Классикалық патристика-(IV-Vғ.ғ.)-тринитарлық мәселе, яғни әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім; христологиялық мәселе, яғни Исадағы (Христос) екіұдайлық, яғни құдаи және адами екі бастама туралы; антропологиялық мәселе, яғни құтқару мен арылу барысындағы Құдайдың мейірімі мен адамның күнәқарлық табиғаты жөніндегі ілім;
соңғы кезең (VI-VIIIғ.ғ.) - христиандық догматиканың орнығуы, теология мен ғылымның энциклопедиялық кодификациялануы.
Схоластика (лат.схолиа-мектеп)-ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы. Схоластиканың үш кезеңі болды:
ерте схоластика (IX-XIIғ.ғ.);
кемелденген схоластика (XIIIғ.);
соңғы схоластика (XIV-XVғ.ғ.).
Схоластикалық философияның негізгі мәселесі:
құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу;
жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе "универсалий", яғни жалпылық ұғым мәселесі.
Осы сұрақтарға жауап бере келе схоластикада екі бағыт пайда болды:
Реализм-нағыз болмысқа заттар емес, керісінше олардың жалпы ұғымы-универсалийлер ие дейтін ағым. Бұл Платонның "таза идеяларын" еске түсіреді. Реалистерге Эриугена (Иоан Скот), Ансельм Кентерберийскийді, Шамполық Гильомды және т.б. жатқызуға болады.
Номинализм (лат. nomo-атау, есім)-шындықта тек жеке, нақты заттар ғана өмір сүреді, ал жалпы ұғымдар (универсалий) олардың атауы, аталуы болады дейтін схоластикалық философияның ағымы. "Адам-тек жалпы атау, ал әрбір жеке адам осы осы атаумен аталады".
Номинализм өкілдері- Пьер Абельяр (1079-1142), Росцелин, Дунс Скот, Роджер Бэкон, Жан Буридан;
Альберт Больштедский реалистер мен номиналистерді ымыраға келтіруге тырысты. Оның уәжі:
универсалийлер заттарға дейін Құдайда өмір сүреді;
олар көптіктегі бірлік түрінде заттарда өмір сүреді;
адам ойында заттар туралы ұғым ретінде заттардан кейін өмір сүреді.