Х. ДосмҰхамедов


- дәріс. Еңбек заңдарын сақталуын бақылау. Еңбек заңдарының бұзылғандығы үшін жауапкершілік



бет91/99
Дата08.02.2022
өлшемі227,99 Kb.
#118968
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   99
Байланысты:
enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)

20 - дәріс. Еңбек заңдарын сақталуын бақылау. Еңбек заңдарының бұзылғандығы үшін жауапкершілік
Дәріс мақсаты: қажетті материалдарды баяндай отырып, тақырыпты қолданыстағы заңдарға сай меңгерту.
Жоспары:
1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру, олардың түрлері, нысандары мен мерзімдері
3. Ұйымда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау
4.Еңбек заңдарының бұзылғандығы үшін жауапкершілік ұғымы
5.Еңбек заңын бұзғандығы үшін жауапкершілік түрлері

Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.


Мемлекеттік еңбек инспекторларына: 1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы - Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы; 2) мемлекеттік еңбек инспекциясының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының лауазымды адамдары;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
4) мемлекеттік еңбек инспекторлары - мемлекеттік еңбек инспекциясы органының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары жатады. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әділдік, тәуелсіздік және жариялылық принциптері негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері: ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.
Еңбек заңдарының бұзылғандығы үшін жауапкершілік ұғымы. Егер сот ереуілді заңсыз деп таныса, онда мұндай ереуілге қатысу еңбек тәртібін бұзу ретінде қарастырылады және заңда көзделген т.ртіптік жаза шараларын қолдануға алып келуі мүмкін. Басқа тұлағаларды ереуілге қатысуға зорлық немесе қорқыту арқылы мәжбүрлеген тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жұмыс берушіге, өзге де ұйымдарға немесе азаматтарға келтірілген зиянды, сонымен қатар, ұйымының өзінің шығындарын өтеу сот тәртібімен жүзеге асырылады. Егер заңсыз деп танылған ереуіл кәсіподақтың бастамасымен жүргізілген болса, онда зиянды өтеу к.сіподақтың
қаржысы есебінен сот белгілеген мөлшерде жүзеге асырылады. Егер тараптар кез келген кезеңде өзара келісімге келсе, онда дау шешілген деп саналады. Мұндай жағдайда, ереуіл дауласушы тараптардың келісімге қол қоюымен аяқталады. Егер тараптар ұжымдық еңбек дауын шешу туралы келісімге келсе, онда ереуілді басқарушы органның басшысы немесе өзге де уәкілетті өкілі және жұмыс беруші немесе оның өкілі келісімге қол қоюлары қажет. Бұл келісімнің орындалуын бақылауды ұжымдық еңбек дауының тараптары немесе олардың өкілдері жүзеге асырады. Ереуілді заңсыз деп тану да оның аяқталуына әсер етеді. Мұндай жағдайда соттың шешімінің негізінде ереуілді басқарушы органның да өкілеттіктері тоқтатылады. Арнайы заңдарда жұмыс берушінің ұжымдық еңбек даулар туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылығы да қөзделген. Ұжымдық еңбек даулары туралы заңдарды бұзу ретінде мына әрекеттер танылады:
· бітімгершілік процедураларына қатысудан бас тарту;
· бітімгершілік процедурасының негізінде келген кесімді
орындамау;
· заңсыз ереуілдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет