Байланысты: enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)
Жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігінің туындау жағдайлары. Жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі туындайтын жалпы жағдайлар болып мыналар табылады:
1) зиянды құқыққа қайшы түрде келтіру;
2) құқыққа қайшы әрекет (.рекетсіздік) пен туындаған зиянның арасындағы себепті байланыс;
3) кәсіпорынның кінәсі. Бұл жағдайда құқыққа қайшылық қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеуді білдіреді. Құқыққа қайшы болып нәтижесінде денсаулықтың денсаулығына зақым әкелген әрекет те, әрекетсіздік те танылуы мүмкін.
Себепті байланыс қызметкерге келтірілген зиянның жұмыс берушінің құқыққа қайшы әрекетінің (әрекетсіздігінің) нәтижесінде туындауын білдіреді. Кәсіпорынның кінәсі жәбірленген тұлғаға қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеген оның қызметкерлерінің кінәсін білдіреді.