Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды



бет35/79
Дата18.08.2022
өлшемі0,99 Mb.
#148135
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   79
Байланысты:
Философия силлабус

Неоплатондық бағыт (XVғ. ортасы- XVI ғ. ) Платон ілімін дамытты, идеализм тұрғысында табиғатты, Ғарышты, адамды тануға ұмтылды.
Неоплатонизмдік ағым негіздері:

  • мызғымастай орныққан, жүйеленген схоластикалық философияға қарсы Платон идеясына негізделген жаңа жүйені дүниеге әкелді;

  • дүниенің жаңа бейнесін жасады, Құдаи дүниеден гөрі, заттар дүниесінен бұрын алғашқы идеялардың маңызын дәріптеді;

  • адамның құдаи табиғатын мойындай келе, сонымен бірге оның өзіндік болмысын микрокосм ретінде қарастырды;

  • бұрынғы өткен философия қағидаларын қайта қарастырып, біртұтас әлемдік философиялық жүйе құруға тырысты.

Николай Кузанский (Кребс) (1401-1464) неміс ойшылы, діндар, Қайта Өрлеу заманының диалектигі. Оның шығармалары: "Ғалымдық білімсіздік" , "Ғалымдық білімсіздік апологиясы" және т.б. Куза идеялары:

  • Құдай мен дүние болмысында қайшылық жоқ, қарама-қарсылықтардың бірлігі диалектикасы;

  • "Бірлік" (Құдай) пен "шексіздік" (жаратылым) минимум мен максимум қатынасындай қатынаста болады;

  • абсолюттік минимум және абсолюттік максимум дегеніміз бір нәрсе;

  • сызық нүктеден қалай басталса, дүние Құдайдан солай басталады;

  • қарама-қарсылықтың бірлігінен форма мен материя, мән мен тіршілік, эссенция мен экзистенция сәйкестігі туындайды;

  • идея мен материя бір;

  • актуалды шексіздік (бәрін өзіне сіңіретін) шындықта бар;

  • Әлем шексіз, оның басталуы да, аяғы да жоқ, орталығы да жоқ, Жер Әлем орталығы болып табылмайды;

  • Әлемнің, қоршаған дүниенің шексіздігі танымның шексіздігіне әкеледі;

  • абсолюттік (толық) білімге жету мүмкін емес, білімнің көбеюі ғалымдыққа әкеледі, бірақ ақиқи білім бермейді ("ғалымдық білімсіздік"- Николай Кузанский термині);

  • Құдаиадамилық, христиология идеялары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет