Х. ДосмҰхамедов


-дәріс: Жұмысқа орналастыру



бет65/99
Дата08.02.2022
өлшемі227,99 Kb.
#118968
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   99
Байланысты:
enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)

12-дәріс: Жұмысқа орналастыру
Жоспары:
1.Жұмысқа орналастыру кезіндегі мемлекеттік кепілдіктер
2. Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері
Дәріс мақсаты: қажетті материалдарды баяндай отырып, тақырыпты қолданыстағы заңдарға сай меңгерту.
Жоспары:
1. Жұмыспен қамтылу үғымы және халықты жүмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
2. Жұмыспен қамту саясатын іске асыру
3. Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік корғау
4. Жұмыссыздарды тіркеу мен есепке алу тәртібі
Глоссарий
1. жұмысқа орналастыру - халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесуге арналған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;
2. жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
3. жұмысты тарифтеу - орындалатын жұмыстарды Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгілі бір күрделілікке жатқызу;

Жұмыспен қамтылу дегеніміз — азаматтардың жеке кажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін Конституцияға, зандарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін қызметі. Азаматтардың қызметі, олардың мамандық, жұмыспен қам-тылу, соның ішінде ақы төленетін жұмысты атқарумен байла-нысты емес жұмыспен қамтылу (бала тәрбиелеу, үй шаруашы-лығын жүргізу, қоғамдық қызмет) түрі мен сипатын талдап алуы олардың еріктілігіне ғана негізделген.


Мемлекет халыктың нысаналы топтарын жүмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды да камтамасыз етеді. Нысаналы топтар деп жұмысқа орналасуда қиындык көріп жүрген және әлеуметтік корғауды қажет ететін адамдар ретінде заңмен белгіленген адамдар топтарын айтады. Оларға табысы аз адамдар, 21 жасқа дейінгі жастар, балалар үйлерінің тәрбие-ленушілері, жетім балалар мен ата-ананың камқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгілер, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар, заңдарда белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды кажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған), мүгедек-тер, қарулы күштер катарынан босаған адамдар, бас бостанды-ғынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар және оралмандар жатады.
Жұмыс берушінің:
1) кадрлар іріктеуді жүзеге асыруға;
2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан еңбек нарығының жай-күйі және кәсіптік даярлаудың мүмкіндіктері туралы дәйекті, толық және жедел ақпарат алуға құқығы бар.
Жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
қызметкерлердің ұйымның таратылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты алдағы уақытта жұмыстан босатылуы туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын; қызметкерлерді жалдауға деген қажеттіктері туралы және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жіберген азаматтармен әңгімелесудің нәтижелері туралы бес жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет