2.Тараптардың құқықтары мен міндеттері 2.1 «1 тарап» міндеттенеді: 2.1.1. 5В042100 – «Дизайн», 6В02103 – «Таңдалған бағытта дизайн, білім беру жүйесінде суретші-дизайнер», 5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу, 6В01401 – «Бейнелеу өнері және көркем еңбек» мамандығы бойынша білікті мамандар дайындауда кафедраның арнайы ғылыми әлеуеті мен теориялық дайындығын пайдалана отырып, арнайы Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының филиалы туралы ереже негізінде әрекет етеді;
2.1.2. «1 тарап» қызметкерлері «2 тараптың» ұжымымен оқу әдістемелік кешендер мен әдістемелік нұсқаулар дайындауға, жариялауға көмектесуге.
2.1.3. Бірлескен ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б. ұйымдастыруға және өткізуге қатысуға.
2.1.4. Бірлескен ғылыми жобалар дайындау және зерттеулер жүргізу және жетекшілік жасау, кеңес беру;
2.1.5. Студенттердің оқу, өндірістік және дипломалды практикаларын кафедра филиалы құрылған мекеме базасында ұйымдастыру және өткізу.