Әлеуметтік сфера – еңбек бөлінісіне, өндіріс жабдықтарының меншігіне және ұлттық факторға негізделген қоғамның ішкі құрылысының жүйесі. Қоғамның әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері:
таптар;
страттар;
қауымдастықтар;
қала мен ауыл тұрғындары;
дене және ой еңбегі өкілдері;
әлеуметтік-демографиялық топтар (ерлер, әйелдер, қарттар, жастар);
ұлттар.
Әлеуметтік институт – ұжымдардың, әлеуметтік нормалардың, мәдени жәдігерліктердің белгілі жиынтығы және оларға сәйкес тәртіп жүйесі.
Экономикалық-әлеуметтік институттар – еңбек бөлісі, меншік, еңбек ақысы, т.т.
Әлеуметтік стратификация (жіктеу), белгілері бойынша – білім, біліктілік, жұмысбастылық, кіріс, тұрмыстық шарты, өмір сүру стилі мен әдісі.
Питирим Сорокиннің страттары:
биоәлеуметтік – а) нәсілдік, ә) жыныстық, б) жас шамасына қарай;
мәдениәлеуметтік – а) шығу тегі, ә) территориясы, б) тіл, этникалық және ұлттық топтар, в) кәсіби, г) экономикалық, д) діни, е) саяси;
әлеуметтік мобильдік (жинақылық) – адамдардың бір әлеуметтік топтан өзге әлеуметтік топқа өту мүмкіндігі (шаруаның – жұмысшы, жұмысшының – интеллигенцияға, интеллигенцияның – кәсіпкерге және т.б.).
Әлеуметтік мобильдік – қоғамның қалыпты өмір сүру бейнесі, оның нақты көрсеткіші. Қоғам неғұрлым дамыған, демократиялық болса, соғұрлым әлеуметтік мобильдік жоғары болады.
Батыстың әлеуметтік мобильдік қоғам түрлері:
мобильдіктің жоғары деңгейіндегі елдер – АҚШ, Италия, Жапония;
мобильдіктің орташа деңгейіндегі елдер – Канада, Ұлыбритания;
мобильдіктің төменгі деңгейіндегі елдер – Голландия, Швейцария, Дания.
Азаматтық қоғам - әлеуметтік топтар бірігуінің ең жоғары деңгейі.
Қоғамның саяси сферасы - әлеуметтік топтардың мүддесін қорғайтын, қоғамды басқаратын ұжымдар мен ұйымдар жиынтығы.
Қоғамның саяси жүйесінің элементтері:
мемлекет пен мемлекеттік органдар (армия, сот, прокуратура, т.т.);
саяси партиялар;
қоғамдық ұйымдар;
кәсіподақ;
өзге институттар.
Саяси өмірдің негізгі мәселесі – билік;
Мемлекеттің негізгі функциялары:
өкілеттілік;
реттегіштік;
қорғау;
сыртқы саясат;
интеграциялық.
Қоғамның рухани өмірінің негізгі элементтері:
рухани қызмет;
рухани құндылықтар;
адамдардың рухани сұраныс, қажеттілігі;
рухани тұтыну;
жеке сана;
қоғамдық сана.
Қоғамдық сана элементтері:
Қоғамдық сана формалары:
саясат;
құқық;
мораль;
ғылым;
дін.
Қоғамның басты құрамдас бөлігі (Ферсман, Плотников):
антропосфера – биологиялық организм тұрғысындағы адами сфера;
социосфера – күрделі қоғамдық қатынастар сферасы;
биотехносфера – адам мен адамзатқа техниканың әсер ету сферасы.
Қоғам мен табиғат ара қатынасындағы негізгі мәселе:
антропогендік әсер;
техногендік әсер.
Достарыңызбен бөлісу: |