Х. ДосмҰхамедов


Жұмыс берушінің қызметкердің алдындағы материалдық жауапкершілігі



бет75/99
Дата08.02.2022
өлшемі227,99 Kb.
#118968
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   99
Байланысты:
enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)

Жұмыс берушінің қызметкердің алдындағы материалдық жауапкершілігі оның қызметкерге мына жағдайлардың н.тижесінде келтірген зиянды өтеу міндетін білдіреді:
Жұмыс беруші қызметкер алдында:
1) қызметкерді өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген залал үшін;
2) қызметкердің мүлкіне келтірілген залал үшін;
3) қызметкердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін материалдық жауаптылықта болады.
Зиянды өтеуге қатысты төлемдер:
- жәбірленген қызметкерлерге – еңбек жарақатының салдарынан сол кездегі жалақысынан айырылған күннен бастап;
- асыраушысының қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаларға – қайтыс болған күннен бастап төленеді.
Жұмыс беруші жәбір көрген қызметкерге (немесе асыраушысынан айырылуына байланысты зиянды өтету құқығына ие тұлғаларға) айырылған жалақысынан, зиянды өтетудің қосымша түрлерінен тыс бір жолғы ж.рдемақы береді. Бұл жәрдемақының мөлшері ұжымдық шартта анықталады, алайда ол мыналардан кем болмауы тиіс:
· қызметкер өндірістегі қайғылы оқиғаның немесе кәсіптік аурудың нәтижесінде қайтыс болған жағдайда – оның жылдық жалақысынан 10 еседен;
· еңбектегі жарақаты немесе кәсіптік ауруының салдарынан І немесе ІІ топ мүгедегі деп танылған қызметкердің жылдық жалақысынан 5 еседен;
· еңбектегі жарақаты немесе кәсіптік ауруының салдарынан ІІІ топ мүгедегі деп танылған қызметкердің жылдық жалақысынан 2 еседен;
· қызметкерге мүгедектік тағайындалмастан еңбекке қабілеттігі жоғалды деп танылған кезде – оның жылдық жалақысынан. Аталған ж.не осыған ұқсас жағдайларда қызметкерге сонымен қатар моральдық зиян да өтелуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет