§3. Сөйтіп, антикалық (ежелгі грек) философияға мына ерекшеліктер тән:
бұл философияның гүлденуінің материалдық негізі полистердің экономикалық (қалалық, сауда-кәсіптік орталықтар) дамуы болды;
ежелгі грек философтары материалдық өндіріс процесінен қол үзіп, дербес қауымдыққа айналды; ой еңбегі мен дене еңбегі бөліне бастады;
ғарышкінділік (космоцентризм) идеясы өзекті мәселеге айналды;
философия дамуының соңғы кезеңінде ғарышкінділік идеясы мен антропокінділік (антропоцентризм) идеясы араласып, біріге бастады;
құдайлардың болуы күмән туғызбады;
ежелгі грек құдайлары табиғаттың бір бөлігі болып саналып, адамға жақын болды;
адам қоршаған дүниеден бөлінбей, табиғат бөлігі болып ұғынылды;
философиядағы екі бағыт қалыптасы-"Платон бағыты" және "Демокрит бағыты"
Атомистер -материалистік тұрғыдағы философиялық мектеп, дүниенің негізі микроскопиялық бөлінбейтін жай бөлшектер - "атомдар" деп білді.
Атомистердің негізгі өкілдері - Левкипп пен Демокрит (б.з.д. 460ж.)
Демокрит ілімінің негізгі қағидалары:
барлық материалдық дүние атомдардан тұрады;
атом бөлінбейді, мәңгілік, өзгермейді, өзіне-өзі тең, барабар;
атомдар мәңгі қозғалыста болады, атомдар айналымы да бар;
атомдар арасында қуыспен толтырылған кеңістік бар;
атомдарда сапалық қасиет болмайды, олардың иісі, түсі, дыбысы жоқ, олар бір-біріне өзгермейді;
атомдар ішінде ешқандай да қозғалыс болмайды;
атомдар шар тәрізді, бұрышты, қармақ, зәкір және т.б. формада болады.