Жұмыс істеу нормалары– бұл қызметкердің белгілі бір уақыт нормасында (сағат, күн, ауысым, апта, ай) орындауы тиіс жұмыс операцияларының немесе өнімнің бірлігінің белгілі бір саны. Мысалы, жұмыс ауысымында токарь 6 бөлшек жасауы тиіс делік, бұл жерде 6 (бөлшек) – жұмыс істеу нормасы.
Уақыт нормасы– бұл қызметкердің осы кезде белгілі бір жұмыс операцияларын немесе өнім бірлігінің белгілі бір санын жасауы тиіс жұмыс уақытының саны. Мысалы, наубайшы 8 сағатта тəтті өнімдер шығаратын пешті № рет қосуы тиіс делік, бұл жердегі 8 сағат – уақыт нормасы. Уақыт нормалары мен жұмыс істеу нормалары бұрыннан қолданылып келе жатқан жəне нормалардың кең тараған түрлері болып табылады. Олар кесімді қызмет атқаратын қызметкерлердің еңбек тапсырмаларын анықтау, мерзімді қызметкерлерге беретін тапсырмаларды есептеу, қызметкерлер мен инженер-техник қызметкерлердің тұрақты жұмысын нормалау үшін қолданылады.