гностицизм – дүниені тануға болады, адамның танымдық мүмкіндігін шексіз деп түсінетіндер;
агностицизм – дүниені тануға болмайды, адамның танымдық мүмкіндігі шектелген деп түсінетіндер; (Иммануил Кант)
Қазіргі заманғы гносеология көбінесе гностицизм бағытын ұстанады, мына қағидаларға сүйенеді:
диалектика заңдарына, категорияларына, принциптеріне жүгінеді;
тарихилық принципіне, яғни пайда болып қалыптасу;
танымның өз мүмкіндігіне сенімдік;
объективтікке негізделу;
шындықты жасампаздық бейнелеудегі белсенділікке иек арту;
ақиқаттың нақтылығын тірек ету;
практика, яғни адам іс-әрекеті, қызметімен бітімдестік.
Тақырып бойынша глоссарий: эпистемология, таным, таным формалары, ұғым, пікір, ақиқат, тұжырым, түйсік, қабылдау, болмыс, онтология, материя, кеңістік, уақыт, бейнелеу, синергетика және т.б.
Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
1. Онтология ол:
А. Құндылықтар ілімі
В. Өнегелік, этикалық теория
С. Болмыс туралы ілім
D. Таным теориясы
E. Діни ілім
2. Гносеология ол:
А. Болмыс туралы ілім
В. Даму ілім
С. Таным теориясы
D. Өнер философиясы
E. Адам жөніндегі ілім
3. Сезімдік таным формалары:
А. Гипотеза, эксперимент, теория
В. Парасат, ақыл, рух
С. Интуиция, ес, елес
D. Сезім, қабылдау, елес
Е. Ұғым, пайымдау, ойқорытынды
4. Рационалдық таным формалары:
А. Гипотеза, эксперимент, теория
В. Парасат, ақыл, рух
С. Интуиция, ес, елес
D. Сезім, қабылдау, елес
Е. Ұғым, пікір, тұжырым
5. Жалпы білімнен нақтылыққа өтуге негізделген әдіс:
А. Дедукция
В. Индукция
С. Анализ
D. Социометрия
Е.Синтез
6. Эмпирикалық таным формасы
А) Теория
В) Ойқорытынды
С) Гипотеза
D) Пайымдау
E) Ғылыми факты
Достарыңызбен бөлісу: |