Х. ДосмҰхамедов



бет89/99
Дата08.02.2022
өлшемі227,99 Kb.
#118968
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   99
Байланысты:
enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)

19 - дәріс. Еңбек даулары
Дәріс мақсаты: қажетті материалдарды баяндай отырып, тақырыпты қолданыстағы заңдарға сай меңгерту.
Жоспары:
1.Еңбек дауларының түсінігі және жіктелуі: жеке және ұжымдық.
2.Ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі
3.Ереуілдер
Глоссарий
1. Еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер.
2. ереуіл - жұмыс берушімен ұжымдық еңбек дауында өздерінің әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік талаптарын қанағаттандыру мақсатында жұмысты толық немесе ішінара тоқтату;
3. үстеме жұмыс - қызметкер жұмыс берушінің бастамасы бойынша орындайтын, жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс жұмыс;

Жеке еңбек дауларын келісім комиссиялары және (немесе) соттар қарайды. Жеке еңбек дауларын еңбек дауы тараптарының өтініші бойынша келісім комиссиясы қарайды. Еңбек шартының тараптары жеке еңбек дауын шешу үшін өз қалауы бойынша тікелей сотқа жүгіне алады.


Ұжымдық еңбек дауы – бұл тараптардың арасындағы келесі мәселелерге қатысты туындайтын келіспеушіліктер:
а) еңбектің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын және өндірістік тұрмысты өзгерту немесе еңбектің жаңа жағдайларын белгілеуге қатысты;
ә) ұжымдық шартты, кесімді бекітуге немесе өзгертуге қатысты;
б) еңбек туралы заңдардың талаптарының орындалмауына қатысты.
Талап-арыздық емес даулар жеке де, ұжымдық та сипатта болуы мүмкін. Көп жағдайда ұжымдық еңбек даулары талап-арыздық емес сипатқа ие болады және ерекше т.ртіпте арнайы комиссиялармен (олар туралы төменде айтылады) қарастырылады.
Ұжымдық еңбек дауын еңбек арбитражында қарау. Еңбек арбитражын ұжымдық еңбек дауының тараптары бітімгерлік комиссиясының жұмысы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық немесе өңірлік комиссия мүшелерінің қатысуымен құрады. Еңбек арбитражы мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қараудың тәртібі тараптардың келісімімен белгіленеді. Еңбек арбитражы кемінде бес адамнан құрылуға тиіс. Еңбек арбитражының құрамына қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар мен басқа да адамдар енгізіледі. Еңбек арбитражының төрағасын тараптар арбитраж мүшелері қатарынан сайлайды. Еңбек арбитражы ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауы тараптары өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да мүдделі адамдар өкілдерінің де қатысуымен қарайды. Дауды қарау рәсімін еңбек арбитражы белгілейді және ұжымдық еңбек дауы тараптарының назарына жеткізеді. Еңбек арбитражының шешімі құрылған күнінен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей арбитраж мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Еңбек арбитражы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Шешім дәлелді әрі жазбаша түрде болуға және оған арбитраж мүшелерінің барлығы қол қоюға тиіс. Бітімгерлік комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісіміне қол жеткізілмеген кезде, заң бойынша ереуілдер өткізу тыйым салынған немесе шектелген ұйымдарда, еңбек арбитражы міндетті түрде құрылуға тиіс. Ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек арбитражының шешімін орындауға міндетті болады.
Қызметкерлердің ұжымдық еңбек дауын шешуге қатысты кепілдіктері. Бітімгерлік комиссиясының мүшелері ұжымдық еңбек дауын шешу жөніндегі келіссөздерге қатысқан уақытта орташа жалақысы сақтала отырып, негізгі жұмысынан босатылады. Қызметкерлердің, олардың бірлестіктерінің ұжымдық еңбек дауын шешуге қатысатын өкілдері ұжымдық еңбек дауын шешу
кезеңінде тәртіптік жазаға тартылмайды, басқа жұмысқа ауыстырылмайды немесе солардың өкілдік етуіне уәкілеттік берген органның алдын ала келісімінсіз жұмыс берушінің бастамасы бойынша олармен еңбек шарты бұзылмайды.
Ереуілдер. Егер ұжымдық еңбек дауын қараушы келісім органдары тараптарды келісімге келтіре алмаса немесе жұмыс беруші бітімшершілік процедураларынан бас тартса не кесімді орындамаса, қызметкерлер жиналыстар, митингілер, демонстрациялар өткізуге, тосқауылдарға тұруға, соның ішінде, ереуілдерге шығуға құқылы. Қазақстан Республикасының Конституциясы жұмыс істейтін азаматтардың өздерінің экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғауы үшін ереуілге шығу құқығын жариялайды. Ереуіл – бұл ұжымдық еңбек дауын шешу мақсатында қызметкерлердің еңбек міндеттерін толығымен немесе жартылай орындауын уақытша ұжымдық ерікті түрде тоқтатуы. Жұмыс беруші немесе оның өкілдері қызметкерлердің не олардың өкілдерінің талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда, қызметкерлер ереуілге шығу құқығына ие. Бітімгершілік процедураларына қарағанда, ереуіл – бұл өз талаптарының орындалуына жету үшін қызметкерлердің жұмысты тоқтату жолымен жұмыс берушіге қысым жасауы. Ереуіл ұжымдық еңбек дауын шешуде ең соңғы шара болып табылады. Ереуілдердің негізгі себептері болып өндірістің құлдырауы, жалақы деңгейінің төмендеуі, жалақыны уақтылы төлемеу, еңбек заңдарын бұзу және т.б. табылады. Ереуілдер заңды және заңсыз болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет