Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды


Дәріс№ 6. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені



бет43/79
Дата18.08.2022
өлшемі0,99 Mb.
#148135
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   79
Байланысты:
Философия силлабус

Дәріс№ 6.
Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазақ философиясы тарихын мына кезеңдерге бөлеміз:

  • Көне қазақ философиясы (б.з.д. VII – б.з.V ғ.ғ.);

  • Орта ғасырлық түркі кезеңі философиясы (VI – XIV ғ.ғ.);

  • Қазақ ақын-жырау философиясы (XV – XVIII ғ.ғ.);

  • «Зар заман», ағартушылық философиясы кезеңі (XIX – XX ғ. басы);

  • Қазіргі заман қазақ философиясы (XX ғ. 30 жылдарынан бері).

Қазақ философиясының ерекшелік сипаты:



  • тәңірге, аруаққа сыйыну, тәубелік ой-сана;

  • философиялық ой ерекше формада - әдеби шығармада, өлең-жырларда, нақыл сөздер мен қара сөздерде, айтыс өнерінде көрініс тапты;

  • қазақ философиясында экзистенциялық сарын басым;

  • болмыс пен бейболмыс, абсолюттік Жаратушы, жалған дүние мәселелері;

  • батыс философиясындағы жүйеліліктен гөрі, жеке ойшыл-тұлғалардың дүниеуи көзқарастары құндылыққа ие;

  • адам, мораль, эстетика, әдептілік тақырыптарына көп көңіл бөлінді;

  • әлеуметтік әділеттілік, еркіндік, ізгі қоғамды аңсау.



Қазақ философиясы тарихы көне дүниеден басталады. Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген Заратуштра, Анахарс, Ишпақайлардан, Әл-Фараби, Яссауи, Абай, Мағжанға дейін күректей үш мың жыл жатыр. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзге тоқтаған адамды өте жоғары бағалаған. «Аталы сөзге арсыз ғана таласады» - деген.
Ұлт өз дүниетанымын тілі, мәдениеті, рухани мұрасы, діни нанымы т.б. арқылы білдіреді. Философия пәні ойлау болса, ұлттық дүниетанымды бейнейлейтін ойлау формалары ұлттық философия болмақ.
Ұлттық философия тек философия үшін қажет емес, ол ұлттың өзін-өзі тануы үшін қажет. Өз тілінде философиясы болмаған халықты мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосу қиын. Гегель айтқандай «менің ана тілімде (неміс) жазылғанның бәрі менің байлығым».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет