§2. Будда төрт ізгілікті (арийлік) ақиқатты айқындайды:
бұл дүние қасіретке толы;
қасіреттің өз себептері бар- байлық, құмарлық, атақ, даңқ, өмір ләззаты, т.б;
қасіреттен арылуға, құтылуға болады;
қасіреттен құтылудың жолы бар- ол пендешіліктен арылу, нұрлану, Нирвана.
§3. Будда философиясы адамның өзіндік кемелденуі, Ұлы Азаттану- Нирванаға жетудің жолдарын көрсетеді. Бұл сегіз сатылы, сегіз буынды ұстаным, сегіздік жол:
дұрыс көзқарас- буддизм негіздерін және өмірдегі өз жолыңды түсіну;
дұрыс ойлау- адам өмірі оның ойлауына тәуелді, ойың өзгерсе өміріңде өзгереді;
дұрыс сөйлеу- айтқан сөзің жаныңа, мінезіңе әсер етеді;
дұрыс іс-әрекет- келісімді өмір сүр, зұлымдық, жамандыққа барма;
дұрыс өмір сүру- буддалық өсиеттерді әрқашан бұлжытпай сақтау;
дұрыс ыждақат- ынталы болу, еңбек етуді сүю;
дұрыс зерделеу- дұрыс ойлаудан туындайтын әдептілік;
дұрыс зейін қою- медитацияға бой ұру, ғарышпен байланысу.
Достарыңызбен бөлісу: |