Х. ДосмҰхамедов



бет1/99
Дата08.02.2022
өлшемі227,99 Kb.
#118968
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
Байланысты:
enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)


«Х.ДосмҰхамедов аТЫНДАҒЫ Атырау университетІ» КЕҚ

Экономика және құқық факультеті

Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасы


«Бекітемін»


Экономика және құқық
факультет деканы
___________Адиетова Э.М
«___» _________ 2020 ж.


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
KBPM 06 Кәсіби бағытталған пәндер модулі
EKAKK/2208 «Еңбек құқығы және Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы»» пәні бойынша
білім алушылар үшін 6В04201– Құқықтану
6В04203-Халықаралық құқық






Атырау, 2020


Құрастырушы: Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
Шаменова Шынар Жұмабекқызы

Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы және Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы пәні- Адамзат қоғамының өмір сүруінің алғы шарты еңбек. Жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын жұмыскерлердің еңбек қатынасын және онымен тығыз байла­нысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдык еңбек саласындағы материалды және рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады. Еңбек құқығының негізгі құқықтық институттары, еңбек заңдарының басты қағидалары, қазақстандық заңнамалар жүйесіндегі еңбек құқығының орны, еңбек құқыққатынастарын құқықтық реттеу саласындағы ғылыми, тәжірибелік қызметтерді істей білуін, Қазақстан Республикасы халқының экономикалық және құқықтық деңгейін көтеру мақсатында азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері және дағдысын қалыптастыру болып табылады.


Еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жан-жақты қырынан меңгеру және оларды құқықтық сараптау қабілетін қалыптастыру; Еңбек қатынастарын құқықтық реттеуде туындайтын күрделі мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табу және шешімдер қабылдау ісінде жан-жақты талдау қабілеттерін қалыптастыру; Еңбек дауларын шешу жолдарын анықтау және сот-төрелік тәжірибеде қолданылатын құқықтық актілерді қолдану және сараптау, Еңбек құқығының теориясын және еңбек заңдылығының нормаларын қолдана білу керек, еңбектік салада сапалы кеңес беру, сонымен қатар еңбек құқығын еңбектік құқықтық қатынастарды жүзеге асыру үрдісінде пайдалана білуі.

Экономика және құқық факультетінің студенттеріне арналған “Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы және Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы ” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені/ құрастырушы Ш.Ж.Шаменова – Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, 2020 ж.


Құрастырушы: «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы
Шаменова Шынар Жұмабекқызы

Құқықтану кафедрасының мәжілісінде


«___»_________________2020 ж., хаттама №
Кафедра меңгерушісі____________________Ү.Х.Идресова
«Экономика және құқық» факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдады
«___»_________________2017 ж., хаттама №
Факультеттің ОӘК-нің төрағасы_________________Адиетова Э.М

Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы пәні бойынша глоссарий
1) азаматтық қызмет - азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;
2) азаматтық қызметші - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақылы штаттық лауазымда істейтін және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру және мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам;
3) айлық жалақының ең төменгі мөлшері - біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі емес) еңбек қызметкері қалыпты жағдайда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған кезде бір айда оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төменгі мөлшері;
4) арнаулы киім - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, өзге де нәрселер;
5) ауыр жұмыстар – қызметкердің ауыр заттарды (он килограмм және одан жоғары) қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуына, орнын ауыстыруына және тасымалдауына байланысты әрі көп күш-қуатты талап ететін (250 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын) қызмет түрлері;
6) ауысымдық жұмыс - тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс;
7) әлеуметтік әріптестік - қызметкерлер қызметкерлердің өкілдері, жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі;
8) бас, салалық (тарифтік), өңірлік келісім (бұдан әрі - келісім) - әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын, келісімнің мазмұнын және республикалық, салалық және өңірлік деңгейлерде қызметкерлер үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі тараптардың міндеттемелерін айқындайтын құқықтық акт;
9) бос тұрып қалу - экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы;
10) біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;
11) бітімгерлік комиссиясы - ұжымдық еңбек дауын тараптарды бітімге келтіру жолымен реттеу үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлер (олардың өкілдері) арасындағы келісім бойынша құрылатын орган;
12) делдал - еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызмет көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға;
14) демалыс - жұмыс орны (лауазымы) мен Кодексте белгіленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкердің жыл сайынғы тынығуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;
15) еңбек - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі;
16) еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер;
17) еңбек делдалдығы - халықты жұмысқа орналастыруда жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттігі көрсететін жәрдем;
18) еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары;
19) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
20) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
21) еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар;
22) еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;
23) еңбек қауіпсіздігі жағдайлары - қызметкер еңбек міндеттерін орындаған кезде еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі;
24) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі - өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау мен болжау;
25) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер - эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;
26) еңбек міндеттері - қызметкер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта келісілген міндеттемелері;
27) еңбек стажы – қызметкер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт, сондай-ақ Кодекске сәйкес еңбек стажына қосылатын өзге де кезеңдер;
28) еңбек тәртібі - жұмыс беруші мен қызметкерлердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы;
29) еңбек тәртіптемесі - қызметкерлер мен жұмыс берушінің еңбекті ұйымдастыру жөніндегі қатынастарын реттеу тәртібі;
30) еңбек төрелік соты - бітімгерлік комиссиясында келісімге қол жетпеген кезде еңбек дауын шешу үшін ұжымдық еңбек дауының тараптары уәкілетті адамдарды тарта отырып құратын, уақытша жұмыс істейтін орган;
31) еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;
32) еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкілі;
33) еңбекті нормалау - нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында қызметкерлердің жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек (уақыт) шығындарын айқындау және осының негізінде еңбек нормаларын белгілеу; 
34) еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді;
35) ереуіл - жұмыс берушімен ұжымдық еңбек дауында өздерінің әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік талаптарын қанағаттандыру мақсатында жұмысты толық немесе ішінара тоқтату;
36) жалақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер;
37) жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет