Жазушы шығармашылық процестің алғашқы кезеңінде өмірдің әр алуан құбылыстарын зерттейді, тексереді. Әрине бұл құбылыстардың ішінде ірісі де, ұсағы дағ маңыздысы, маңызсызы да , күрделісі де, кездейсоғы да ... – бәрі де бар. Осының бәрі – болашақ шығарманың материалы. Осының бәрі суреткер санасында жатталып қала бермейді. ең керектісі ғана қалады, керексізі ұмытылады. Неге десек, – әр суреткер өмір құбылыстарын тек өз дүниетанымының тұрғысынан ғана танп, қабылдайды. Оны өмірдегі кез келген құбылыс жаппай қызықтыра бермейді. Ол тек өз мақсатына керек құбылысқа ғана қызығады. Болашақ көркем шығармаға негіз болатыны ды – сол суретер қызыққан құбылыс. Жазушы өз шығармашылығының бір кезінде бір құбылысты әр сипаты жағынан зерттейді, яғни материал қарастырады, жинайды. Өз дүниетанымын қызықтырған құбылысты ғана ол тереңірек зерттейді. Суреткер өз тақырыбын табуға ұмтылады. Мәселен, әйел теңдігі туралы жазу С.Мұқановтың ойында әуелден болған, ал Қызылордадағы бір оқиға оның нақты тақырыбын айқындап берді (Сұлтанбек Әбеуов пен Мұстапа Көшеков). Міне, тақырып осылай туады. - Тақырып дегеніміз – жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобы. Тақырыптан идея, идеядан тақырып туындап та жатады.
- Үлкен шығармаларда негізгі тақырыптар мен қоса қосымша тақырыптар да аз болмайды.
- М.Әуезовтің «Абай жолы» романының негізгі тақырбы: «ХІХ ғ. екінші жартысындағы қазақтың әлеуметтік құрылысында ғасырлар бойы үстемдік алып келген рушыл-феодалдық таптың өкілдері мен жаңа заманның жаршысы, прогресшілдік бағытты қолдаушы демократтық топтардың күресі, ал қосымша тақырып: сүйіспеншілік, феодалдардың өзара тартысы, барымта, тұрмыс-салт мәселесі.
- Егер тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы дер едік.
- Жазушы өзі бейнелеп, суреттеп отырған өмір құбылыстары арқылы оқырман назарын неге аударса, қайда бағыттаса, сол – идея!
- Идеясыз шығарма болмайды, болуы да мүмкін емес. Тақырып пен идея үнемі бірлікте болады.
- Қандай шығарма болсын белгілі бір идеяны үндейді. Тақырып, оқиға және оның құрылысы, шығармада қатысушылардың араларындағы тартыс, оларды суреттеу әдістері, түптеп келгенде – жазушының сол шығармадағы айтайын деген идеясына бағыныңқы. Ал қандай идеяны үндеуі жазушының өмірге көзқарасына, дүние танушылығына негізделеді. Шығармадағы суреттелетін өмір құбылысын, күрес-тартыстарды образ арқылы оқушылардың көз алдына елестете, ой-сезімене әсер ете отырып, жазушы оларды өзі меңзеген бағытқа жетектейді.
- Белинский көркем шығарманың идеясын «оның өн бойында желі тартып жатқан ой мен сезімнің мығым бірлігі» деп белгілесе, Ғамзатов шығарма идеясын оның тақырыбына тамаша тапқырлықпен нұсқалы әрі ұтымды көшіріп әкетеді: «Ой мен сезім – құс десек, тақырып – аспан; ой мен сезім – бұғы десек, тақырып орман; ой мен сезім – елік десек, тақырып – тау; ой мен сезім – жол десек, тақырып – сол жол алып баратын шаһар деп түсіндіреді.
- Ой өзегі – суреткердің шығарма жазар тұстағы шығармашылық толғаныстарының түпкі түйіні. Ой өзегінде жазушының тақырып тауып, идея туғызудағы түбегейлі мақсаты, яки шығармашылық концепциясы жатады. «Ой өзегі – шығарманың негізгі арқауы.» (А.Толстой).
- З.Қабдолов «шартты түрде, шығарманың тақырыбы – сауал да, идеясы – жауап деуге болар еді»,-дейді. Бір сауалдың бірнеше жауабы болатыны секілді, бір тақырыптан бір емес, бірнеше идея тууы мүмкін. Осыдан келіп әдебиеттегі идеялық қарама-қарсылықтар мен бірліктер деген мәселе туады.
- Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейміз.
- Шығарманың негізгі, жетекші идеясымен қатар, со негізгі идеяны толықтыра түсетін қосымша идеялар да болады.
- Бақылау сұрақтары:
- 1. Көркем шығарманың тақырыбы дегенді қалай түсінесің?
- 2.Басты және қосалқы тақырыптар, олардың өзара бірлік-байланысы жөнінде не білесің?
- 3. Тақырыптың көркемдік шешімін табуы қалай болады?
-
Достарыңызбен бөлісу: |