Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды



бет41/79
Дата18.08.2022
өлшемі0,99 Mb.
#148135
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   79
Байланысты:
Философия силлабус

Иоганн Фихте (1762-1814)-субъективтік идеализм өкілі, антитетикалық әдістің, яғни "Мен" және "Мен-емес" диалектикасын қарастырды.
Георг Гегель (1770-1831)-адамзаттың ойлау әлеміндегі теңдесі жоқ данышпаны, диалектикалық логиканың, яғни ойлау туралы ойлаудың негізін салды. Біз Гегельді Жаңа дәуірдің Аристотелі деп айтқан Ф.Энгельстің пікіріне қосыламыз.
Фридрих Шеллинг (1775-1854) - объективтік идеализм өкілі, табиғат философиясы, барабарлық, трансценденталдық идеализм философиясын зерттеді.
Людвиг Фейербах (1804-1872) - КНФ -ның антропологиялық материализм өкілі. Ол идеализмді қатты сынға алып, атеизм, дүниеге материалистік көзқарасты қалыптастырды.
XIXғ. неміс философиясының КНФ-мен бірге кең тараған бағыты материализм болды:

  • Людвиг Фейербах философиясы;

  • Маркстік философия;

  • тұрпайы материалистер.

Людвиг Фейербахтың атеистік және материалистік философиясын неміс классикалық философиясына да және материализмге де жатқызуға болады. Өйткені Фейербах философиясы КНФ-ді аяқтайды және сонымен бірге XIXғ. неміс материализмнің негізін қалады.
Классикалық (диалектикалық) материализмнің үш құрамдас бөлігі:

  • маркстік философия;

  • саяси экономия (экономикалық ілім);

  • ғылыми коммунизм (әлеуметтік-саяси теория).

Марксизм философиясының көрнекті өкілдері Карл Маркс (1818-1883) пен Фридрих Энгельс (1820-1895) болды.
Маркстік философия:

  • бірізділікті материалистік дүние бейнесін қалыптастырды;

  • материалдық және қоғамдық болмыс үшін өндіріс пен экономиканың рөлін көрсетті;

  • қоғами болмыс қоғами сананы билейді, тарих пен қоғам дамуының негізінде материалдық өндіріс жатытынын дәлелдеді;

  • философиялық мәселелерді диалектика тұрғысынан (диалектикалық материализм) қарастырды;

  • тарихты, қоғам дамуын табиғи-тарихи, заңды (тарихи материализм) процесс деп қарастырды;

  • адам, қоғам, мемлекеттің пайда болып қалыптасуының дәйекті логикалық бейнесін берді;

  • атеистік тұрғыдағы көзқарас басым болды.

Неміс философиясының өзге түрі-тұрпайы материализм. Оның өкілдері-Фохт, Бюхнер, Молешотт адам, қоршаған дүние мәселелеріне тек жаратылыстану ғылымдары (физика, химия, биология) тұрғысынан қарастыруға тырысты:

  • табиғат заңдарын (жануарлар дүниесінің, табиғи сұрыптау, тіршілік үшін күрес) адами қоғамға (әлеуметтік дарвинизм) механикалық тели салу;

  • идеалдықты терістеу, сананың идеалдығын мойындамау;

  • сананың қызметін физиологиялық процесс деп қарастыру (бауыр өтті қалай бөліп шығарса, мида ойды солай шығарады).

3. XIXғ. екінші жартысында Алманияда иррационализм идеясы да көрініс тапты. Иррационализм - болмыс пен танымның объективтік заңдылықтарын, диалектиканы терістейтін, қоршаған дүние мен тарихты хаос, кездейсоқтық тізбегі деп қарастыратын, жалпы бірізділікті, дәйекті логикалық дамуды мойындамайтын философиялық бағыт.
Иррационализм негізін Артур Шопенгауэр (1788-1860) салған деп саналады. Жалпы Шопэнгауэр философиясы пессимистік рухта өрбиді, адамның қоршаған дүниеге, өзінің өмірін өзгертуі мүмкіндігінің, қабілеттілігінің пәрменіне сенімсіздікпен қарайды. Иррационализмге жақын философиялық ағым-"Өмір философиясы". Бұл философияның негізгі мәселесі-дүниедегі адам болмысы, оның өмір сүруінің мәні, өмірді өз бітімінде, өзінде зерделеу. "Өмір философиясының" көрнекті өкілдерінің бірі - Фридрих Ницше (1844-1900).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет