Бұл әдістің мақсаты
— балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.»
Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Оның басқа жүйелерден карағанда айырмашылығы осында жатыр. Балаға өздігінен
козғалу, даму мүмкіндігі беріледі, мұның барлығы аяқ астынан болады, бірак кейбір жағдайларда оған ересектің көмегі қажет, сол көмекті
алады да. Ересектер бала үшін жағдай жасайды.
Монтессори әдісі үш негізгі бөліктен тұрады:-
бала,қоршаған орта,мұғалім.
Монтессори-мүғалімнің міндетімен тактикасы
— балаға өз
қызметін ұйымдастыруға көмектесу, өзінің соны жолымен баруға көмектесу, өз әлеуетін кең шамада жүзеге асыруға ықпал ету.Бала
табиғатында білуге құмар, тумысынан-ақ өсуге, жетілуге ұмтылыс басым. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала.
Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ.
Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Әр бала, әр
адам секілді әмбебап. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық
мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.
|