Келісім шарт
Жарнама
Қауіпсіздік
Қарым – қатынастың аяқталуы.
Пайдаланғған әдебиеттер:
Булюбаш И.Д. Руководство по гештальт-терапии / И.Д. Болюбаш. – М.: Изд-во Института психотерапии, 2004. – 768 с.
Лебедева Н.М. Путешествие в Гештальт: теория и практика / Н.М. Лебедева, Е.А. Иванова. – СПб: Речь, 2005. – 560 с.
Гештальттерапия. Теория и практика. – М.: Апрель Пресс, Изд-во ЭКСМО-Пресс, 2000. – 320 с.
Польстер И. Интегрированная гештальт-терапия: Контуры теории и практики / Польстер И., Польстер М.. – М.: Независимая фирма «Класс», 1999 - 272 с.
Таланов В.Л. Справочник практического психолога / В.Л. Таланов, Малкина-Пых И.Г. – СПб: Сова, М.: ЭКСМО, 2004. – 928 с.
Достарыңызбен бөлісу: |