Х. ДосмҰхамедов


– дәріс. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау



бет83/99
Дата08.02.2022
өлшемі227,99 Kb.
#118968
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   99
Байланысты:
enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)

17– дәріс. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Дәріс мақсаты: қажетті материалдарды баяндай отырып, тақырыпты қолданыстағы заңдарға сай меңгерту.
Жоспары:
1.Еңбекті қорғау түсінігі және қағидалары. Қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай азаматтардың конституциялық құқығы.
2. Еңбекті қорғау бойынша заңдылық. Еңбекті қорғауд және өндірістік санитарияның жалпы және арнайы нормалары.
3. Қызметкердің еңбекті қорғау құқығының кепілдігі.
Глоссарий 
1. Еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен
құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.
2. еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары;
3. еңбек қауіпсіздігі жағдайлары - қызметкер еңбек міндеттерін орындаған кезде еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі;
4. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі - өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау мен болжау;
5. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер - эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;
6. еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;
7. еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкілі;
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкілі. Еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жасаған еңбек жағдайлары.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат: 1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және қабылдауға; 2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге; 3) еңбек жағдайларын, оның қауіпсіздігі мен қорғалуын әзірлеу және жақсарту, қауіпсіз техникалар мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндіру жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін құруға және іске асыруға; 4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті жүзеге асыруға; 5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге; 6) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуге; 7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға; 8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртібін нормативті түрде бекітуге; 9) өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға; 10) ауыр жұмыс және өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін еңбекақы төлеу шарттарын белгілеуге; 11) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі отандық және шетелдік озық жұмыс тәжірибесін таратуға; 12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға; 13) өндірістік жарақат алу, кәсіптік ауру туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті ұйымдастыруға; 14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы біртұтас


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет