Х. ДосмҰхамедов


Қалыпты еңбек жағдайларынан ауытқыған кезде еңбекті қорғау



бет59/99
Дата08.02.2022
өлшемі227,99 Kb.
#118968
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   99
Байланысты:
enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)

Қалыпты еңбек жағдайларынан ауытқыған кезде еңбекті қорғау. Белгілі бір ұйымда өзінің негізгі жұмысымен қатар өзге мамандық (лауазым) бойынша басқа қызметті қоса атқарған кезде немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау кезінде еңбекке ақы төлеу осы үшін қосымша ақы төлеу жолымен жүзеге асырылады. Үстеме жұмыстар үшін еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа кемінде біржарым есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі. Еңбекке кесімді ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа қызметкердің белгіленген тарифтік ставкасының (лауазымдық айлықақысының) кемінде елу проценті мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Мереке жəне демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы екі еседен төмен болмайтын мөлшерде төленеді: 1) кесімді қызметкерлер үшін – екі есе кесімдік бағадан төмен емес; 2) еңбегі сағаттық (күндік) ставка бойынша төленетін қызметкерлер үшін – екі есе сағаттық немесе күндік ставкадан төмен емес; 3) ай сайынғы лауазымдық еңбекақы алатындар үшін – егер бұл күнгі жұмыс айлық норма шегінде кестеге сəйкес болса, лауазымдық еңбекақыдан тыс бір сағаттық немесе күндік ставкадан төмен емес. Егер жұмыс айлық нормадан асып кетсе, лауазымдық еңбекақыдан тыс екі есе сағаттық немесе күндік ставкадан төмен емес мөлшерде төленеді. Өтемақы қызметкердің қалауы бойынша демалыс күнімен (алайда, бір мөлшерде) ауыстырылуы мүмкін. Бұл ретте жұмысқа келмеген уақыт үшін ақы төленбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет