Х. ДосмҰхамедов


-дәріс. Халықаралық еңбек құқығы Дәріс мақсаты



бет94/99
Дата08.02.2022
өлшемі227,99 Kb.
#118968
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99
Байланысты:
enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)

21 -дәріс. Халықаралық еңбек құқығы
Дәріс мақсаты: қажетті материалдарды баяндай отырып, тақырыпты қолданыстағы заңдарға сай меңгерту.
Жоспары:

  1. Халықаралық еңбек көші-қонын құқықтық реттеу шектері

  2. Мигранттардың Қазақстанда жұмысқа орналасу мүмкіндігі

Халықаралық еңбек қатынасы көбінесе халықаралық ұйымы қабылдаған Халықаралық көп жақты Конвенциялармен реттеледі. ҚР-сы 1993 ж. Бастап Халықаралық еңбек ұйымының қатысушысы болды. Халықаралық еңбек ұйымы еңбек мигранттарының және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау жөнінде Конвенция қабылданды. Еңбекші мигранттар туралы Конвенцияға дәлірек тоқталсақ, онда еңбек ұйымына мүше мемлекет заңды түрде мемлекеттің аумағына кірген мигранттарға ешбір нәсілдік, ұлттық, діни, жыныстық белгілері бойынша кемсітпей өз азаматтары пайдаланатын құқықтарды (жалақы алу, жұмыс уақыты, мерзімінен тыс жұмысқа ақы төлеу арқылы т.б.) ұсынуға міндетті. Мигранттарды қорғау жөніндегі Конвенцияны көптеген мемлекеттер жасасты. Мысалы: Алжир, Испания, Греция, Португалия, Турция, Морокко және т.б. Бұл


мемлекеттер сонымен қатар жұмыс күшінің Импорты туралы екі жақты келісім жасасты. Бұл шартта келесі мәселелер қарастырылған:
1. Жұмысшыларды шетелге жіберу мәселелерімен айналысатын мемлекеттердің уәкілетті органдарының мәртебесі қарастырылған.
2. Заңсыз мигранттар.
Мигранттар заңсыз жолмен белгілі бір мемлекетке келсе онда оны шығару тәртібі.
3. Медициналық көмек көрсету.
4. Кіру құжаттарымен жұмысқа орналасуға рұқсат.
5. Жеке еңбек шарты, қандай тілде еңбек шартын қажеттілігінде көрсетіледі.
6. Баспана. Жұмысшыны жұмыс істеуге келген мемлекет баспанамен қамтамасыз ету мүмкіндігі.
7. Юрисдикция. Дау туындаған жағдайда қай елдің құқығы қолданылатындығы.
Халықаралық еңбек ұйымынан өзге көшіп-қонумен айналысатын халықаралық көшіп-қону жөніндегі ұйым құрылды. Халықаралық көшіп-қону ұйымы көшіп-қонуды 3 бөлімге бөледі:
1. Құрылысы. Құжаттарды рәсімдеу, бақылаушы, өткізуші пунктерді ұйымдастыру. Құрылысы миграциялық саясаттану негізгі заң шығарушы базасы болып табылады.
2. Құжаттарды рәсімдеу – паспорт, ұлттық визаны және өзге тұлғаны куәландыратын құжаттарды беру.
3. Бақылаушы - өткізуші пунктер заңсыз мигранттарды ұстауға ықпал жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет