Х. ДосмҰхамедов



бет53/99
Дата08.02.2022
өлшемі227,99 Kb.
#118968
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   99
Байланысты:
enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)

9-дәріс. Еңбекті нормалау
Дәріс мақсаты: қажетті материалдарды баяндай отырып, тақырыпты қолданыстағы заңдарға сай меңгерту.
Жоспары:

  1. Еңбекті нормалау ұғымы

  2. Еңбекті нормалауға қойылатын талаптар

Еңбекті нормалау - нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында қызметкерлердің жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек (уақыт) шығындарын айқындау және осының негізінде еңбек нормаларын белгілеу. Еңбекті нормалауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер:


-еңбектің үлгілік нормалары мен нормативтерін;
-мемлекеттік органдардың еңбектің техникалық негізделген үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеуді қамтамасыз етуін;
-жұмыс берушілердің еңбек нормаларын әзірлеуді, енгізуді және қайта қарауды қамтамасыз етуін бақылауды қамтиды.
Еңбектің нормаларын әзірлеу кезінде:
1) еңбек нормаларының сапасы, оны қажетті еңбек шығындарына оңтайлы жақындату;
2) ұқсас ұйымдастыру-техникалық жағдайларда орындалатын бірдей жұмыстарға бірыңғай еңбек нормаларын белгілеу;
3) еңбек нормаларының ғылым және техника жетістіктері негізіндегі прогрессивтілігі;
4) еңбек нормалары белгілене алатын және оны белгілеу орынды болатын жұмыс түрлерін еңбекті нормалаумен қамту;
5) еңбек нормаларының техникалық (ғылыми) негізділігі қамтамасыз етілуге тиіс.
Қызметтер көрсетуге (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Еңбек нормасы ретінде қызметкер үшін белгіленген жұмыстың уақыт бірлігіндегі (сағат, ауысым, күн, апта, ай) көлемі.
Еңбек нормаларына мыналар жатады:
· жұмыс істеу нормалары;
· уақыт нормалары;
· қызмет көрсету нормалары;
· ірілендірілген жəне кешенді тапсырмалар.
Еңбек нормалары бірыңғай, типтік, салааралық (ведомстволық) жəне локальдық болуы мүмкін. Əдетте тəжірибеде типтік немесе салааралық нормалардың негізінде жасалатын локальдық нормаларды қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет