Х. ДосмҰхамедов


-дәріс. Еңбекке ақы төлеу



бет57/99
Дата08.02.2022
өлшемі227,99 Kb.
#118968
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   99
Байланысты:
enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)

10-дәріс. Еңбекке ақы төлеу.
Дәріс мақсаты: қажетті материалдарды баяндай отырып, тақырыпты қолданыстағы заңдарға сай меңгерту.
Жоспары:

  1. Жалақының түсінігі.

  2. Жалақының жүйесі

  3. Қалыпты еңбек жағдайларынан ауытқыған кезде еңбекті қорғау.

Глоссарий
1.тарифтік жүйе - еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір түрі, онда қызметкерлердің жалақысы тарифтік ставкалар (айлықақылар) және тарифтік кестелер негізінде сараланып айқындалады;
2. тарифтік кесте - орындалатын жұмыстардың күрделілік және қызметкерлердің біліктілік белгісі бойынша саралауды көздейтін тарифтік разрядтар мен тарифтік коэффициенттердің жиынтығы;
3, тарифтік разряд - жұмыстың күрделілік деңгейі және осы жұмысты орындау үшін қажетті біліктілік деңгейінің көрсеткіші;
4. тарифтік ставка (айлықақы) - қызметкердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің белгіленген мөлшері;

Жалақы – қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер. Қазақстан Республикасының заңдарында еңбек үшін қандай да бір кемсітусіз жəне заңда белгіленгеннен төмен емес ақы төлеу қағидасы белгіленген. ҚР Конституциясы жəне ҚР еңбек заңнамасы бірдей еңбек үшін, яғни, бірдей ұзақтықтағы, күрделіліктегі еңбек үшін жыныс, нəсіл, жас, ұлт жəне т.б. белгілері үшін кемсітусіз бірдей ақы төлеуді кепілдейді.


Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктер:
- айлық жалақының ең төменгі мөлшерін;
- Кодекстің 122-бабына сәйкес айқындалатын сағаттық жалақының ең төменгі мөлшерін;
- еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарттарын;
- үстеме жұмыс үшін ақы төлеуді;
- мереке және демалыс күндердегі жұмыс үшін ақы төлеуді;

  • түнгі уақыттағы жұмыс үшін ақы төлеуді;

  • жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулардың мөлшерін шектеуді;

  • жалақының толық және уақтылы төленуін және еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктердің іске асырылуын мемлекеттік бақылауды

  • жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдерін қамтиды.

Ең төмен жалақы мөлшері меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға ақшалай төлемдердің Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген ең төмен мөлшері.
Жалақыны құқықтық ұйымдастырудың екі əдісі бар: орталықтандырылған (мемлекеттік) жəне орталықтандырылмаған (локальдық).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет