Дәріс №5 Еуропалық философиялық дәстүрді дамытуындағы неміс классикалық философиясы және оның рөлі. Дәрістің қысқаша мазмұны: XIXғ. неміс философиясы-әлем философиясы тарихындағы тендесі жоқ құбылыс болды. Оның кейбір маңызды ерекшеліктері:
адамзаттың ғасырлар бойы сақтап келген ойлау бітімі мәселелерін терең зерттеп, болашақтағы философияның даму бағытын анықтады;
сол кезеңдегі белгілі барлық философиялық идеяларды зерделеп дүниеге жаңа көзқарас, тарихилық пен логикалықтың бірлігі диалектикасын қалыптастырды;
әлемдік философияның, "алтын қорына" ондаған данышпан көрнекті философтарды (Гегель, Кант, Маркс, Ницшежәне т.б.) қосты.
XIXғ. неміс философиясындағы негізгі бағыттар:
неміс классикалық философиясы (XIXғ. бірінші жартысы);
материализм (XIXғ. ортасы және екінші жартысы);
иррационализм, "өмір философиясы" (XIXғ. екінші жартысы, соңы).
§1. "Классикалық неміс философиясы" терминін Ф. Энгельс айналымға енгізді. Бұл заңғар философия XVIIIғ. аяғы-XIXғ. бірінші жартысында (30-шы жылдар) кең тарады. Капиталистік өндіріс әдісі дамыған Еуропа елдерінің ішінде Алмания экономикалық тұрғыда мешеу қалған ел еді. Бірақ осыған қарамай немістерде рухани төңкеріс болды. Осы жағдайды сипаттай келе К.Маркс:"Француз буржуазиялық революциясының немістік теориясы болды" деген баға берді.
Неміс классикалық философиясының маңызы:
Күн жүйесінің кеңістікте жай бөлшектердің құйынды айналуы нәтижесінде Ньютон физикасының заңдылықтарына сай табиғи себептерден пайда болғанын түсіндірді;
адам баласының танымдық қабілетінің шекарасы барлығы туралы және қоршаған дүние ("өзіндік зат") мен құбылыстардың ішкі мәнін тануға болмайтыны туралы теорияны ашты.