Гуманитарлық-педагогикалық институты



бет1/2
Дата03.03.2023
өлшемі441 Kb.
#170921
  1   2
Байланысты:
4 лекция

  • Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
  • Гуманитарлық-педагогикалық институты
  • «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасы
  • Мазмұн мен пішін – күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Бұлар бір-бірінен айрылмас байланыста, бірлікте, мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз мазмұн жоқ.
  • Әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеялының тұрғысынан суретке таныған ақиқат өмір де, пішіні – осы шындық тұтастырыла жинақталынған көркем образдар жүйесі, яки әдеби қаһармандар өмірі.
  •  
  • Көркем шығарманың барлық құны мен қасиеті оның мазмұны мен пішінінің бірлігінде. Лев Толстой кез-келген көркем шығарманың құны мен қасиетін үш түрлі сипатына: мазмұн сонылығына, пішініне, автордың шығарма предметіне байсалды көзқарасы мен ыстық ықыласына қарап бағалаған.

Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретін бір нәрсе – бір мазмұнның бірнеше пішіні болатындығы. Мысалы, Ұлы соғысы тақырыбы сөз болған шығармаларды алайық. Поэзия, проза, драматургия. Екінші мәселе – мазмұнға қарағанда, пішіннің өзгерімпаздығы. Мысалы, қазіргі кездегі махаббат Қыз Жібек жырындағыдай суреттеу. Ал үшінші нәрсе – мазмұн мен пішіннің тарихи категория екендігі. Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін тауып, жаңғырып, жасарып қана қоймайды, әр дәуір өз шындығын, демек өз мазмұнын ала келеді. Сонымен шығарманың мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да пішіні - әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, тағдыр-тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы – суретті сөзі, яки көркем шығарманың тілі.

Көркем шығарманың тақырыбы

  • Әдеби шығарма туралы әңгіме оның тақырыбынан басталады. Тақырып – өнер туындысының іргетасы. Тақырып табу бір аз күннің шаруасы емес, ол жазушы шығармашылығының бір бөлігі. Өнер өмірден туатын болса, суреткердің өмірден ең алдымен іздеп табатыны - өз шығармасының тақырыбы. Егер шығармашылық процестің үш түрлі (материал) жинау, жиналған материалды қорыту, қорытылған материалды жазу кезеңі бар десек, тақырып осынау үш кезеңнің өн бойында тұтас желі тартып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет